99
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ КӨМЕГІМЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ
ОҚУ-ТƏРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Кенесбаев C.М.
п.ғ.д., профессор,
педагогика жəне психология институтының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ
Махметова А.А
Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа: Мақалада жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен мүмкіндігі шектеулі оқушыларды
үйден оқытуды ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып оқушының назарын бір бағытқа
шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға
мүмкіндіктің бар болуын, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа компьютерлік техно-
логиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мəселеге өз
деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық
ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет екендігі туралы айтылған. Мүмкіндігі шектеулі бала-
ларды оқыту үшін олардың өмір жағдайына сəйкес жəне олардың əлеуметтік бейімделулеріне пайдалы
болатын мазмұнды таңдау керек.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату
арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жаб-
дықталған тренажерлердің қажеттілігін, мұндай тренажерларды дербес компьютерлерге қосып, оқушы-
лардың қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасауға болатындығы туралы
жазылған. Мұғалім мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жасау барысында оның жеке ерекшелігін
ескере отырып, барлық мəліметтерді сабақта іс-жүзіне асыруға міндетті емес екенін ұмытпағаны абзал.
Кілттік сөздер: Мүмкіндігі шектеулі балалар, қашықтықтан оқыту, компьютерлік технология.
Ключевые слова: Дети с ограниченн ыми возможностями, дистанционное обучение, компьютерная
технология.
Key words: children with disabilities, distance learning, computer technologies.
Елбасының дəстүрлі əрбір жылғы Жолдауында маңызды мəселелердің бірі ретінде – қоғамның ең
бір əлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты
қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.
Қоғамда болып жатқан əлеуметтік мəселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар
жүйке жүйелері бұзылған, əртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар жас ерекшелігі əртүрлі бала-
лардың көбеюіне əкеліп соқтырып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен ұй-
ымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (əртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының на-
зарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген бел-
сенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, əсіресе тірек-қимыл
жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім
беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз
етуге болады.
Мемлекетіміздің əрбір азаматы – ұлттық құндылық, əрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек,
əрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау
міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарыла-
уы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз
қажет.
Үйден оқытылатын жəне мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеу тілі бұзылған
оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты
дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет.
Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ой-
ын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа компьютерлік технологиялар көме-
гімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мəселеге өз деңгейінде
толыққанды назар аударылмауы арасында, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық
100
ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қаты-
настық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесіпедагогикалық шарттарбойынша құрылуы
қажет:
білім беру үдерісіне қатысушылардыəлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
білім сапасының жоғарылауына əсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына
жағдай жасау.
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
дəстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы
білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, əлеуметтік бейімдеу жəне оларға жалпы білім
беру үшін арнаулы педагогикалық əдіс-тəсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологиялары-
ның элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне
бейімділігі;
жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы
жағдай жасау.
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тəрбиеленіп жатқан отбасының жағдай-
ына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина жəне педагогикалық қызметкерлердің на-
зарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі
бала тəрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық
ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отба-
сының кез-келген əлеуметтік-психологиялық мəселесінің шешілуіне əсерін тигізеді. Шындығында да,
ауру баланың əр-түрлі қиындықтарына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда
біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның əлеуметтік жəне экономикалық статусына
кері əсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың
бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз əсер етіп, оның психика-
сының ауытқуына əкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тəжірибесі
оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын жəне кейінгі тағдыры осыған байланысты анықтала-
тынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психика-
лық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту
мен тəрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол
тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қамтамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен
қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тəжірибесін мең-
геруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау жəне қалыптастыруға бағытталған болуы
керек [3].
Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың жəне қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті
күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға жəне əлеуметтік қызметкерлерге сеніммен,
үмітпен қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы
да мүмкін. Ал олардың басы əр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.
Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соның ішінде үйден
оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі, олар:
əлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым-қатынастың азаюы.
эмоциалық депривация-қоршаған ортамен қарым-қатынаста эмоцияның əлсіз көрінуі, айналаны
енжар сезінуі;
сенсорлық депривация- балаға əсерлердің əр түрлілігі жəне қабылдау қабілетінің төмендеуі.
Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретіде жетілуінің маңызды саласы болып
табылады. Сондықтан, оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында ойлау қабілеттілігін
жүзеге асыру тəсілдерін үйретіу қажет, яғни:
баланың жеке дара қасиеттерін ескере білу.
Достарыңызбен бөлісу: |