63
қызығушылығын дамыту. Коммуникативті оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға
негізделген әдіс.
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім беру саласында
ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің
бірі болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім беру үрдісін компьютерлендіру
ең маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру
жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім беру саясатының негізгі қағидаларын жүзеге
асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген
білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық
құралдарды, сонымен қатар технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық
тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесінің заманауи технологиялар мен интернеттің
пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер
мультимедиялық презентация, видеофильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және
т.б. көмегімен биология пәнін оқытуда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
қалыптастырады.
XXI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп бекерге атамаған. Компьютер
адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік
өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық
жағдайы, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік, дүниежүзілік
қоғамдастықтағы рөлі оның ақпараттық технологиялық даму дәрежесіне байланысты
болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде
білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Жалпы білім
сапасын жақсарту жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық
технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
«Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін
қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім
кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Кәзір бүкіл әлемде
индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық
мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді
информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын
жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы
оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін
дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша
ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми –
педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың
құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері
арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас
ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз
тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне
еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру,
өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне,
шығармашылық қабілетіне байланысты.
Биология сабақтарында ақпараттық коммуникативті технологияны келесі
нұсқауларда қолданамын.
• көп тараған түрі ол – мультимедиялық презентациялар.
• Флеш-фильмдер.
64
• Келесі менің сабағымда қолданатын әдіс ол – мультимедиялық карталар.
• Сонымен қатар өз педагогикалық іс-тәжірибемде оқу-әдістемелік құралдарды да
қолданамын.
• Берілген материалды терен бекіту мақсатында сабақта тестер мен тренажерларды
пайдаланамын.
Кроссвордтарды қолданамыз.
Сондықтан ақпараттық технологияны қолдану және ашық бағалау жүйесін қолдану
мұғалімге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары:
• оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.
• Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
• Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.
• Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
• Биологияны оқуға және үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады.
• Теориялық материалды толық игеру болады.
• Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.
• Өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы.
• Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнінде еңбек өнімінің жоғарлауы болады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып
қол жеткізуге болады.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы
анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру
саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып
табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен
мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін
құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға
негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық
және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік
туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік
шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай
сабақ беру үрдісінде кәзіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті
оқыту моделі болып табылады.
Оқыту процесін жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі ретінде проблемалық
шығармалық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақ сұхбат
болып өтіп, сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісті жетекшілікке аламын. Бұл әдістің
ерекшелігі оқушыны оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау
барысында оқушыларға проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беремін.
Проблеманы шешу барысында оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсінуі
арасындағы қарама-қайшылықты мен болдыртпауға тырысамын. Оның үстіне негізгі
проблемалар оқушылардың өздерімен көтеріп, сол проблемаларды шешу оқушылардың
өздеріне жүктеймін
Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану
барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі.
Қазақстанда Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараев,Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, М.М.
Жампейісова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан – жақты
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |