Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет33/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   176

70 
 
әр  білім  алушыны  оның  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  орай  оқыту;  барлық  білім 
алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін білімгердің сезінуі [3]. 
Қорыта 
келгенде, 
оқу-тәрбие 
үрдісінде 
қазіргі 
заманғы 
педагогикалық 
технологияларды  тиімді  пайдалану  оқытушыларды  жаңаша  жұмыс  істеуге,  білім 
алушылардың дербес және логикалық ойлау сыныстар жасауға мүмкіндік береді: танымдық 
қабілеттерін 
арттырып, 
оқуға 
деген 
жағымды 
қызығушылық 
қалыптастырып, 
шығармашылық жұмысқа итермелейді деген ойдамын.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.  Ф.Бөрібекова,  Н.Ж.Жанатбекова  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар. 
Оқулық. -  Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014 
2.  А.Б.Айтбаева  Білім  берудегі  жаңа  технологиялар.  Оқу  құралы.  –  Алматы:Қазақ 
университеті, 2011 
3.  С.А.Көшімбетова  Мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  инновациялық  технологияларды 
ендіру жолдары. Оқу-әдістемелік құрал. – Тараз, 2004 
 
 
ӘОЖ 373.015.3 
 
ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ- ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Бурымтаев Ғ.Н., Маманова Қ.Б. 
Соцжол орта мектебі, Панфилов ауданы, boribai23@mail.ru 
 
Еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 
бейнесімен  өлшенеді.  Жас  ұрпаққа  білім  беру  мен  тәлім  берудің  сан  жолы,  көп  қыры  бар. 
Мына ғаламдық ғарышты даму дәуірінде, шәкірттерге ұстаздықпен берілер білім күн өткен 
сайын  күрделене,  жаңара  түсуде.  Білім-  ел  қазынасы,  халқымыздың  білімділігі,  еліміздің 
байлығының  ең  маңызды  бөлігі  десек,  білімнің,  негізгі  мектептегі  инновациялық  жұмысты 
жандандыруда болып табылады. Қазақстандық мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы 
бiлiм берудің басым бағыттарын, оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгiсiн білім 
беру  үрдісінде  қалыптастыру  мен  әртүрлі  оқу  -  iс-әрекетін  қамтитын  оқыту  әдiстерiнiң 
үйлесiмдiлiгi  негiзiнде  жүзеге  асырылуы  тиіс  екендiгiн  анықтап  беріп  отыр  [1].  Бұл  басым 
бағыттар мектепте бiлiм беруді дамытуға негіз болады. Осыған орай мектептің әр сатысында 
оқыту  мен  тәрбие  берудің  мақсаты,  бiлiм  мазмұнын  iрiктеу  ұстанымдары,  сондай-ақ, 
оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланады . 
Бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру  –  педагогикалық  ұжымның  барлық 
мүшелерінің  бірігуін  талап  етеді.  Тұлғаға  бағытталған  білім  -  оқушылардың  тұлғалық 
ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту 
жағдайы. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше 
шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс [2]. 
Осы  орайда,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саясатында  балалар  мен  жастар 
ортасындағы  тәрбиенің  өзектілігі  басымдылыққа  ие  болып,  алдыңғы  орынға  шығады. 
Адамды  өз  елінің  азаматы  ретінде  тәрбиелеуге  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламаларды 
іске  асыруға  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асыру  жалпыадамзаттық  және 
ұлттық  құндылықтар  мен  жаңа  педагогикалық  тұрғылар  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңарту 
жолдарын іздестіру балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуға қатысты барлық 
мемлекеттік  институттардың  педагогикалық  және  әлеуметтік  қызметін  қайта  қарастыруын 
талап етеді.  
Заманауи  жағдайда  білім  беруді  жаңғыртудағы  тәрбие  мәселелерін  басты  назарда 
ұстау қажеттілігі   келесі шарттармен: 


71 
 
-түрлі  типтегі  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесінің  әдіснамасы  мен 
технологияларының жаңаруымен ; 
- оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын үнемі іздестіруді 
талап ететін қоғамдағы білім беру процесін оқушылардың ұғыну, адамның жеке басындағы 
өзгеру, білім мазмұнын ізгілендіру, оқу пәндері көлемі, құрамының үздіксіз өзгеру, жаңа оқу 
пәндерін кіргізу қажеттілігімен; 
-  мұғалімдердің  педагогикалsқ  жаңалықтарды  меңгеру  және  қолдануға  деген 
көзқарасының өзгеруімен анықталады [3]. 
Ата-ана  және  әлеуметтік  ортаның  серіктестігін  қамтамасыз  ету  арқылы  тұлғаны 
әлеуметтендіру,  білім  алушылардың  рухани  және  адамгершілік  құндылықтарын  дамыту, 
өзіндік таңдау жасауына ықпал ету  – мектеп ұжымының басты ұстанымы. Осы ұстанымды 
жүзеге  асыру  мақсатында  мектеп  өмірінде  жас  жеткіншек  ұрпақтар  бойына  халқымыздың 
тілін,  тарихын,  салт-дәстүрін  жаңғырту,  өз  елінің  ұлттық  байлығын  қадірлеп  қастерлейтін 
білімді,  интеллектуалды,  саналы  азамат  болуға  тәрбиелеу,  рухани  мәдениетін  дамыту 
бағытындағы іс-шаралар жүргізу дәстүрлі үрдіске айналды 
Осыған сәйкес, оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық 
және тұлғалық қызметтерді қамтиды: 
-  құндылықтық  қызмет:  тұлға  үшін  мәнді  бағдар  жүйесін,  өзіндік  даму 
траекториясын таңдап алуы; 
-  танымдық  қызмет:  тұлғаның  рухани  дамуының  негізі  ретінде  ұлттық  мәдениет, 
дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі; 
-  әрекеттік-шығармашылық  қызмет:  тұлғаның  оқу,  еңбек  ету,  ғылыми,  көркемдік 
және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін 
қалыптастыру және дамытуы; 
-  тұлғалық  қызмет:  өзіндік  санаға  бағытталған  рефлексиялық  қабілетті  дамыту 
арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі [4].  
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманистік қарым-қатынастар оқушының 
танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп 
отыруына  ықпал  етеді.  Оқытудың  осы  тұрғыда  ұйымдастырылуы  әр  оқушының  жеке 
тұлғасындағы  өзіндік  ерекшеліктері,  өзіндік  өмір  тәжірибесі  мен  өзіндік  құндылықтарын 
ескеру  арқылы  өзіндік  және  өзара  бірін-бірі  дамытуға  жол  ашатындықтан  интерактивті 
әдістерді пайдаланудың маңызы зор. 
Интерактив  –  ағылшынның  "өзара  әрекет”  деген  сөзі.  Демек,  интерактивті  оқыту 
әдістері  тұлғааралық  қарым-қатынасқа  негізделе  отырып,  "жеке  тұғаны  дамытуға 
бағытталатын”  қазіргі  білім  беру  парадигмасын  қанағаттандырады.  Сонымен  бірге,  сапалы 
білім  алудың  алғышарттары  болып  табылатын  таным  белсенділігі  мен  ізденіс  дербестігін 
қалыптастырып  қана  қоймай,  ары  қарай  дамытады.  Интерактивті  оқыту  әдістері  дәстүрлі 
оқыту  әдістерінен  оқу  үрдісінде  оқушылардың  өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану 
арқылы  есте  берік  сақтауымен,  мәліметтерді  талдап,  жинақтау  арқылы  жеке  және  кәсіптік 
қабілеттерін  аша  алуымен  ерекшеленеді.  Дегенмен,  интерактивті  оқыту  қажетті  ақпаратты 
игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді. 
 Интерактивті  оқыту  әдістерін  тиімді  пайдаланып,  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін, 
белсенді  оқытудың өзіндік талаптарын  есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек. 
Психологиялық  тұрғыдан  алғанда,  интерактивті  оқытудың  тиімділігінің  сыртқы 
көрсеткіштері  ретінде  оқушылардың  бірлескен  әрекет  ережелерін  мойындай  отырып,  өзара 
әрекеттесуге  ұмтылуын,  топтық  рефлексияның  дамып,  ұжымдық  ынтымақтастықтың 
қалыптасуын,  ал  әсерлілігінің  ішкі  көрсеткіштері  ретінде  оқушылардың  өз  міндеттері  мен 
құқықтарын  түсіне  отырып,  өзара  әрекет  дағдыларын  меңгеріп,  топтық  жұмысқа  дайын 
болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға 
болады.  Оқытудың  интерактивті  әдісі  өте  тиімді.  Себебі,  бұл  әдіс  оқушының  жеке  өмірлік 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  оның  бойында  білім,  дағды  және  құндылық  жүйесін 
қалыптастырады.  Сабақ  мұғалім  мен  сынып  тобы,  шағын  топтар  мен  жеке  оқушы 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау