Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет11/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49

21 
 
 
оқытушыларының жұмысын талдайды. 
 
       Білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандарын ұйымдастыруын 
және өткізуін жүзеге асырады. 
 
       Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және 
тәжірибеге енгізеді. Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және 
толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте 
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады. Белгіленген 
есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және 
психология негіздерін, қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, 
еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке 
қарсы ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) 
білімі, білім беру ұйымдарындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдардағы басшы 
қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. 
 
 
   Оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары  
 
         Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес 
әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады. 
 
       Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары 
мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-
әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді. 
 
       Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие 
процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады. 
 
       Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-
әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде 
ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту 
технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау 
және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге 
асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-
әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады. 
 
       Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық 
және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру 
және өткізу тәжірибесін қорытындылайды. 
 
       Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер 
мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және 
тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді. 
 
       Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, 
техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті 
құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас 


22 
 
 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және 
психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық 
материалдарды жүйелеу принциптерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен 
тәртіптерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, 
еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке 
қарсы ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымының бейініне 
сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері  
 
         Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-
әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады және талдайды. Техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік 
құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеу 
бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 
беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар, 
оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізеді. Озық 
педагогикалық тәжірибелерді айқындайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-
дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға 
енгізеді, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-
әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. 
 
       Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарды 
ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді. Оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың 
педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы 
құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдарды әзірлеуге 
қатысады. Оқыту бағдарламалар мәліметтерінің ақпараттық банкін құруын, мамандарды 
даярлау сапасының мониторингісін ұйымдастырады. Шеберханаларда және өндірісте 
санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау 
бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды 
қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін, 
педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, 
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың 
негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика, 
еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке 
қарсы ережелері мен нормаларын. 
 
         Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымының әдіскері лауазымда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Әдіскер  
 
         Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын 
ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау