Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет7/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176

15 
 
4. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. - М.:Центр « Педагогический поиск», 2000.- С.88. 
5. Шапоринский С.А. Обучение и научное познание.- М.: Педагогика, 1981.- С.3. 
6.  Бабанский  Ю.К.  Об  актуальных  проблемах  совершенствования  обучения  в 
общеобразовательной школе / Жур. Советская педагогика, 1979. - № 3 - С. 15. 
7. Занков Л.В. О начальном обучении.- М., 1963.- С. 20. 
8.  Эльконин  Д.Б.  Интеллектуальные  возможности  младших  школьников  и  содержание 
обучения. - В кн.: Возрастные возможности усвоения знаний (младшие классы школы).- М., 
1966.- С. 50. 
9. Педагогика / Под ред. Груздева П.Н. - М., 1940. 
10. Основы дидактики / Под ред. Б.П. Есипова - М., 1967. 
11. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. - М., 1980. 
12. Баранов С.П. Сущность процесса обучения.- М.: Просвещение, 1981.- С. 22. 
13. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игры и 
дискуссии. (Анализ зарубежного опыта) - Рига, НПЦ «Эксперимент», 1995.- С.4-5. 
14. Брайан С. Общество и образование. – М.: Прогресс, 1989. 
15.  Ошибки  в  определении  приоритетов  развития  образования  //Жур.  педаг.  2005,  №  6  .- 
С.13. 
16.  Цырлина  Т.В.  Авторская  школа:  варианты  эффективного  управления-  М.:  «Сентябрь», 
1995. - С.8-9]. 
17. Краевский В.В. Проблемы научного обоснования обучения (Методологический анализ)- 
М., 1977. - С.50-51. 
18. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения.- М.: «Педагогика», 1986 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
ҮӘЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН  
БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІ 
 
Алимова А.Е. 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке 
дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 
zhanar.umb@mail.ru 
 
                                                             Білім - бақтың жібермейтін қазығы, 
                                                             Білімсіз бақ –  әлдекімнің азығы. 
                                                                                                   М.Әуезов 
 
        «Бақыт  жолы  біліммен  табылады»  деп  ойшыл-философ  Ахмед  Йүгінеки 
тұжырымдағандай,  білім  —  адамның  бойындағы  қабілеттерін  кеңінен  ашуға  және 
пайдалануға, 
өз 
мүмкіндіктерін 
жүзеге 
асыруға 
ықпал 
ететін 
құндылық.  
Білім  мен    оның    дамуы -   адамзат  өркениетінің  өлшемі.  Олай  болса  білім  саласы үнемі 
жетіліп,  жаңарып отыруды  қажет  етеді.  Біз  өмір  сүріп  отырған  қазіргі  кезең   -  жаңа 
көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан 
жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Қазіргі  таңдағы білім беру - сабақтастығы бар 
білім  беру  бағдарламалары  мен  нәтижеге  бағытталған  білім  берудегі  тиімді  педагогикалық 
технологияларды  үйлестіре    іске  асыру  жолдарынының  мазмұнды  жүйесі.  Бұл  жөнінде 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан  
қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру 


