23
қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің
алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп
отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық технологияларды сабақ барысында
пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. “Инновация”
ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы,
Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі
міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Инновациялық құбылыстар
білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады.
Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік
түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға
жетелейді.
Жаңашылдыққа ұмтылу үшін оқушыға қолайлы мүмкіндік жасап, үйренудегі белсенді
ісін қолдап, оның сын көзбен қарау қабілетіне сенім білдіріп, өз ойының дұрыстығын
түсіндіріп еркіндікке баулып, өз тарапынан шешімді қабылдай білуге дағдыландыру. Бала
жаңалыққа жаны құмар, білмегенін білгісі келіп тұрады. “Шәкірт – шәкірт емес, ұстазын ол
сүймесе, ұстаз-ұстаз емес, шәкірт үшін күймесе”,-деп ағартушы Ыбырай Алтынсарин
айтқандай, өз ісін жетік білетін, үнемі ізденісте жүретін, мәдениетті ұстаз ел болашағының
тізгінін ұстайтын қазіргі жас ұрпақтарына жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні
сөзсіз [2, 2-3б].
”Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару –
белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған
уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. Қазақстанда ең алғаш
«Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол
“Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген
анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс
табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше
түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара
кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3, 6-7б]. Әдіскер
С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен: - дербес оқыту
технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік- психологиялық
жауапкершілін арттырады. - қоғам мен табиғат заңдылықтарын
кіріктіру негізінде меңгеруі; -
оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; - саралап
деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс
іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан
ұйымдастыру; - иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік
бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады; - ізгілендіру
технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды
тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми
білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің
бірлігінде қарастырады; Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық,
радикалдық деп үш түрге бөлуге болады. Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда
барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған
тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін