210
Бүгінгі күнгі отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар өзгешелігі – олар дарынды да
алғыр. Тіпті жаңа туған балалардың өзінен ерекшелік байқауға болады. Бұрын балаларда
туыла сала көз тоқтату ерекшелігі байқалмайтын. Қазіргі балалардың көпшілігі, туыла
салысымен көз тоқтатып қарайды, тіпті дыбысты естиді. Бұрын балалар үш айлығында
күлетін болса, қазір екі айлығында күледі. Осындай құбылыстарды байқасақ та байыпты,
сабақтасты мән бере бермейміз.
Бүгінгі күні ғалымдарды қызықтырып жүрген мәселе «Индиго балалар» ұғымының
мәні. Бұл туралы ғалымдар: Индиго балалар - жаңа заманның символы іспеттес. «Индиго» -
қанық көк түс деген ұғымды береді. Жаңа санадағы осы балалардың денесінен бөлінген күш
пен шашылған сәуле (аура) осындай көк түсті. Сондықтан «индиго балалар» деп аталады.
Бұл балалар көпшілігі ақыл-ой, дарын мен талант иелері. Көптеген зерттеушілердің пікіріне
сүйенсек, қазір 12-14 жасқа дейінгі балалардың 90%-ы Индиго тобына жататын балалар.
Қазіргі психология үшін әдеттен тыс құбылыс саналып келген бұл балалар бір атаумен
аталғанымен, іс-әрекеттері мен мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі. Олар мынадай:
- өзінің басқалардан ерекше екендігіне күмәнданбайды;
- таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекетін түсіндіріп жатпайды;
- әдеттегі көпке ортақ талаптарды орындағысы келмейді, шыдамы жетпейді (кезекте
тұру т.б.);
- оның шығармашылығына қатты қысым жасай бастасаңыз әрекетінен жаңылыса
бастайды;
- өзінің басқаша мүмкіндігінің бар екендігін біледі және соған сенеді;
- 3-4 жастағы балаға компьютермен жұмыс істеу сәті түссе,
оны меңгеріп кетеді;
- үлкендер тарапынан жиі көңіл бөлінбесе тұйықталып қалады;
- тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертпелерге көңіл аудармайды.
Индиго балалардың - гуманистер, концептуалистер, суретшілер, барлық жағынан
ерекше өмір сүрушілер деп аталатын төрт түрі белгілі. Міне, осындай балалармен
жүргізілетін жұмыстар да, әдіс-тәсілдер де бүгінде ерекше, әрі жаңаша болуға тиіс. Олай
болса, мұғалімдер осындай балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге қаншалықты дайын? Ата-
аналар туралы тіпті айтудың қажеті жоқ.
Енді осындай ерекше балалармен жұмыс істеу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру,
ата-аналарға қандай да бір кеңес беру оңай емес.
3-тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік рөлі. Бүгінде қазақ
балаларының психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола
бастады. Ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспеу, тіл алғыштық және т.б.
қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажетті
көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға
ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам
талаптарына айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан-жақты дамып жетілуі үшін тәрбие
институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.
4-тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тенденциясы Бүгінде отбасы
мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары
сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы
мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие
жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Отбасының даму тенденциялары
бүгінгі нарықтық қатынас ықпалынан туындап отырғандығы белгілі. Осы тенденциялар
оқушыларды қоғам талаптарына сай қалыптастыру мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуде
басшылыққа алатын бірнеше қағидаларды айқындауға мүмкіндік береді. Я.А. Коменский
отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп
санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейдегі білімділігін талап
етумен қатар тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс-тәсілдерінен хабардар болуына
байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі «Ана мектебі» жүйесіне енді. Осыған сәйкес