Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет52/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62

105
қабілеті мен эстетикалық талғамдарын арттыруда септігін тигізетін эстетикалық тəрбиенің қоғам та-
лаптарына сай болу жағы талаптануда. 
Ұлттық  бағыттағы  оқу  материалдары  адамның  рухани  өміріне  тұтастай  əсер  етіп,  оқушылардың 
эстетикалық  талғамын  арттыруда  септігін  тигізетін  мектепте  өтілетін  «Технология»  пəнінің  өзіндік 
маңызы зор деп санаймыз. Өйткені, кез-келген мектеп оқушысының таным түсінігі, ой сезімі, талға-
мы, эстетикалық сезімге бой ұрдырмай тұра алмайды. Жалпы адам баласының жаны сұлулыққа құмар 
тұрады, олар кез-келген заттың түр-түсін, пішінін табиғат сұлулығымен салыстыра отырып үлкен мəн 
береді. Осы бағытта өнер адамның жанын, оның рухани байлығын арттырып, ойын тазартып, ізгі мақ-
сатына жетелейді, яғни биік тұлғаны қалыптастырады деп атап өткен [1].
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық мектептердің рөлін күшейте отырып, 
ол  мектептерде  білім  алып  жатқан  жастарға  білім  мен  тəрбие  ісін  үздіксіз  жетілдіре  түсу.  Еліміздің 
өсіп келе жатқан жас жеткеншек ұрпақтарын қоғам талабына сай білім алуға құштарлығын арттыру, 
өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жүйелі қалыптасқан азамат етіп тəрби-
елеуде мектептің алатын орны айрықша болып саналады деп түсіндіреді [2].  
Өйткені,  қазіргі  таңда  мектеп  қоғам  дамуындағы,  əлеуметтік  талаптармен  тығыз  байланысты  да-
мып, толықтырылып келеді.Дегенмен мектеп өмірі балаға жаңа əлемнің есігін ашып оқушы бойындағы 
рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. 
Мектеп – тəрбиенің сай – саламен, күрделі мəселелеріне терең бойлауға бастайтын күнделікті тұр-
мыста  кездесетін  еңбек  дағдыларымен  олардың  сабаққа  деген  қызығушылықтарын  арттыру  арқылы 
баланың жан дүниесіне əсер ететін білім мен тəрбиенің алғашқы баспалдағы.
Ал бүгінгі мектеп, оқушы бойындағы білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының негізгі баспалдағы 
болып  табылады.  Ал  мектеп  пəндерінің  қай  қайсысы  болмасын  болашық  маманға  мектеп  табалды-
рығынан белгілі ғылыми пəндердің негізгі білімдерін толықтырумен қатар, қазақ халқының кез-келген 
ұлттық бұйымдарын жасату арқылы олардың бойынша ұлттық сезімдерін қалыптастыра білуіміз керек 
деп түсіндіреді [3].
Əрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері бар, олар халқымыздың ұлттық қолөнері арқылы өз балала-
рының бойына эстетикалық талғамның қалыптасуы, шығармашылық іс-əрекетінің дамуы ата-анасы-
ның іскерлігінен, жауапкершілігінен туындайды. Мысалы ертеден кешегі күнге дейін, қыз балаларды 
аналары қолөнердің кең тараған түрлері – кілем тоқып, сырмақ сыруға, құрақ құрауға, кесте тоқуға, 
басқада да əртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, киім үлгілерін тігіп үйренуге мектепсіз-ақ бау-
лып отырған. Бұндай өнер туындыларын жасау біріншіден ерекше талғампаздықты, икемділікті, жоға-
ры эстетикалық талғамды талап етеді.
Қыз баланы анасы тек өмір сыйлаумен ғана емес ол өзінің бар білгенін өз ұрпағын адамгершілік қа-
сиеттерге баули отырып, ұстамдылықты, сабырлылықты, төзімділікті, өмірде кездесетін қиыншылық 
атаулыны қажырлылықпен жеңе білуге баулып отырған. Сондықтан, бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі 
болашақ  маманның  бойыннан  мына  төмендегідей  ұлттық  құндылықтар  қалыптасып  еңбек  тəрбиесі 
мынандай мақсаттарға бағытталады: 
1-кесте  Мектеп  оқушыларын  еңбек  тəрбиесіне  баулу  арқылы  халықтық  педагогика  негізінде 
ұлттық қолөнерге баулу


106
Бүгінгі күнгі нарықтық экономикалық жүйедегі қоғамдық тапшылықты сылтау ете отырып, халқы-
мыздың көнеден жалғасын тауып келе жатқан ұлттық қолөнеріміздің қайсысын болса да үйретуге бар-
лық атананың ниеті жоқ. Тек дайын бұйымды сатып алып, одан қалды еуропалық мəдениетке еліктеу 
жағы басым-рақ болып кеткен баршамызға аян. Балдарымыз өзі өскенде өзі үйреніп алады, мұқтаж бол-
са сатып алады деген сылтаумен бас тартады. Бір жағынан кешегі əрбір үйдің төрінен табылатын əрбір 
қолөнерімізді бүгінгі шетелден келген кілем, палас секілді бұйымдарымыз басып кеткен. Киім-кешек 
болса да көбейген деп түсіндіреді [4]. 
Сондықтан, оларды қолдан тоқып, тігіп не керегі бар деген əрбір атана солай ойлайды. Ал бүгінгі 
күні халықтық педагогиканы сəндік қолөнеріне негіздей отырып, жас ерекшеліктеріне қарай ер бала-
лар мен қыз балаларға тəн халқымыздың тəлім тəрбиесін, салт-дəстүрін жаңғыртып, дамыту қажет деп 
есептейміз. Дегенмен, көне тарихқа көз жүгіртсек, қазақ жастарына өткен ғасырдың басында-ақ мектеп 
қабырғасынан ұлттық қолөнерге баулу арқылы білім беру мəселесінің ғылыми негізін қалаған тұңғыш 
ағартушы Ы.Алтынсарин екендігін атап өткен [5]. Ол мектептерде қазақ балаларын ағаш ұсталығына, 
былғарыдан бұйымдар дайындауға үйрету, ал қыз балаларға қарапайым халықтың тұрмысына керекті 
киім тігу, өрмек тоқу, киіз басу, кілем тоқу сияқты əйелдер істейтін жұмыстарды үйретуге ерекше мəн 
беріп, қол өнеріне баулитын тұңғыш мектеп ашты. Кезінде бастау алған Ы.Алтынсариннің еңбек тура-
лы пікірлері, идеялары қазігі біздің экономикалық жағдайда қойылатын талаптарымен сəйкес келеді. 
Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның «Біз 
өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам – шын бақатты адам» дегені соның 
нақты айғағы.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда мектеп оқушыларын ұлттық қолөнерге оқытудың өзіндік бағыт-бағда-
ры жүйеленіп, қалыптасып келеді. Жастарды сəндік өнерге бейімдеп оқыту мен тəрбиелеу білім беру 
мазмұны мен оқыту формасы жəне əдістері байытылып ұлттық қолөнерге қызығушылықтарын артты-
ру шаралары жаңаша түрде ұйымдастырылуда. Тек қана оқушыларды еңбекке баулып тəрбиелеудегі 
негізгі мақсат- баланың толық білім алуына ықпал жасау арқылы шығармашылық ізденіс қажет етіледі. 
Сондықтан да бүгінгі күні ұлттық мектептегі технология сабақтарын оқыту жағдайында ең алдымен 
дəстүрлі халықтық қолданбалы өнерімен тереңінен таныстыруды қажеттейді. Өйткені, технология са-
бақтарында сəндік –қолданбалы өнер тапсырмаларын орындағанда, оқушылыры ұлттық қолөнер түр-
лерімен таныса отырып, олардың ұлттық дүние танымының кеңейе түсуіне септігін тигізеді.
 
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Ж.Күнпеиіс.Технология пəнін оқытуда бастауыш сынып оқушыларынығ дүниетанымын қалыптастырудың 
негіздері. Монография.Түркістан 2011 ж.
2.  Ə.Құтпанбаев,Е.Райымжанов. Еңбекке баулу жəне ұлттық тəрбие. Көмекші құрал. Алматы-2001.Ы.Алтын-
сарин атындағы қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті.
3.  М.Булақбаев. Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика материалдары арқылы еңбекке баулу. Педаго-
гика ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысы. - Ал-
маты. 2004.
4.  Ж.Күнпеиіс. Бастауыш сыныптарда этнопедагогика материалдары арқылы оқушылардың дүниетанымын 
қалыптастыру. Технология пəнін оқытуға арналған көмекші құрал. Алматы, «Дарын» баспасы. 2007.
5.  Қ.Қ. Шалғынбаева. Қазақ халқының еңбек тəрбиесі дəстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану 
тұжырымдамасы. Алматы. 2008.


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау