ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
.
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: «Физика және астрономия»
Тақырыбы: «Тұрақты ток заңдары»
Мамандық: 0518000 «Есеп және аудит»
Топ: У – 11
Дайындаған оқытушы:
Усенбаева К.А.
Қарағанды - 2013
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Тұрақты ток заңдары»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып,тұрақты ток заңдарын қайталау. Алынған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп,практикалық біліктілік дағдыларын зертханалық жұмыс жасауда қалыптастыру.
Дамутышылық:
- Электр тізбегін жинауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу және оқушының қисын талғамын арттырып, өз ойларын сауатты қорытындылай білуге үйрету.
Тәрбиелік:
Физикалық тұрғыда ойлануға, өзін - өзі басқаруға, оқу және еңбек дағдыларын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері: зертханалық, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика.
Сабақтың материалды – техникалық көрнекіліктері:
Интерактивті тақта,слайдтар,үлестірмелі қағаздар, видеокөрініс, кодоскоп, кестелер,схемалар, ноутбук, виртуалды зертханалық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру – 1 мин
( өзара амандасу, дайындықты тексеру, сабаққа қатысуын тексеру.)
2. Оқушылардың білімдерін өзектендіру. – 10 мин
( өткен тарау бойынша алған білімдерін музыкалық ноталар арқылы сұрақтар бере отырып тексеру.)
3.Практикалық бөлім –40 мин
(компьютер арқылы зертханалық жұмыс жасау.)
4.Істелінген жұмысты қорытындылау- 14мин
( зертханалық жұмысты қорытындылау.)
5.Бейне сұрақ – 10 мин
( экраннан ток заңдарына байланысты бейне сұрақ бере отырып, теориялық білімдерін практикада шыңдау).
6.Бағалау- 3мин
7.Үй тапсырмасы –2 мин Қайталау 9.1-9.7.
Зертханалық жұмысқа есеп беруге дайындалу.
Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев. Физика. 10класс.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
Балалар,бүгінгі сабақта біз «Тұрақты ток заңдарын» қорытындылаймыз. Сабағымыздың мақсаты ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып,тұрақты ток заңдарын қайталау. Алынған теориялық білімді бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілік дағдыларын зертханалық жұмыс жасауда қалыптастыру.
ІІ. Оқушылардың білімдерін өзектендіру.
Қозғалмайтын электр зарядтары практикада сирек қолданылады. Электр зарядтары бізге қызмет істеу үшін оларды қозғалысқа келтіру керек – электр тогын туғызу керек. Электр тогы үйлерді жарықтандырады, станоктарды қозғалысқа келтіреді, радиотолқындарды туғызады, барлық электрондық есептеуіш машиналарының жұмысын жүргізеді.
Біз зарядталған бөлшектер қозғалысының орташа қарапайым түрінен – тұрақты электр тогын қайталаймыз.
Зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысы электр тогы деп аталады. Электр тоғы еркін электрондардың немесе иондардың реттелген орнын ауыстыруы кезінде ғана пайда болады.
Қазір біз сіздермен өтілген тарауды әндетіп, «Музыкалық ноталар» арқылы еске түсіреміз.
Слайдта көрсетіліп отырған 7 нотаның кез-келгенін таңдаймыз да, ондағы берілген сұрақтарға жауап береміз.
1. «ДО» нотасы. Ток күші дегеніміз не? Ток күші қандай шама?
2. «РЕ» нотасы. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы және
толық тізбек үшін Ом заңының анықтамасын,
формуласын атаңыздар.
3. «МИ» нотасы. Тұрақты токтың жұмысы.Тұрақты токтың қуаты.
4. «ФА» нотасы. Джоуль-Ленц заңын тұжырымдаңыз.
5. «СОЛЬ» нотасы. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші ең
мәнге ие болса да,ток көзінің клеммаларындағы
кернеу неге нөлге жақын?
6. «ЛЯ» нотасы. Токтың әсерлері қалай байқалады ?
7. «СИ» нотасы. Электр тогының бар болуы үшін қажетті шарттар.
Интерактивті тақтада сұрақтармен бірге жауаптары да көрсетіліп отырады.
ІІ. Практикалық бөлім.
Оқушылар «Тұрақты ток заңдары» тақырыбы бойынша виртуалды зертханалық жұмысты орындайды.Енді теориялық білімімізді практикамен ұштастырамыз.
Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Ом заңын анықтау.
Мақсаты: Ом заңын тексеру, тізбектегі тұрақты токтың негізгі жұмыс істеу принциптерін үйрену.
Құрал –жабдықтар: амперметр (100мА), вольтметр (5В), ток көзі 4,5В-қа, реостат, 3 белгісіз кедергі, шам, сымдар.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма
Суретте көрсетілгендей, 50 Ом кедергіні қолдана отырып, тізбекті жинаңдар.
Реостатты орташа жағдайға қойыңдар.
Кедергідегі ток күші мен кернеуді өлшеңдер.
Кедергінің шамасын есептеңдер. Есептеуде ескеріңдер, біз ток күшін миллиампермен өлшедік, ал есептеу формуласында амперге айналдыру керек.
Реостат жағдайын өзгертіңдер.Тағы да ток күші мен кернеуді өлшеңдер.
Кедергідегі ток күші мен кернеуді өлшеңдер.
50 Ом кедергіні 100 Ом-ға ауыстырыңдар және өлшеуді қайталаңдар.
-
|
№
|
U, B
|
I, м A
|
R= U/I, Oм
|
Roр., Ом
|
R1
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
2-тапсырма.
Әр түрлі кернеуде алынған, кедергінің көрсеткіштерін салыстырыңдар және қорытынды жасаңдар.
3-тапсырма.
1.R1= 50Ом, R2= 100Ом кедергілерді қолдана отырып, суретте көрсетілгендей тізбекті жинаңдар.
2.Амперметр арқылы ток күшін, А және В нүктесі арқылы кернеуді өлшеңдер.
3. R3 кедергісінің эквивалентті шамасын есептеңдер.
Rэ = R1 +R 2
Жауабы: R3 =............Ом
4-тапсырма.
1.R1= 50Ом, R2= 100Ом кедергілерді қолдана отырып, суретте көрсетілгендей тізбекті жинаңдар.
2.Амперметр арқылы ток күшін, А және В нүктесі арқылы кернеуді өлшеңдер.
3. R4 кедергісінің эквивалентті шамасын есептеңдер.
Rэ = R1 *R 2 / R1 +R 2
Жауабы: . R4 =........Ом
5-тапсырма.
Тізбектей және параллель жалғауда кедергінің көрсеткіштері қалай өзгеретіндігі туралы қорытынды жасаңдар.
V. Істелінген жұмысты қорытындылау. Зертханалық жұмысты бітірген соң қортынды жасалады.
Зертханалық жұмыс жасай отырып теориялық білімімізді практикада шыңдадық, ал енді логикалық ойлау қабілетімізді әрі қарай дамытайық. Сапалық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне : салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сапалық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарылауына, саналы қабылдауына жетелейді. Сондай-ақ, физика заңдарын, құбылыстарды, постулаттарды тез естеріне түсіріп, шығармашылықты, мұқияттылықты, кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады.
Экранға назар аударамыз.
V. Бейне сұрақ.
1.Электр шамының көбінесе ток көзіне қосу мезетінде жанып кететіні неліктен?
2.Суретте бірдей үш шам сызбанұсқа бойынша қосылған. Әр шамға есептелгендей кернеуі бар тізбекке қосқанда шамдар қалай жанады? Егер осы шамдарды рет-ретімен бір-бірлеп: а) өшіріп отырса; ә) қысқа тұйықтаса, олардың әрқайсысының қызуы қалай өзгереді?
3.Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді? 4.Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
5. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды. Неге?
Бүгін біз «Тұрақты ток заңдарын» қорытындыладық.Осы заңға байланысты формулалар, анықтамалар және виртуалды зертханалық жұмыстарды жасай отырып осы тарауды толық меңгердік. Сабақ осымен бітті.Сендерге көп-көп рахмет!!!
VІ. Бағалау.
VІІ.Үй тапсырмасы: Қайталау 9.1-9.7.
Зертханалық жұмысқа есеп беруге дайындалу.
Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев. Физика. 10класс.
Оқытушы: Усенбаева К.А.
Достарыңызбен бөлісу: |