16 
 
мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әр  түрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл 
педагогтердің  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп  өміріне  енгізілуде.  Ізденімпаз  мұғалімнің 
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба 
білуі. Жүсіпбек Аймауытовтың:  «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үшін 
жаңадан  жаңалық  табатын  өнер»,  -  деген    ұлағатты  сөзіне  сай  әр  мұғалім,  өз  білімін 
жетілдіріп,  дәстүрлі  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  нәтижеге  бағытталған  
педагогикалық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, 
мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бүгінгі  күні  кеңінен  пайдаланылып  жүрген 
технологиялардың  бірі  –  Ж.У.  Кобдикованың  “Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі” 
педагогикалық  технологиясы.  Бұл  технологияның  өзіндік  ерекшелігі  сабақ  барысында 
оқушының өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренуіне жағдай жасалған. Сабақта проблемалық оқыту 
іске  асырылады.  Мұғалім  сабақта  оқушыға  бағыт-бағдар  беріп,  басқарушылық  міндеттер 
атқара  отырып,  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктерін,  қабілеттерін,  қызығушылықтарын 
анықтайды.  Оқушының  қызметі  көптеген  тұлғалық  қасиеттеріне  қарай  бағаланады 
(интеллектуалды  дамуы,  тіл  мәдениеті,  дербестігі,  инициативасы,  жауапкершілігі,  т.б.). 
Әрбір  оқушының  дамуы  басқа  оқушымен  емес,  өзімен  салыстырылады.  Оқушыға  өзін-өзі  
бағалауға  мүмкіндік  беріледі.  Бұл  технологияда  индивидуалды  және  топтық  оқыту  түрлері 
негізгі болып табылады.  
 Мұндай  топта  оқушы  өз  даралығын  жоғалтпайды.  Қажетті  жағдайда  оқушылар  бір-
бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің 
жетістіктерін  бағалап  немесе  кемшіліктерін  түсініп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ортақ 
нәтижеге  өзі  қалай  әсер  ететінін  көре  алады.  Индивидуалды  оқыту  түрі  оқушыға  кейбір 
тапсырмаларға  тереңінен  тоқталуға  мүмкіндік  береді,  өзінің  де,  мұғалімнің  де  алдында 
тапсырмаларды  орындау  нәтижесіне  жауапты  болуға  үйретеді.Оқытудың  үшөлшемді 
әдістемелік  жүйесі  педагогикалық  технологиясында  мұғалім  теориялық,  әдістемелік 
тұрғыдан үздіксіз іздене отырып, ІІІ кезеңнен тұратын сабақ құрылымы жүйелеген  «оқушы 
дәптерін» дайын күйінде оқушы алдына береді. Оқушы  берілген тапсырмаларды орындауда 
жеңілден  ауырға  ауыса  отырып,  І  кезең  тапсырмаларын  орындау  арқылы  өтілген  сабақтың 
бағасы қорытындыланады. ІІ кезеңде оқушы берілген түрлі тапсырмаларды орындау арқылы 
практика жүзінде бекіте  отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді, өзіндік танымдық 
іс-әрекеті арта түседі.    ІІІ кезеңде оқушы алған білімін деңгейлік  тапсырмаларды сатылай 
орындау    арқылы,  жаңа  тақырыпты  меңгерудегі  жеткен  жетістігін  ашық  журналға  түсіріп, 
өзін-өзі бағалап,  сапалы білімге қол жеткізеді. 
Бұл педагогикалық технологиядағы басты мақсат – оқушының оқу-танымдық әрекетін 
жандандыра отырып, оны алға қойған мақсатқа, жеке басының қабілетін толық пайдаланып, 
тиісті  деңгейге  жетуіне  жағдай  туғызу.  Мектебімізде  мұғалімдердің  технологияны  жүзеге 
асыруына жағдай жасалған, инновациялық іс-әрекеттерді үздіксіз ізденіспен зерттей отырып, 
іс жүзінде  пайдалану мүмкіндіктерін игеруде. Осы педагогикалық технологияны қолданып 
жүрген  мұғалімдер  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  алып,  ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа, дербестікке бетбұрыс жасайтынына көз жеткізуде. Технологияның негізі 
оқушының  жұмыс  дәптері  болғандықтан,  мен  7-сыныптың  қазақ  тілі  пәні  бойынша  жұмыс 
дәптерін  жазып  шықтым.  Сонда  байқағаным,  бұл  технологияның  бір  ерекшілігі:  өткенді 
пысықтауға  арналған  материалды  оқушылар  үйде  қайталап,  жаңа  тақырыпты  меңгеруге 
үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі  біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі 
оқыту  бойынша  оқушылар  қойылған  сұраққа  жауап  білмесе,  мұғалім  өзі  түсіндіріп,  уақыт 
жоғалтатын  еді.  Екіншіден,  егер  мұғалім  жүйелі  түрде  өткенді  пысықтауға  арналған 
тапсырмаларды орындауды талап етсе, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да 
дайындалып  келуге  мәжбүр  болады,  нәтижесінде  әрбір  оқушының  белсендігі  мен 
жауапкершілігі  артады,  Сондай-ақ,  өз  тәжірибемде  ҮӘЖ  техологиясын  қолданып  оқытуда 
көбінесе  шығармашылық  жұмыстар  арқылы    оқытуды  негізге  алдым,  себебі  ол  
оқушылардың  танымдық  қабілетін,  ізденімпаздығы  мен  белсенділігін,  өз  бетімен  ізденуін 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау