52
Өнегелілік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бар адам адамгершілігін
жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты,
мақсаты) болады.
Адамгершілік тәрбиенің негізі отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта
өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді.
Адамгершілік тәрбиесі-тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы
қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол
жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың
адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат
сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланылады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде
этикалы қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады. Мектеп
жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық,
отансүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын
жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этикалық әңгіме, пікір-сайыс, лекция өткізу және көркем-
өнердің түрлі салалары мен әдебиетті кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер
болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы // Талдықорған газеті, 2005.25.02, - 4 б.
2. Құдайбердіұлы Ш.
Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. –А., 2001.
3.
Ушинский
К.Д.
Человек как предмет воспитания:
опыт
педагогической
антропологии. - М., 2000.
4. Добролюбов Н. А. Педагогические идеи. - М., 1999.
ӘОЖ 373.015.3
Ж.АЙМАУЫТОВ «ӘНШІ»
Берлыбаева Толқын Батталқызы
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Х. Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы Ж.Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын еске түсіру.
«Әнші» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, тақырыбы мен идеясын ашу. Әңгіменің
негізгі кейіпкері Әміре Қашаубаевтың қазақ музыка тарихынан алар орны жайлы
әңгімелесу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін, ауызекі
сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуіне дағдыландыру. Оқуға деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелік : Оқушылардың елін, жерін құрметтеуге баулу. Жазушы өмірін үлгі ете
отырып, адагершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау
Көрнекілігі: тапсырмалары жазылған кесте
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
53
ІІ Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымызды ұлы ақын Абай атымыздың «Өлді деуге
бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған?! –деген өлең жолдары арқылы
бастағым келеді. Өйткені, олар өздері өлсе де, есімі халық жадында мәңгі сақталған 60 жыл
бойы оқырмандар назарынан тасада болып, еңбетері шаң басқан мұрағаттарда жатса да,
құндылығының бағалы – ғылымилығының арқасында ел тәуелсіздігімен бірге
оқырмандарына қайта оралған.
Олар: М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев. Ж.Аймауытов.
Өткен сабақтарда М.Жұмабаевтың. А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың өмір жолдарымен
танысып,
шығармаларын
оқыдық.
Бүгінгі
сабағымызды
Ж.Аймауытов
жайлы
әңгімелесеміз.Сіздерге үйден Ж.Аймауытовтың өмір жолын,шығармашылығын оқулықтан
оқып, өлең жолдарын жаттап келу тапсырылған.
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
Поэзиялық туындылары
«Сарыарқаның сәлемі»
«Ах – ха – хау»
«Көшу»
«Ұршығым»
«Жәмила»
«Әскер марсельезасы»
«Тұңғиық түпсіз астында»
Драмалық шығармалары
«Ескі тәртіппен бала
оқыту»
«Рәбиға»
«Қанапия мен
Шәрбану
«Шернияз»
Достарыңызбен бөлісу: |