179
стимулом для собственного творчества учащихся и проявления их интереса к серьезной
музыке в самых разных видах музыкальной деятельности.
Нами был сделан вывод, что на первых шагах развития интереса школьников к
серьезной музыке должна чаще звучать популярная симфоническая музыка, а также
-
программная, которая воспринимается легче. Если нам удастся добиться, чтобы у
школьников появилось желание научиться понимать серьезную музыку и желание слушать
ее, это будет первый и самый важный шаг на пути решения нашей проблемы.
Таким образом, развитие интереса школьников к серьезной музыке может быть
успешным, если оно осуществляется непрерывно, систематически, с использованием
средств, требующих нестандартного подхода, а также при наличии у школьников
положительной мотивации на творческие виды деятельности.
ЛИТЕРАТУРА
1. Плеснина Т.П. Музыкальный интерес и динамика его развития // Вопросы
эстетического воспитания в школе.- Минск, №2, 2007.- С. 32-56.
2. Кабалевский Д.Б. Как рассказывать детям о музыке? – 3е изд., испр. – М.;
Просвещение, 1999. – 191с.
3. Гришанович Н.Н. Музыкальный интерес в формировании познавательной
деятельности подростков на уроках музыки.- Минск, 2009.- 236с.
4. Португалов. К.П. Серьезная музыка в школе. - Пособие для учителей.- 3-е изд.,
испр. и доп.- М.: Просвещение, 2002.- 144с.
ӘОК 37.013.2
ТІЛ САЯСАТЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ
Құрманалиева Жадыра Құрманғазықызы
Жетісу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Алматы облысы, Ескелді ауданы,
Jetisu-jetisu@mail.ru
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық дініміздің көрініс табатын
әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық
мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының
тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер
үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым
бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде
мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда
қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік
міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді.
Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы
мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен
қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы
негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің
қалыптасуының
басты
міндеттерінің
бірі
болып
табылатынын
жариялады.
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай
этникалық топқа жататындығына қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік
қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде.
Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу процесінің куәгеріміз және елімізде барлық
халықтардың мәдени ынтымақтастығын біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің
180
дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру
деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда.
Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс
аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында
оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда.
Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің
қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта бірқатар
ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің терминологиялық қорын
жасап, жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық жұмыстардың
тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология жөніндегі
салалық бағдарлама енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесін нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар
жасалып, осы мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде.
Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан, ол көптеген қазақстандықтардың
балаларын қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік тілде білім алуы үшін жағдай
жасауға ұмтылуы болып отыр. Балаларына қазақ тілінде кәсіби білім беруді қалайтын қала
қазақтары санының көбейіп келе жатқаны да қуантады. Республика бойынша екі
мыңға жуық
өзге тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан да
білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп енгізу және халықтың ықпалды бөлігі
жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймыз.
Сонымен негізгі міндетіміз – біздің азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін қалыптастыру. Біріншіден, бұл
қоғамдағы өзара түсіністікке әсер етеді, екіншіден, тіл – ынтымақтастықтың негізгі көзі,
еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың тірегі болып табылады.
Педагогтар балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығының күннен күнге
артып отырғандығын байқауда. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі,
саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының
кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі
кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі
ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы
мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет,
мәдениет,
баспасөз,
радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс қағаздар, т.б.
салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы керек. Есеп-қисап,
қаржылық және техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ
бұқаралық ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары,
халықаралық қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту —
еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын
оңтайлы шешу — ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен
қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты.
Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жанартау болған жұрт
жүрегінің жалыны бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы
ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай мен қазіргі күйді
салыстыра қарасақ, көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып отырған мәселе аз емес, алайда
ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға
бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай
отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.
1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы Конституция қабылданар тұстардағы
талас-тартыс, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997
жылы тіл туралы жаңа заң қабылдау қандай жағдайларда жүзеге асты? «Ауру батпандап