Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет35/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   176

74 
 
дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты 
игеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі.  Ақпараттық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі 
ақпаратты  қабылдау,  табу,  сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық 
технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану  қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті 
құзіреттіліктері  –  білім  берудің  жаңа   нәтижелер.  Құзіреттілікті  оқушының  пән  бойынша 
игерген  білім,  білігінің  жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу  нәтижесінде  өзгермелі 
жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын 
жаңа сапа.  
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты 
беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік 
технологияны  өз  қызметтеріне   еркін,  тиімді  пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыру.    
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан 
кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.  Ақпараттық 
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-
құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны  пайдалану  дағдыларын 
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына 
бейімделе  білуге  тәрбиелеу,  яғни  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу.  Ақпараттық  технология  – 
қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау 
істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және  кибернетикалық  тәсілдер  мен  қазіргі 
техникалық құралдар жиыны.  
Коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін  және 
оларды  жазып  жинақтап  жеткізу  құрылғыларын  қамтитын  жалпы  ұғым.  Ақпараттық-
коммуникативтік  технология  жағдайындағы  жалпы  оқыту  үрдісінің  функциялары:  оқыту, 
тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық  болжамдау  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытумен 
анықталады.  
 Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –  бұл  коллективтік,  өзін-өзі  толықтыратын, 
барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне  негізделген,  оқу  процесіне  оқушының  қатыспай 
қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  процесін  ұйымдастыру.  Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең 
алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту 
болып  табылады.  Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара  әрекетке, 
қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және 
сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.  
Оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  және  интерактивтік  технологияларын 
пайдалану  –  педагогикалық  іс-әрекеттердің  мазмұны  мен  формасын  толықтыру  негізінде 
оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден  бір  жолы.  Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін, 
электрондық 
оқулықтарды, 
мультимедиалық 
технологияларды, 
қашықтан 
оқыту 
технологиясын  пайдалану  оқу  орындарында  ақпаратты-коммуникациялық  технологиялар 
кеңістігін құруға жағдай жасайды.  
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы 
жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер,  электрондық  оқулық, 
интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, 
ақпарат  алмасу,  интернет,  электрондық  пошта,  телеконференция,  On-line  сабақтар  арқылы 
іске асырылуда.  
Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар  қолдану  арқылы 
оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын  тудыру, 
белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.  
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, 
ең  бастысы  –  білім  беру  мекемелерінің  қуатты  компьютер  техникасымен  қамтылуы,  оқу 
пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің 
дамуы  мысал  бола  алады.  Бүгінгі  таңда  білім  беруді  ақпараттандыру  формалары  мен 
құралдары  өте  көп.  Оқу  процесінде  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  құралдар 


75 
 
мүмкіндігін  комлексті  түрде  қолдануды  жүзеге  асыру  көп  функционалды  электрондық  оқу 
құралдарын  құру  және  қолдану  кезінде  ғана  мүмкін  болады.  Білім  беруді  ақпараттандыру 
жағдайында  оқушылардың  ақпараттық  сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және 
ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті 
мәселесіне айналып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?  
Білім  ақпараттық  қоғамда,  жаһандану  заманында  құнның  негізгі  көзіне  айналуда. 
Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері: 
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.  
2.  Ақпараттық  мәдениет  орталығы. Ақпараттық-коммуникациялық  технологияға 
интернет,  теледидар,  электрондық  почта,  радионы  жатқызуға  болады.  Мұғалім  ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  арқылы  оқушылармен  байланысын  жеке-дара  жақындаса 
алатындай  жолмен  жүргізуге  мүмкіндік  алады.  Мультимедия  кабинетінде  электрондық 
оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:  
1.  Мұғалім  оқушы  білімін  бағалауды  компьютерге  жүктейді.  Бұл  бағалау 
көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.  
2.  Оқушы  жеке  жұмыс  жасайды. 3.  Мұғалім  сыныптағы  оқушылардың  жағдайын 
толық  көріп,  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  онымен  жеке  жұмыс  жасауға  мүмкіндігі 
ашылады.  
Сонымен  қатар  пәндерді  оқыту  әдістемесіне  интернет  жүйесін  қосу  сапалы  білімнің 
қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын 
мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше 
ізденуге  ұмтылдырады.  Оқушылардың  мұндай  қабілеттерін  ашып,  танымдық  іс-әрекетін 
қалыптастыратын  әрине,  мұғалім  екені  даусыз.  Оқытудың  бұл  жүйелерінде  мұғалім  тек 
басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.  
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;  
-  өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін  танымдық 
қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;  
-  ақпаратты  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  қарауға  сақтауға, 
түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық 
технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;  
-  логикалық  операцияларды  (талдау,  жинақтау,  құрылымдау,  тікелей  және  жанама 
дәлелдеу,  аналогия  бойынша  дәлелдеу,  моделдеу,  ойша  эксперименттеу,  материалды 
жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;  
-  өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  үшін  ақпаратты  қолдануға 
мүмкіндік береді.  
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы 
міндеттерді  шешуде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-
жақты қолдану қабілеті.  
Коммуникативтік құзіреттілік:  
-  нақты  өмір  жағдайында  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ  және  басқа  тілдерде 
ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;  
-  коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  сәйкес  келетін  стилдер  мен  жанрларды 
таңдауға және қолдануға;  
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;  
-  нәтижелі  өзара  іс-әрекетті,  түрлі  көзқарас  және  әртүрлі  бағыттағы  адамдармен 
сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; 
-  жалпы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  түрлі  көзқарастағы  адамдар  тобымен  қатынас 
(коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.  
Математика 
 сабағында 
ақпараттық 
технологияларды 
пайдалану 
арқылы 
оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін  қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай 
ақпараттық  технологияларды,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды 
пайдалану  оқушының  білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау