181
кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелді халық тіршілік заңдылықтарына сүйене отырып
айтқан. Тілдің даму процесінің өзі табиғи кұбылыс. Оған жанды дүниенің өсуіне қажет
жағдайдың ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ адам алақаны табиғатқа аялылық таныта
бермейтіні де анық. Меніңше, мәселе осында. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде
жанашырлығымыз бен немқұрайлығымыз өз ықпалын қатты тигізіп отыр.
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі міндет — мемлекеттік тіл саясатын
қоғамымызда жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру. Бүгінгі
күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі тілдердің дамуы
мен қолданылуына қатысты нормативтік құқықтық негіздер нығайтылуда. Мемлекеттік тіл
саясатының тірегі — тіл туралы заң, заңды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші қаулы-
қарарлар, бекітілген бағдарлама бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен
бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне талдау жасай, сараптай отырып,
соның негізінде жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып, қазақ тілінің әлеуметтік-
коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету,
жалпы мәдени қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін дамыту міндеттері алға
қойылған. Тіл саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы барлық ұлттардың дамуын
көздеген ұстанымына негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық мүдделерін ескере отырып жүргізіліп келе
жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл
саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын берік бағамдауға және ең бастысы, тіл
болашағына деген халық сенімін нығайта отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға
қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына
сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр
тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет міндеттер мейлінше нақтыланып керсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік кұқықтық қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің
«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы», «Тілдер
туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже», «Тауарлардың
заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі
талаптар туралы», «Мемлекеттік тілде кұжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік
қызметшілерді көтермелеу туралы» қаулылары қабылданды. Тіл заңын бұзғаны үшін
жауапкершілікке тарту «Қазақстан Республикасы Әкімшілік бұзушылық туралы» ҚР
Кодексінің 81, 82-баптарында көрсетілді. Сондай-ақ 1999 жылдың 23 шілдесінде
қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 3-бабы 2 тармағына
«…мемлекеттік тілдегі берілімдердің көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі берілімдердің
жиынтық
көлемінен
кем
болмауға
тиіс»
деген
толықтыру
енгізілді.
Осыған сәйкес қазіргі кезде аталған заң талаптарын 92%-дан астам телерадиокомпаниялар
орындап отыр.
Дегенмен, бұл талаптың телерадиокомпаниялар тарапынан әлі де болса үстірт
орындалу жәйттері жиі кездесетіні құпия емес. Әсіресе, мемлекеттік тілде берілетін
хабарлардың басым бөлігінің тек түнгі уақытта және негізінен бейнеқордағы концерттік
бағдарламалардан тұрып, қайта-қайта көрсетіле беруі дүйім жұртшылықтың орынды ренішін
туғызуда. Баспасөзде, сондай-ақ мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан шағымдарда бұл
жағдай көпшілік тарапынан қоғамдық санада мемлекеттік тілді өгейсітуге жасалған әрекет
ретінде, тіпті оны мазақ қылу есебінде қабылдануда.
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар мен
көрермендер де, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп келеді.
Атап айтқанда, Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан мемлекеттік тіл
мәселесін үзбей алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша Мәжілісте арнайы депутаттық
топтың кұрылып жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың бастамасымен еліміздің
182
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы қаралған тұста біздің
министрлік оны толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту
бағытында барынша мүдделілік танытылып отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени
орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа мемлекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейту қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.
Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік тіл саясатын электронды БАҚ
арқылы жүргізу мақсатында ақпарат саясатын жүргізу мәселесі бойынша мемлекеттік
тапсырыс аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді. Жалпы, электрондық бұқаралық
ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайы көлемі жағынан да, сапалық
тұрғыдан да төмен екеңдігі жасырын емес. Мемлекеттік емес телерадиокомпаниялардың
басым көпшілігінде, әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда, қазақ тіліндегі
мазмұны мен шығармашылық деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар мен
хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс аясында ғана, мемлекет қаржысы есебінен шығарылады.
Ал компаниялар болса өз қаражатын мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға шығындауға
мүдделі емес, яғни, қазақ тілін өркендету тек мемлекеттің күзырындағы мәселе деген
көзқарас қалыптасқан.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет
ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан бекіту орайында
мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және басқа да тиісті органдар
тарапынан ойластырылып, көп кешікпей бір шешімін табары анық. Мемлекеттік тіл мәселесі
ешқашан назардан тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, нығайту
бағытындағы жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның көрінісі ретінде үстіміздегі жылдың
18 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің
әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында жаңа белеске қадам басқандығын атап
көрсетті. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі болып отырған
мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш-жігерін салу - әрбір азаматтың парызы екендігі тағы
бір рет қайталанып, халқына ой салды. Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық, жоспарының 21-тармақшасына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді дамыту бөлігіне
өзгерістер енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мемлекеттік тілді инновациялық
технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және
ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған.
Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге көмектесетін компьютерлік оқулықтар
шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту,
шетелдерде тұратын отандастарға арналған арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті
мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен
электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына олардың түрлі әліпбиді қолданатыны
мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның алдында шетелдерде қазақ
халқының салт-дәстүрін танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында мәдени
орталықтар ашу, Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін
халықаралық деңгейде ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын жоғары
дәрежеде өткізу міндеттері тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу қажеттігі қазақстандық қоғамдастық
мүшелері арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта белсенді әрекет ету мақсатынан
туындайды. Бұл орайдағы басты міндет - қазіргі күні қалыптасып отырған тілдік ахуалды
нығайту үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу. Қазақстанда тұратын өзге
халықтардың ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау-
Достарыңызбен бөлісу: |