Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет1/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62


БІЛІМ БЕРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: 
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПАРАДИГМАСЫ
Бiлiктi ғалым, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар 
Академиясының академигi, педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Сыздықов Омар Сыздықұлының 80 жылдық мерейтойына арналған 
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы
www.sdu.edu.kz
22 cəуір, 2016 жыл


Жинаққа Сулейман Демирель атындағы университетінде 2016 жылдың 22 сəуірінде бiлiктi ғалым, 
ұлағатты ұстаз, ҚазССР-ына «Еңбек сіңірген рационализатор», А.Г. Неболсин атындағы Халықаралық 
сыйлықтың лауреаты (Санкт-Петербург), Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының акаде-
мигi, ҚР БҒМ білім беру саласының «Құрметті қызметкері», «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы», 
педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Сыздықов  Омар  Сыздықұлының 80 жылдық  мерей-
тойына арналған «Білім беру стратегиясы: тұлғаны қалыптастыру парадигмасы» тақырыбында өткен 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары еніп отыр. Кітапта білім беру мазмұны 
мен кəсіптік-техникалық білім саласының өзекті мəселелері қамтылған. Жинақ ЖОО магистранттары 
мен тəлімгерлерге, жас ғалымдар мен педагогтарға, жалпы ғылыми қауымға арналған.
ƏОЖ 
КБЖ 
Б 
СҮЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҰСЫНҒАН
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Сейткулов Н.А.  педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Сулейман Демирель атындағы университетінің 
ғылыми істер жөніндегі проректоры;
Гаипов Д. – педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор, 
Сулейман Демирель атындағы университетінің 
«Филология жəне педагогика ғылымдары» факультетінің деканы 
ЖАУАПТЫ РЕДАКТОРЫ:
Еркінбай Ұ. – филология ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор, 
Сулейман Демирель атындағы университеті
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕКДАКТОРЫ:
Серікбай Ш. – Сулейман Демирель атындағы университеті 
Ғылым департаментінің Бас маманы
БІЛІМ БЕРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПАРАДИГМАСЫ / 
Бiлiктi ғалым, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының 
академигi, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сыздықов Омар Сыздықұлының 
80 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 
материалдарының жинағы. – Алматы: ???????????, 2016. – 200 бет.
ISBN
ƏОЖ 
КБЖ 
Б


3


4
ӨМІРДЕРЕК
Cыздықов Омар 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1963жылы 
Ташкент политехникалық институтын тəмəмдаған.
1959-1963 ж.ж. Кентау Экскаватор зауытында цех бастығы, ал 1963-1969 ж.ж. Ащысай түсті металл 
комбинатында əртүрлі инженерлік қызметтер атқарды.
1969-2005  ж.ж.  Қ.И.Сəтбаев  атындағы  Қазақ  Ұлттық  техникалық  университетінде  оқытушы,  аға 
оқытушы, доцент, профессор болып істеді. Сонымен қатар 1991-2001 жылдары университет кəсіподақ 
комитетінің мүшесі болды.
1974-1979 ж.ж. басшы қызметтер атқарды, соның ішінде, Алматы металл өңдеу зауытының дирек-
торы болды.
1987 жылы Мəскеу болат жəне қорытпалар институтының ғылыми Кеңісінде кандидаттық диссер-
тациясын қорғады. Ал, 2002 жылы Абай атындағы АлМУ-дың ғылыми Кеңесінде докторлық диссерта-
циясын қорғап, 2003 жылдан бастап сол Кеңестің мүшесі болды.
2005 жылдың 1 ақпанынан бастап Сыздықов Омар Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың шақыруы бой-
ынша Түркістан қаласына көшті. 2006 жылдың 1 қыркүйегінен «Кəсіптік оқыту технологиясы» кафед-
расының меңгерушісі қызметін атқарды.
2008-2010 ж.ж. Астана қаласында педагогика ғылымдарының докторлық диссертация қорғалатын 
ОД 14.50.09 Кеңес мүшесі болды.
Қазіргі кезде Омар Сыздықұлы елімізде жəне шетелдерде танымал ғалым. Кəсіптік педагогика са-
ласының негізін қалаушылардың бірі. Ол екі ғылым докторын жəне он ғылым кандидатын даярлады. 
О.Сыздықов 300-дей ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 30 оқулық пен оқу құралдары. «Кон-
струкциялық материалдар технологиясы», «Соғу жəне штамптау технологиясы», «Ұсталық штамптау 
өндірісінің цехтарын жобалау» атты қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған көлемді оқулықтарын жəне 
«Токарь ісінің негіздері» оқулығының үлкен таралыммен басылуын ерекше атауға болады. Сол сияқты 
Омекең 2000 жылы «Рауан» баспасында алғаш рет жарық көрген қазақша-орысша, орысша-қазақша 
көптомдық  терминологиялық  сөздіктің 7-томының, 2007 жылы  «Мектеп»  баспасында  шыққан  жəне 
2014 жылы екінші рет Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт Министрлігі Тілдерді дамыту 
жəне қоғамдық саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді 
дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында толықты-
рылып «КАЗақпарат» баспа корпорациясында, Алматы, 2014 жылы жарық көрген Қазақ тілі термин-
дерінің  салалық  ғылыми  түсіндерме  сөздігінің  авторы.  Қазақ  Совет  энциклопедиясы  мен  Қазақстан 
Ұлттық энциклопедияларында О.Сыздықовтың көптеген ғылыми мақалалары жарияланған. 
Сыздықов Омар – техника ғылымдарының 
кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Указымен 
ҚазССР-ына «Еңбек сіңірген рационализатор», 
Халықаралық ақпараттандыру академиясының 
толық мүше-академигі, ҚР Педагогика ғылымдары 
академиясының академигі, А.Г. Неболсин атындағы 
(Санкт-Петербург) Халықаралық сыйлығының  
Лауреаты


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау