Әдістемелік нұСҚаулар геоинформатика пәні бойынша 050609-География мамандығының студенттері үшін Павлодар Әдістемелік нұсқаулардың бекіту парағы ф со пгу 18. 1/05 бекітемін



жүктеу 0,91 Mb.
бет1/3
Дата01.01.2018
өлшемі0,91 Mb.
#6360
түріНұсқаулар
  1   2   3

Әдістемелік нұсқаулар Ф СО ПГУ 7.18.2/05


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Геоинформатика пәні бойынша
050609-География мамандығының студенттері үшін

Павлодар
Әдістемелік нұсқаулардың



бекіту парағы Ф СО ПГУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

БХФ деканы

________ К.У.Базарбеков

«__»_______________200 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Б.А. Ахметова __________

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Геоинформатика пәні бойынша


География және туризм кафедрасы
« » ______________200 ж., хаттама № кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі ______________ А.Г.Царегородцева
Биология-химия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

« » ______________ 200 ж., хаттама №


ОӘК төрайымы __________________ К.Х.Жапарғазинова

Андатпа
«Әдістемелік нұқсаулар» Геоинформатика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әдістемелік нұсқаулардың негізгі мақсаты студенттерге ақпараттық технологияларды көмегімен картографиялық шығармаларды жасауға және оларды өңдеуге үйрету болып табылады. «Геоинформатика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар ArcView GIS пакетін пайдалануға негізделеді және теориялық білімдерді бекітіп, сандық картографиялық негізін дайындау икемділіктерін меңгеруге, қазіргі геоақпараттық технологияларда қолданылатын ақпараттар базасын жобалау және ұйымдастыру икемділіктерін меңгеруге мүмкіндік беретін жаттығулардан тұрады.

Әдістемелік нұсқауларда әрбір тақырыптың басында тапсырмалардың орындалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ғылыми білімдерін толықтырып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибелік мақсатта қолдануға бағытталған.



Әдістелемік нұсқаулар студенттерге, жас мамандарға, университет оқытушыларына және ізденушілерге де қолдануға арналған.

Арнайы зертханалық аудиторияларда зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында сақталатын қауіпсіздік техника ережелері
1 Жұмыс істеу барысында сақталатын қауіпсіздік техникасы:

  • зертханаларда оқытушы немесе лаборант болмағанда, оқытушының рұқсатынсыз белгіленбеген уақытта жұмыс істеуге болмайды;

  • адамның өмірі мен денсаулығына төнген қауіпі, денсаулықтың нашарлауы, ауыр науқастың пайда болуы жөнінде оқытушыны міндетте түрде хабардар ету;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамдылығын алдын ала анықтау;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамсыздығы анықталған жағдайда міндетті оқытушыға ескерту және оны жөндегеннен кейін ғана пайдалану;

  • жұмыс орнындағы жарық түсуін қамтамасыз ету;

  • бөлмеде міндетті тазалық сақталуы тиіс, үнемі таза ауа болу керек, жануарлардың (аквариум, құстың торы) орны да таза болғаны міндетті;

  • санитариялық нормалар сақталып, жұмыс істеу және демалу тәртібі орындалу керек;

  • кафедраның әрбір қызметкері өрт сөндіру құралдарының және өртке қарсы су құбырының орналасу орнын білуге міндетті;

  • аудиториялардағы басты кіре берістің алдындағы орнын және қызметкерлерді эвакуациялау жолдарын жабуға болмайды;

  • әрбір қызметкер апатты жағдайлар немесе өрт жағдайында жәрдем эвакуациялау жоспарын білуге тиісті. Эвакуция сызбалары әрбір қабатта ілінеді;

  • аудиторияларда күрт жанатын, күрт жарылатын заттарды, жаңғыш сұйықтықтарды ұстауға болмайды, электр құралдарды, электр аспаптарды қосып қалдыруға болмайды; электр-жылыту аспартарын өртті қадағалау органдарымен келісілмеген жерде пайдалануға болмайды; жұмысқа жарамсыз розеткаларды, жарықтау және қосу қорапшаларын пайдалануға тыйым салынады;

  • аспаптарды, механизмдер мен аппаратаруны қауіпсіз ретімен өшіру қажет, ал егер құралдар үздіксіз жұмыс істейтін болса, оларды басқа кезектегі қызметкерлерге тапсыру міндетті;

  • жұмыс орнын таза күйінде қалдыру;

  • жеке басының гигиенасы мен өндірістік санитария қағидаларын сақтау шарт;

  • жиһазға зақым тиген жағдайда міндетті оқытушыға немесе лаборантқа баяндау тиісті.

2 Денсаулығына зақым тигенде, уланған жағдайда немесе күрт науқастанған жағдайда медициналық көмек көрсету әрекеті:

  • қажетті жағдайда өртке қарсы қызметінің 01 нөміріне және жедел жәрдем қызметінің 03 нөміріне телефон соғу міндетті;

  • электр тогы тигенде токтың әсерін рубильникті өшіріп, сымды балтамен шауып, сымды зардап шеккенге тимегендей таяқпен алыстатып, немесе токқа тиген адамды киімінен ұстап сүйретіп тоқтауға болады;

  • электр тогының әсерін тоқтатқаннан кейін зардап шеккен адамның тынысы болмаса, жүректің соғуы сезілмесе, міндетті жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасау керек;

  • күйгенде көрсетілетін көмек: киімнің жануын тоқтату (адамның үстіне пальто, көрпе жабу, немесе жалынды сумен өшіру), теріге жабысқан бөлшектерін абайлап қиып, жанған киімді шешу, күйген жерлерін зарарсыздандырылған бинт немесе мақтамен, таза орамалмен жабу;

  • қан тоқтату көмегі: жарақаттан жоғарырақ жерін жгутпен (белбеу, жіп т.б.) байлап қанды тоқтауға болады. Жгутты киімнің үстіне байлайды немесе жгуттың астына мата салады. Жарақатқа зарарсыздандырылған бинт байланады. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Егер 2 сағат уақыт ішінде жарақаттанған адамды медициналық пунктерге жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, жгутты 10-15 минутке босату керек. Егер барлық әрекеттер дұрыс жасалынса, адамның қолындағы тырнақтардың түсі қызғылт болып қала береді.

Дәрі-дәрмектер жинағы кафедрада немесе оқу корпусының вахтасында міндетті түрде болу керек.

Зертханалық жұмыс №1

ArcView GIS пакетінің негізгі мүмкіншіліктерін зерттеу
Жұмыстың мазмұны

Кіріспе
1. ArcView деген не?
2. ArcView неден тұрады?
3. Көрініс, кесте, диаграммалар, макеттер, бағдарламалар
  Мақсаты - Arc View GIS пакетінің негізгі мүмкіншіліктерін зерттеу
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЭЕМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. ArcView деген не?

ArcView – бұл географиялық ақпаратты жұмыс үстеліне жеткізетін қаутты және қолданудағы жеңіл құрал. ArcView ақпараттарды кеңістікте елестетуге, зерттеуге, тапсырыс беруге, талдау жасауға мүмкіндік береді. ArcView қоршаған орта жүйелерін зерттеу институты құрастырған. Авторы - ARC/INFO – кеңістіәк мәселлеерді компьютердің көмегімен шешуге мүмкіндік беретін геоақпараттық жүйелерді құрастыруғдағы жетекші құралы.

2. ArcView неден тұрады?

ArcView пайдаланушының интерфейсі

ArcView бағдарламасында жоба деп аталатын бір файлдағы көріністермен, кестелермен, диаграммалармен, макеттермен, бағдарламлармен жұмыс жасауға болады. Жобалар белгілі бір міндеттерді немесе белгілі бір бағдарламаларды жасауға қажетті мәліметтерді бірге сақтауға мүмкідік береді.



ArcView әйнекшесі ArcView-ң барлық операциялары үшін құрылым ретінде қызмет етеді.

Жобаның әйнекшесі

Жаңа жоба жасағанда немесе бар жобаны ашқанда ArcView әйнекшесінде Жоба (Project) деген әйнекше ашылады. Ол жобаның барлық құрам бөліктерін көрсетеді және олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Компонетті ашу үшін екі басыңыз. Жоба әйнекшенің басында жобаның атауы көрсетілген.



3. Көріністер, кестелер, диаграммалар, макеттер, бағдарламалар әйнекшелері

Жобаның компонеттерінің бірін ашқанда, ол өз әйнекшенің ішінде көрінеді. ArcView қанша болсын әйнекшелерін ашуға болады, бірақ олардың біреуі ғана кез келген уақытта белсенді болады. Белсенді әйнекше – бұл дәл қазіргі уақытта жұмыс істелініп жатқан әйнекше.

ArcView әйнекшесі ішінде ашылған барлық әйнекшелер ArcView меню зонасындағы меню әйнекшесінің аяғында көрсетілген. Бұл тізімде Жоба әйнекшесін қосады. Осы әйнекшені белсенді ету үшін, оның ішіне басып, оны ArcView әйнекшенің жоғарғы бөлігінде Window меню тізімінен таңдаңыз. Әйнешені ашқанда, ол өзі белсенді етіледі. Егер әйнекшенің бөлігі басқа әйнекшелермен жабылып тұрса, белсендетілгенде ол жоғарғысы болып тұрады. Әйнекшелерді басқарудың қосымша құралдары жайлы мәлімет алу үшін Жәрдем (Help) " ArcView әйнекшелерімен жұмыс жасау" ("working with windows in ArcView") дегенді қараңыз.

ArcView әйнекшесінде әрекет жасағанда ол әдетте белсенді әйнекшеге де қатысты. ArcView пайдаланушының интерфейсі белсенді әйнекшедегі өзгерістермен бірге өзгереді. Мысалы, Жоба әйнекшесі белсенді болғанда, жобамен жұмыс істеу басқару құралдарын көруге болады, ал көрінісі белсенді болғанда, көрініс үшін басқару құралдары көрінеді.




Меню жолағы

Бұл жолақ ArcView әйнекшенің жоғарғы бөлігінде орналасады. Оны таңдау үшін клавиатураны пайдалануға болады. Жолақтың мазмұны белсенді әйнекшенің мазмұнымен өзгереді.



Басқыштар жолағы

Бұл ArcView әйнекшенің меню жолағы астында орналасқан және басқарудың әртүрлі құралдарына тезірек қол жеткізетін жолақ. Басқышты таңдау үшін оған басыңыз. Басқыштар жолағының мазмұны белсенді әйнекшенің өзгерістерімен өзгереді.



Құралдар жолағы

Бұл ArcView әйнекшесіндегі басқыштар жолағы астында орналасқан және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі құралдардан тұрады. Курсор таңдалған құралды көрсетіп өзгереді.



Ахуал жолағы

Бұл экранның төменгі бөлігіндегі көлденең облыс, ол операция барысын, құралдар мен басқыштарды, өзгерістердің нәтижелерін көрсетеді.



Зертханалық жұмыс №2

ArcView GIS пакетінің негізгі мүмкіншіліктерін зерттеу
Жұмыстың мазмұны

Жобамен жұмыс жасау
1. Жобалар: жұмысыңызды басқару
2. Жоба деген не?
3. Проект (Project) әйнекшесін не үшін қолдануға болады?
4. Жобаны құрастыру
5. Жобаны ашу
6. Жобаның толтырмасын бағдарлау
7. Жобаны сақтау
8. ArcView сеансының аяқталуы
Мақсаты - Arc View GIS пакетінің негізгі мүмкіншіліктерін зерттеу
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЭЕМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Жобалар: жұмысты басқару

ArcView сенасының барлық компонеттері – көріністер, кестелер, диаграммалар, макеттер мен бағдарламалар – жоба деп аталатын бір файлда сақталып тұрады. Проект ArcView (ArcView's Project) әйнекшесі жобаның мазмұнын көрсетеді және онымен жұмыс жасауға жағдай жасайды.

2. Жоба деген не?

Жоба бұл жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ArcView-ң құрастырған файлы. Жоба өзіне ArcView барлық компонеттерін біріктіреді.

Жоба файлдарының кеңейтілуі .APR.

Жобалар файлмен жұмыс істеуді басқаруды жеңілдетеді және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



Жобада жаңа компонент жасау

Жоба әйнекшенің сол жағындағы компонеттің басқышын екі рет басып, Новый (New) дегенді басыңыз. Егер кесте қосам десеңіз, Таблицы (Tables) компонентін басыңыз.

Жобалардың көмегімен тордағы бір жобаны бірнеше адам пайдалана алатындай жасауға мүмкіндік береді.

3. Проект (Project) әйнекшесін не үшін пайдалануға болады?

Жобаны ашқанда, Жоба әйнекшесінде барлық компоненттер көрсетіледі. Жоба әйнекшесінің көмегімен компонеттерді жасауға немесе жоюға болады, оған атау беруге болады.

4. Жоба жасау

Жобаны жасағанда, сіз көріністерден, кестелерден, макеттерден, диаграммалардан, бағдарламалардан тұратын файлды ашасыз.

Жобаны жасау

Файл (File) меню құрамынан Новый Проект (New Project) дегенді таңдаңыз.

ArcView атаусыз (Untitled) жаңа жоба жасайды және Проект әйнекшесін ашады. Жұмысты аяқтаған соң, Сохранить Проект (Save Project) дегенді басасыз. ArcView жобаны сақтау орны мен атауын көрсететін әйнекшені шығарады.

Жобаның атауында 8 белгісі болу мүмкін, бірақ бос орны болмау керек.

5. Жобаны ашу



Файл (Fail) меню құрамынан Открыть Проект (Open Project) дегенді таңдаңыз.

6. Жобаның мазмұнын бағдарлау

Avenue көмегімен меню, басқыштарды, құралдарды орнатуға болады. Ол үшін Настроить (Customize) таңдау керек және (Button bar) басқыштар жолағын басу керек. Өзгерістерді тек жұмыс істеп жатқан жобада жасай аласыз немесе оларды барлық жобаларға енгізуді орната аласыз.

7. Жобаны сақтау

[Fail] [Файл] меню құрамынан [Save Project] [Сохранить Проект] дегенді таңдаңыз немесе CTRL+S басыңыз.
8. ArcView сеансының аяқталуы

ArcView сеансынан шыққан сайын ArcView барлық өзгерістерді сақтау туралы сұрайды.



ArcView әйнекшесінен шығу үшін: [Fail] [Файл] меню құрамынан [Exit] [Выход] немесе [Quit] [Завершить] таңдаңыз, немесе Windows үшін [Control-menu] екі рет басыңыз.

Зертханалық жұмыс №3

ArcView GIS пакетінің негізгі мүмкіншіліктерін зерттеу
Жұмыстың мазмұны

Көріністермен жұмыс
1. Көріністер (Views): кеңістік ақпараттарды тапсыру және көрсету
2. Көрініс деген не?
3. Көріністі пайдаланушының интерфейсі
4. Жобадағы көріністермен жұмыс
  Мақсаты - Arc View GIS пакетінің негізгі мүмкіншіліктерін зерттеу
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЭЕМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Көріністер (Views): кеңістік ақпараттарды көрсету және тапсырыс беру

ArcView көмегімен көрініс деп аталатын инерактивті карталардағы географиялық ақпараттармен жұмыс істеуге болады. Әрбір көрініс экранда географиялық бейне көрсетеді.

2.Көрініс деген не?

Көрініс деген географиялық ақпараттарды ArcView бағдарламасында көтуге, зерттеуге, анықтауға, талдау жасауға мүмкіндік беретін интерактивті карта. Көрініс пайдаланылатын географиялық ақпараттарды сипаттайды, бірақ географиялық ақпараттардың файлдары оған кірмейді. Оның орнына көрініс сол файлдарға сілтеме жасайды.



Көріністің тақырыптары

Көрініс тақырыптардың жинағы болып табылады. Тақырып – географиялық ақпарат көздерінен алынған географиялық нысандардың нақтыланған жинағы. Мысалы, елдің бейнесіне қаланы көрсететін тақырып, жолдарды көрсететін тақырып, т.б. кіре алады.

3. Көріністі пайдаланушының интерфейсі

Көрініс әйнекшенің ішінде шығады. Әйнекшенің мөлшерін өзгерткенде, көрініс жаңа әйнекшеде сыйғандай өз мөлшерін өзгертеді.






4. Жобадағы көріністермен жұмыс істеу

ArcView жобасында қанша болсын көрініс бола алады.

Жобадағы көріністерді көру үшін Виды (Views) басыңыз. Жобадағы көріністер тізімі пайда болады.

Жаңа көрініс жасау үшін Новый (New) басыңыз.

Көрінсті ашу үшін Проект (Project) құрамындағы керекті көрініске екі рет басыңыз.

Көріністің атауын өзгерту үшін Переименование (Rename) басып, жаңа атауды енгізесіз.



Жобаны сақтау үшін Сохранить Проект (Save Project) басыңыз.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. ArcView жобасын қалай ашу керек?

  2. Жоба деген не?

  3. Көрініс деген не?

  4. Тақырып деген не?

  5. ArcView пайдаланушының интерфейсі (меню жолағы, басқыштар, құралдар, ахуал жолағы).

  6. ArcView жаңа жобасын қалай ашу керек?

  7. ArcView жобадағы көрініспен қалай жұмыс істейді?

  8. ArcView жобасын қалай сақтайды?

  9. ArcView сеансын қалай аяқтау керек?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар

  2. Толок А.В., Щепилов В.Н. Введение в геоинформационные системы.. Учебное пособие. - Запорожье, ЗГУ, 2000.

  3. Толок А.В., Щепилов В.Н. Толковый мини-словарь основных терминов по геоинформатике. - Запорожье, ЗГУ, 2000.

  4. Курс бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары

  5. "Введение в геоинформационные системы". - Запорожье, ЗГУ, 2000.

  6. ArcView GIS. Руководство пользователя.

Зертханалық жұмыс №4

Нүктелі тақырыпты жасау және өзгерту
Жұмыстың мазмұны
1. Жобаны ашу
2. Жаңа нүктелі тақырып жасау
3. Нүктелі нысандарға атрибуттарын қосу
4. Нүктелі нысандарды өзгерту
5. Жобаны сақтау
6. ArcView сенасын аяқтау

 

Мақсаты - Arc View GIS пакеті ортасында нүктелі тақырыпты жасауға, картографиялық негізіне нүктелі нысандарды салуға, атрибуттық кестені құрастыру және толтыруға, нүктелі нысандардың және оның атрибуттарының кеңістікте орналасуын өзгертуге үйрену


Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ПЭВМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Жобаны ашу

ArcView жобаны ашқанда, [Fail] [Файл] менюсы құрамынан [Open Project] [Открыть Проект] дегенді басыңыз.

2. Жаңа нүктелі тақырыпты жасау

Жаңа тақырып қосылатын [Views] [Вид] көріністі ашыңыз. [Views] [Вид] менюсы құрамынан [New Theme] [Новая тема] дегенді басыңыз. Нысанның түрін анықтау - [Point] [Точка], [ОК] басу. Жаңа шейп-файл үшін диск көрсету немесе папканы ашу керек. Енді жаңа папкаға жаңа нүктелерді қосуға болады. басу.

Нүктелерді мышканың сол жақ басқышына басып қосыңыз. Аяқтағаннан кейін сақтау басқышын басыңыз.

3. Нүктелі нысандарға атрибуттарды қосу

ArcView жобасында жаңа тақырып жасағанда, өз-өзімен атрибуттар кестесі де пайда болады.

Алғашында кестенің бір өрісі ғана болады [Shape]. Бұл өрісте нысанның кеңістік бейнесі сақталады.

Осы кестеге кез келген уақытта нүктелі нысандарға атрибуттық ақпараттарды қосу үшін жаңа өрістерді қосуға болады.



Мысалы. Әрбір нүктедегі ұңғыманың диаметрін қосу керек болған жағдайда, атрибуттық кестеге DIAMETR өрісін қосып, әрбір ұңғыма бойынша мәліметтерді енгізу керек.

[Theme] [


жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау