21
3. Білім беруде АКТ пайдалану. Қазіргі таңдағы заманауи ақпараттық
технологиялардың соңғы үлгілерін өз қажеттігіне қарай пайдалана білуге үйрету арқылы
дүниетанымын кеңейту. АКТ-ны қолдану қазіргі ақпараттану кеңістігінде өте тиімді. Өйткені
дамыған елдердің көш бастауының бірден – бір маңызды құралы болып тұрған осы
ақпараттық технологиялар екедігі даусыз.
4. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Сабақтың өн бойында іс-әрекеттерде
(постер, кластер жасау) тамаша суретшілер мен сызбагерлер немесе негізі түйіндерді дәл
табушылар тіпті кей-кейде ақындық қабілеттерде көрініс тауып жатады.
5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беруде әр түрлі жас шамасындағы
балалардың ерекшеліктеріне қарай оқыта отырып, олардың жауапкершілікті зерделеуі, өзін-
өзі бағалауын байқауға болады.
6. Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауда оқушылар өз еңбектерінің жемісін және
оның нәтижесін талдап бағалап үйренеді.
7. Көшбасшылық модульіне оқушы өз білгендерін құрдастарына үйретуге белсенділік
таныту мен қатар өз білімін бекітеді және жетілдіреді.
Тізбектелген сабақтарға жасалған қысқа мерзімді жоспарлар орта мерізімді
жоспарларға негізделеді. Өйткені тарау немесе бөлім біткенде тест, сұрақ -жауап кестелер
толтыру арқылы білімдер тексеріліп отырылады яғни білім сапасы талданады.
Орта мерізімді жоспардыңда өз кезегінде артықшылықтары бар. Өйткені жоспар тарау
тақырыбымен оның мазмұныны негізделеді. Жалпы мақсаттар айқындалып, модульдар
ықпалдастығы ескеріледі. Тарау мен тақырып оқытылуынан нәтиже күтіледі.
Білім беру үдерісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның
нәтижесінде ұлттық білім беру модельін құрастыру бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр,
өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетімізге мамандар қажеттігі туындауы
мүмкін.
Мұғалім бала бойындағы түрлі қаиеттерді байқап,оның сапалық ерекшеліктерін
бағалапары қарай дамуына жағдай туғызу қажет. Білім сапалы болуы үшін мұғалім билік
жүргізуші емес, керісінше білім алуға талпынған оқушыға көмекші болуы керек.
Екінші деңгей бағдарламасы негізінде бір мұғалімге тәлімгерлік және төрт-бес
мұғалімнен тұратын коучинг жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу қарастырылған. Осы
орайда мен тәлімгерлік жұмысын биология пәні мұғалімі Омарова Ақмаралмен
жүргізудемін.
Ал коучинг жұмыстарына тарих бірлестігінен Кайпова Ботакөз, жаратылыстану
бірлестігінен Жумашева Гулбану, Бокаева Шарафат, Тлеуова Айнаш, математика
бірлестігінен Сагиева Жайна, қазақ тілі бірлестігінен Жаканшаева Венера ұсыныстарын
жасап, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі күнде бұл әріптестерім өз сабақтары жаңаша
үлгіде өткізуде.
Сабақтардан өзге мектепте өзгеріс енгізу мақсатында қараша айында желілік
қоғамдастық аясында өткен семинарда «Сабақтарда диалогтық оқыту әдістемесін тиімді
пайдалану» тақырыбында коучинг, қазан айында өз коучтарыммен «Мұғалімдер не үшін
өзгеруі қажет. Өзгерістегі жеті модуль ықпалдастығының тиімділігі» тақырыбында коучинг
сабақ өткізсем, үйренуші топ м ұғалімдерімен «Сын тұрғысынан ойлау модульін сабақтарда
тиімді пайдалану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткіздім. Бұл шараларды орындауда
әрине қиындықтарға тап болдым. Кейбір әріптестерімнің қайшы пікірлері, ата-аналардың т
үсінбеушіліктері сенімсіздіктердің туындауы т.б.
Қорытындылай келе, мен бұл өзгеріске өзімнің оң көзқарасымды білдіргім келеді.
Өйткені өзгертілген сабақ жоспарының нәтижесі көңіл толарлықтай. Мұғалім сабақ процесін
ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік
алады, өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. Оқушының жеке
қабілеті анықталып, іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.
Тапсырманың күрделену деңгейіне қарай оқушының ойлау, орындау қабілеті артады
Өзін-өзі тексеруге дағдыланады. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік
22
алады. Жеке басты құрметтей отырып, білім алуға ж ағдай жасау қазіргі оқытудың негізгі
талабы. Оқушылардың бәрінің ойлау қ абіліеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге
психологиялық тұрғыдан қарап педагогикалық ә рекет, әдістемелік шеберлікпен жұмыс
жасау керек. Ахмет Байтұрсын ұлының мына б ір сөзі ойға оралады «Шеберліктің белгісі
түрлі әдісті болу» бір сабақтың әр кезеңінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп
нәтижеге жетуге болады.
Мұғалім өз білімін, білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және
жаңа педагогикалық технологияны меңгерген болуы қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық
жұмыста жүйелі іс-әрекет жүргізітін. Өзгерістерге тез төселе алатын, жаңаша ойлай білетін,
оқушылармен тіл табыса алатын,іске шебер болуы керек.
Ал оқушы дүние танымдық қабілеті жоғары, ізденімпаз талапты, өз алдына мақсат қоя
алатын және сол мақсатқа жету жолына іс-әркет жасайтын, өзін-өзі реттей алатын,
тақырыпты өз бетінше түсіне алатын, жан-жақты дамығын болуы керек.Осылай қалптасқан
оқушы ғана сапалы білім иесі атанса оны жетелеген мұғалім табысты ұстаз болары хақ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы педагог қызыметкелерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаулары.
2014-2015жыл.
3. «Жеті қазына» даналық сөздер жинағы. Қызылорда.1978жыл.
4. Ғаламтор материалдары.
ӘОК 37.013.02
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Асубаева Б.Т.
Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы,
Бостан ауылы
"Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі
бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері
мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту,
үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа
технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң нәтижелер беруде [1,3б.]. Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді
міндеттейді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр. Себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай
тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,
ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы
мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай
білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге
асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы
Достарыңызбен бөлісу: |