Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет9/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   176

19 
 
ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  және  жалпы 
адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасау»  -  деп  атап  көрсеткендей,  қазіргі  кезеңде  әрбір  мұғалімнің  алдына  қойып 
отырған басты міндеттерінің бірі  - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және 
жаңа педагогикалық технологияны меңгеру 
Әлем  жылдам  өзгеруде.  Қарқынды  өзгеріп  жатқан  әлемде  білім  саласындағы 
азаматтардың алдына үлкен жауапкершілік тұрғаны баршаға мәлім.  
Заман  көшінен  қалмай  өзінің  келешегі  болған  ұрпақтары  бойында  ұлттық 
құндылықтарды жоймай керісінше жандандыра отырып білім нәрімен сусындатқысы келетін 
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қызметкерлеріде қазіргі таңда аталған жүйеде 
үлкен  өзгерістер  жасауда.  Соның  бірі  мұғалімдер  біліктілігін  арттыру  курстарының 
деңгейлік  бағдарламалары.  Бұл  біліктілікті  арттыру  курстары  әлемнің  озық  үлгідегі  білім 
беру тәжірибелерінен жинақталған. 
Олай  болса  «Мен  еш  уақытта  өз  оқушыларыма  еш  нәрсе  үйретпеймін  –  тек  қана 
олардың  оқуы  үшін  жағдай  жаратамын»  –  деген  Альберт  Эйнштейін  бастамасын  назарға 
ұстаған  бұл  оқыту  үдерісінде,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуына  жағдай  жасау  негізгі 
мақсат болып есептеледі.  
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып 
тіреледі. Мектебімізді таза берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетіндей негізде құра 
білсек  келешегіміз  үшін  тайынбай  серттесуге  болады»  –  деп  халық  данасы  Мағжан 
Жұмабаев айтқандай біз өз мектебімізді өз жанымыздан алыстатпай ұлт құндылығын сақтай 
отырып  өзгенің  жақсысымен  жапсарластыруымыз  қажет.  Бұл  әрине  қиыннан 
қиыстырылатын қиын шаруа. Дегенмен Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың дәстүрлі халыққа 
жолдауындағы  «Алдағы міндет  – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа 
сеніммен қарау, экономикасы дамыған жаһандану кезінде кез келген қауіп қатерге төтеп бере 
алатын, алпауыт мемлекеттердің қатарына ену» – деген ұранды жолдарды басшылыққа алған 
білім  қызыметкерлері  үлкен  істі  қажырлылықпен  басатап  жіберді.  Бұл  іске  елбасының 
тағыда  мынадай  жолдары  бастама  болды  деуге  болады.  Оның  «Бүгінде  халық  аралық 
стандарттар  негізінде  Назарбаев  университетеі  мен  зияткерлік  мектептер  табысты  жұмыс 
істеуде. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім 
беру  мекемелерін  солардың  деңгейіне  тарту  қажет.  Оқу  жастарға  тек  білім  беріп  қоймай, 
сонымен бірге оларды әлеуметтік тұрмыстық  бейімделу үрдісінде пайдалана білуге үйретуі 
тиіс» – деген жалынды сөздері дем бергендей. 
Білім  –  болашақ  бағдары,  кез-келген  оқу  орынның  басты  міндеттерінің  бірі  –  жеке 
тұлғаның  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет  –  оқушының  жеке  және  қоғам  талаптарын 
қанағаттандыру  мақсатындағы  табысты  іс-әрекетіне  қажетті  білім  дайындығына  әлеуметтік 
тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім 
нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, 
сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияның 
мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану  қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті  құзіреттіліктері  – 
білім  берудің  жаңа  нәтижелері.  Құзіреттілікті  оқушының  пән  бойынша  игерген  білім, 
білігінің  жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу  нәтижесінде  өзгермелі  жағдайда 
меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  алу  қабілеті  болып  табылатын  жаңа 
сапа. 
Өз өміріме үнемі ұлылар өсиеттерін ұран қып жүретін менде Абай атамыздың «сенде 
бір  кірпіш  дүниеге,  тетігін  тапта  бар  қалан»  –  деген  ұлы  сөзін  арқау  етіп  жас  кезімде 
ұстаздық  мамандығын  таңдаған  болатынмын.  Ушинскидің  «Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз 
көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігіде жойылады» 
– деген көрегенді сөзінен үлгі алып өз білімімді үнемі жетілдіріп отыруға тырысамын.  
Осы  орайда  2013  жылы  сәуір  айының  8-і  мен  шілде  айының  5-іне  дейінгі  аралықта 
менде  Талдықорған  қаласындағы  Назарбаев  атындағы  зияткерлік  мектебіндегі 


20 
 
педагогикалық шеберлік орталағында ІІ- деңгей бағдарламасы бойынша курстан өттім. Курс 
сынағын  тапсырып  тиісті  құжаттарды  алғаннан  кейін  алдымда  қиын  да  күрделі  міндеттің 
тұрғанын  сезіндім.  Өйткені  мен  20-жылдық  іс-тәжірибемді  түбегейлі  өзгертуім  тиіс. 
Оқушыларға  жаңа  форматтағы  білім  беруім  керек,  нақтырақ  айтқанда  оқушыларға  дайын 
білімді бермей олардың өздігінен білім алуына жағдай жасауым қажет. Биылғы оқу жылында 
да  сабақ  жаңаша  ұйымдастырылады.  Сабақ  барысында  қалай  оқу  керектігін  үйренуде 
(метатану) ынтымақтастық оқыту жоспарланады.  
Топтық,  жұптық  жұмыстарды  ұйымдастыра  отырып  жеке  тұлғаның  қалыптасуына 
әсер етуім қажет. Сабақтарда түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануым керек. Өзімінің 
кәсіби  дамуымды  жүзеге  асыру  үшін  алдағы  атқаратын  жұмыстарыма  жалпы  жоспар 
жасадым. Жоспар бойынша ең алғаш мектеп әкімшілігін бағдарламаның негізгі идеяларымен 
таныстырдым,  әріптестермен  кездестім  олармен  жаңалықтарыммен  бөлістім.  Жыл  басынан 
бастап  жүктеме  бойынша  бекітілген  сыныптарымда  сабақтарды  жаңа  әдіс-тәсілдерге 
негізделген  қысқа  мерзімді  жоспарлармен  жүргіздім.  Қысқа  мерзімді  жоспар  табысты  оқу 
мен  оқытуға  бағытталады.  нақтырақ  айтқанда  Блумның  «толық  меңгерту  теориясындағы» 
зерттеушілік таксономиясы негізінде жасалды.  
Сабақтарды  жайлы  атмосфера  қалыптастырумен  бастадым.  Оқушыларды  түрлі 
әдістер  арқылы  топқа  (жұпқа)  бөлуді  ұйымдастырдым.  Топ  ережесін  ескере  отырып 
ынтымақтастық  оқуды  қалыптастырдым.  Сабақ  мақсатын  оқушыларға  қойдыру  үшін 
жетелеуші  сұрақтар  (ашық,  жабық  сынақтан  өткізу)  түрлерін  пайдаландым.  Міндеттерді 
бірлесе  талқылай  отырып  назарларын  табыс  критерилеріне  аударуға  тырыстым.  Өйткені 
оқыту  мен  оқу  нәтижесі,  тапсырмаларды  орындау  арқылы  алынған  білім  табыс  критерийін 
білгенде ғана айқындалмақ.  
Сабақ мақсаты мен міндеті айқындалғаннан кейін, топта, жұпта түрлі жұмыстар (білу) 
ұйымдастырылды.  Бұл  жұмыстар  сындарлы  оқыту  теориясына  негізделеді,  өйткені  оқушы 
бұрынғы  білетіндерін  жаңғырту  арқылы  бүгінгі  білімді  жүйелі  ұштастыру  керек.  Ыстық 
орындық,  тілші  сұхбаты,  хаттар  келгенде  т.б  әдістер  арқылы  үй  тапсырмаларына  шолу 
жасаймын.(Түсіну)  Жаңа  тақырыпты  меңгеру  немесе  оқулық  пен  жұмыс.  (Қолдану)  Оқу 
арқылы  алынған  ақпараттар  топ  және  жұп  мүшелерінің  қатысуымен  талқыланады.(Талдау) 
Одан  әрі  ең  маңыздылары  іріктеліп  өңделеді.  (Жинақтау)  Постер,  кластер  жасау  немесе 
диалогты оқыту арқылы өңделген ақпараттар өзге топ мүшелерімен алмастырылады (постер 
қорғау, жигсо, мозайка, т.б.).  
Ендігі 
кезекте 
жиналған 
ақпараттар 
қорытындылынып 
бекітіледі. 
Яғни 
критерйлермен  жұмыс.  Әр  оқушы  бүгінгі  сабақтан  түйгендерін  жинақтап  белгілейді. 
(бағалау) Алынған білімнің өмірлік маңызын балауға жұмыс жасайды. Көбіне бұл тапсырма 
шығармашыл  оқушыларға  беріледі.  Жаңа  форматтағы  жүргізілген  бір  сабақтың  қысқа 
мерізімді жоспары осындай тізбекпен жүзеге асқанымен оның өзі үлкен үш блокқа бөлінеді:  
1) ой шақыру; 
2) мағынаны тану; 
3) ой толғаныс.  
Алынған  білімнің  нәтижесін  оқушылар  құрдастары  арқылы  және  өз-өзін  бағалайды. 
Соңынан топ басшылары топ жұмысын бағалайды. Бұл бағалаулар формативті түрде болады, 
өйткені  бұл  білім  алу  үшін  жасалған  еңбек  және  іс-әрекет,  осыларды  ескере  отырып 
қалыптастырушы  бағалар  мұғалімнің  көмегімен  оқушының  білім  деңгейінің  нәтижесі  үшін 
қойылады. 
Жаңаша  ұйымдастырылған  сабақ  төменде  келтірілген  жеті  модульдің  өз-ара 
ықпалдасуымен ұйымдастырылған жағдайда нәтижелі болмақ. Олар: 
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог негізінде оқу мен оқыту, қалай 
оқу керектігін үйрену, ЖАДА, топтық және жұптық талдаулар т.б). 
2. Сын тұрғысынан ойлау (алған білімдерін саралай алуы, шынайылықты салыстыра 
отырып ажырату, өмірдегі мәнін ұғыну, тұрмыстық әлеуетте пайдалану). 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау