Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет36/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   176

76 
 
береді.  Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыру 
қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесiндегi  ең  көкейтестi  мәселелердiң 
бiрiне айналып отыр.  
ІІІ.Қорытынды:  
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы 
және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала  – ертенгі жаңа әлем. 
Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағымы  өте  көп.   Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген 
педагог  өз  ойын  жүйелі  түрде   жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық 
мәдениеті  дамыған,  интерактивтік  тақтаны  пайдалана  алатын,  Он-лайн  режимінде  жұмыс 
жасау  әдістерін  меңгерген  мұғалім  болуы  тиіс.  Заман  талабына  сай  жаңа  технология 
әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа 
оқуға,  жаңа  қатынастарға  бейімделуі  тиіс.  Осы  үрдіспен  бәсекеге  сай  дамыған  елдердің 
қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.  
2.  “Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз”   Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы, 2011 жыл        
3.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарғарналған 
мемлекеттік бағдарламасы     
4.  «Математика және физика » журналы №4, 2007 жыл  
5.  Мұхамбетжанова 
С.Т.,  Мелдебекова  М.Т.  Педагогтардың  ақпараттық  – 
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  бойынша  құзырлылықтарын  қалыптастыру 
әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.  
 
 
УДК 574:37.015.3(045 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Генжемуратова Л. К. 
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, 
glyazat@mail.ru
  
 
«Маған  жақсы  мұғалім  қымбат  –  өйткені  ол  мектептің  жүрегі»-деп  Ы.Алтынсарин 
айтқандай.  Менің  ойымша  алдымен  жақсы  мұғалім  болу  үшін  оқушының  жүрегіне  терең 
бойлап,оған  білім  алуына,  сабақты  үйренуіне,  талаптануына  ұстаз  әрқашан  жағдай 
жасап,оның  сабаққа  деген  қызығушылығын  ашатындай,  ой  түрткі  болатындай  етіп  бағыт 
бағдар  беруі    және  де  сабаққа  өзі  де  күрделі  дайындықпен  келуі  керек  сонымен  қатар 
оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлай білу және де
 
балалардын көңіл күйін ескеріп, оларды 
ынтымақтастыққа  баулып,  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріп  жаңа  әдіс  -  тәсілдер  арқылы 
сыни  ойлауын  дамытуда  АКТ  мен  оқыту  үшін  және  оқу  үшін    бағалауды  тиімді  пайдалана 
алуы керек.  
Жаңашыл мұғалім жаңа форматта сабақ беру арқылы 7 модульді қолданып оқушының 
пәнге деген қызығушылық қабілетін арттыру, өзгенің пікірімен санасу, топпен  жұмыс істеуге 
дағдылану, өз ойын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өз бетімен шешім қабілеттерін 
қалыптастыруға ерекше мән беруі тиіс. Бұрынғы сабақ барысында мұғалім көп сөйлеуге көп 
уақыт жұмсаса, ал қазіргі жаңаша оқытуда оқушы іс-әрекеті  арқылы өз бетімен білім алуға 
жұмылдырылады.  «Мұғалімнің  айналысатыны  –  үнемі  қозғалып,  өзгеріп,  өсіп-өркендейтін 
тірі  адам  болғандықтан,  біркелкі  әдістен    табан  алмай,  шектеліп  қалуға  болмайды»  -  деп 
Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай,  бүгінгі  жаңа  форматта  білім  беру  міндетінің    «үйреніп» 
қалған дәстүрлі оқытудан анағұрлым өзгешелігі  барын аңғардым. Біліктілікті жетілдіргеннен 


77 
 
кейін    мектептегі  тәжірибе  кезінде  түсіну  бір  бөлек,  ал  оны  іс  жүзінде  қолдану  бір  бөлек 
екенін  сезіну  керек.  «Барлық  балалар  табысты  оқи  алады,  әрине,  егер  мұғалімдер  оларды 
дұрыстап оқыта алса...»  тұжырымдамасына орай мектептегі тәжірибе кезінде жеті модульді 
кіріктіріп, бар мүмкіндігің мен ұстанымдарыңды ұштастыра отырып, әр сабағыңда әр оқушы 
басты  тұлға,  ал  мұғалім  -  оқытудағы    бағыт-бағдар  беруші  екенін  естен  шығармауымыз 
керек. 
Тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлап,  сабақ  өткізу  кезіндегі  қазақ  тілі  пәні 
бойынша Кембридж бағдарламасына сәйкес 7 модульдің қалай және неге енгізілгені туралы 
және осы модулдің тиімділігі жөнінде тоқталып өтпекпін. Менің бұл модульді таңдуымның 
негізгі  себебі  сыни  тұрғыда  ойлауға  үйрету  модулі  екі  мағынада  қарастырылады: 
оқушылардың  сыни  тұрғыда  ойлауын  дамыту  және  мұғалімдердің  сыни  тұрғыда  ойлауын 
дамыту.  (Мұғалімге  арналған  нұсқаулық,  13-бет)  Енді  тізбектелген    сабақтар  топтамасында 
сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулін қалай  және неге пайдаландым, соған толық тоқталып 
өтейін.Оқушыларды оқытудағы осы модульді таңдаған мақсатым:  
Оқудағы  жаңа  тәсілдерді  енгізе  отырып,  оқушылардың  бойында  өз  бетімен  білім   
алуға,  өзін-өзі  реттеу  дағдыларын  қалыптастыруға    және  оқушылардың    қазақ  тілі  пәніне 
қызығушылығын арттыру мен қатар ынтымықтастықпен өздігінен  жұмыс жасауға  бейімдеп 
дағдыландыру болды. 
 Орта  мерзімді  жоспар  құрудағы  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  7  модульді  
енгізудегі  қойған міндеттерім: 
 
 -  бағдарламада  іске  асырылатын  білім  берудің  жаңа  тәсілдерін  үйрете  отырып, 
өзгерістерді өз тәжірибемде қолдану; 
-  оқушының  сөздік  қорын  молайту,  ой-  өрісін  дамыту  жұмыстарын  сабақтың  әр 
кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру; 
-  ұлттық  бәсекеге  қабілетті,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын,  сыни  тұрғыда  ойлануға 
қабілетті, интелектуалдық  қасиеттері терең дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Нәтижесінде  оқушылар - тақытыптың логикалық жүйесін сақтай отырып тапсырманы 
орындай  алады.  Қазақ  тілі  сабағының  өткізілу  жоспарын  «Сын  тұрғысынан  ойлау» 
технологиясы  стратегиялары  негізінде  құрып  оқыту,  яғни  сыни  тұрғыдан  ойлау  тәсілін  іс-
тәжірибеме  енгізу  нәтижесі  жеткіншектер  бойында  мынадай  іскерлік  дағдыларды 
қалыптастыруға болатынына көз жеткіздім 
•  Әрбір  оқушы  өзіндік  жеке  ойымен,    өтілген  тақырыпты  өмірмен  байланыстыра 
алады және  өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленеді; 
• Жеке дауысты немесе өзгенің ой – пікірін (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) 
қабылдауға үйренеді; 
• Өз ойларын жинақтап, жүйелеп толық, дұрыс тұжырымдайды; 
•  Өз  біліміне  сүйеніп,  мәселенің  шешімін  дұрыс  тауып,  ойын  жеткізе  біледі,  яғни  
өзіндік «Мен» қалыптасады. 

 
Оқу  мен жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлауды дамытуда өтілген тақырыпты өз 
тәжірибелерімен  немесе  өмірмен  байланыстыру  арқылы  оқушының  бір  пәнді  оқыту 
барысында бірнеше пәнге қызығушылығы артып сыни көзқарастары  жүйелі дамиды.  

 
«Оқушы – оқушы» , «мұғалім – оқушы» арасында диалог құруға қабілеті артады. 

 
 Өз ойын еркін жеткізе алатын, жан жақты дамыған жеке тұлға қалыптасады және 
оқушының  сөйлеу  мәдениеті  қалыптасады.  Өтілген  тақырыпты  мнемоника  арқылы  есіне 
түсіреді. 
Төменде  «Сөз  құрамы»  және  «Морфология»  салалары  бойынша  түзілген  орта 
мерзімді жоспардың үлгісі келтірілген.  
Қазақ тілі  пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары  ( 6 – сынып) 
Сөз құрамы 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау