Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет24/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176

50 
 
шәкіртінің  өмір  бойғы  ақылшы  досына,  сенімді  сырласына  айналады.  Есейіп  кетсе  де, 
өмірдің  қиын  –қиын  қырларын  асарда  мұғаліміне  келіп,  ақыл  –кеңес  алады,  ұмытпайды. 
Ұстазы еңбегінің  ұлылығы да осында жатса керек. 
Жақсы ұстаздан тәрбие алған оқушы да, шәкірті жақсы мұғалімі де бақытты болары 
сөзсіз. Ұстаз бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді. 
Адамгершілік тәрбиесі - тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұл-
ғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  —  адамдарды  жалпы  адамзаттық  мораль  рухында 
тәрбиелеу. Мораль дегеніміз -адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын 
айқындайтын  мінез  -құлқының  нормалары  мен  ережелерінің  жиынтығы.  Мораль  латын 
тілінде "адамгершілік" ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын 
жалпы түрде анықтайды. 
Ал адамгершілік дегеніміз — жағымды мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің 
жиынтығы.  Мінез  деп  адамның  жеке  басындағы  қоғамдық  ортаның,  тәрбиенің  әсерімен 
қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын 
күрделі процесті айтамыз. 
Адамгершілік жиынтығы -  борыш болып табылады (Парыз). Яғни: 
-  адамның - адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы; 
-  ата-аналардың  балалары  алдындағы  немесе  балалардың  ата-аналары  алдындағы 
борышы; 
-  жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы. 
Адамгершілік борыш идеясы — бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын 
назардан  үнемі  тыс  қалдырмау  керек.  Олай  болса  адамгершілікке  тәрбиелеу  дегеніміз 
жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтьш жамандық атаулыга жол бермеу 
деген  сөз.  Әрбір  адам  адамгершілік  ұстанымдарды  бұзу  —  жамандықтың  басталатын 
межесінен аттау екенін сезінуі қажет. 
Адамгершілік  -  қоғамдық  өмірдің  жемісі.  Ол  қоғам  өміріндегі  өзгерістерге  байла-
нысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады.  
Таптық  қоғамның  жанашырлары,  соның  ішінде  идеалистік  сипаттағы  психология 
"адамда туа біткен адамгершілік" туралы бірқатар теорияларды дамытты. 
Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  ұлттық  бейненің  озық,  өнегелі 
дәстүрлерін  жас  жеткіншектер  бойында  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  қалыптастыру 
қоғамымызда  аса  маңызды  міндеттердің  біріне  айналғаны  даусыз.  К.  Д.  Ушинскийдің: 
"Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді" - деген идеясын 
дамыта отырып [3], Н. А. Добролюбов: "Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың 
ішінде  болып  табылады,  халықпен  біте  қайнап  дамыған  адамгершілік  сол  халықтың 
ерекшелігін,  тілектері  мен  талаптарын,  үміттері  мен  болашақтарын  білдіреді.  Сондықтан 
мектеп  адамгершілігі  жоғары  жастарды  қалыптастыру  үшін  халықпен,  оның  өмірімен  өте 
тығыз  байланыста  болуы  тиіс,  халықтан  нәр  және  әсер  алып  отыруы  тиіс"-[4]  деген. 
Адамгершілік  тәрбиесіне  көзқарасында  ол,  ұлттық  тәлім-тәрбиенің,  оның  іргетасы  бола-
тындығын дәлелдейді. 
Адам  баласы  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен  жағымсыз  қасиеттері  жөніндегі  күні 
кешегі  данакөз  қариялар,  ақылман  ата-бабаларымыздың  бізге  қалдырған  өсиет-өнегесін 
көлденең  тартсақ,  бүгінгі  мен  ертеңгі  ұрпақ  содан  тағлым,  тәрбие  алсын  дегеніміз  дағы  - 
деген тағы бір ойымыз адамгершілік тарбиесіндегі халықтық тәрбиенің мадыздылығын тағы 
бір айқақтайды. 


51 
 
Адамгершілік-адамның  рухани  арқауы-демекші,  оны  ұрпақ  тәрбиесінде  қалып-
тастыруда  қазақ  халқында  негізінен  эпостық  жырлар  мен  фольклорлық  шығармаларының, 
соның ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған. Адамгершілік қасиетін сіңіруде ұлттық 
салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз оның берік діңгегі және ажырамас бөлігіне айналғалы 
қашан.  Сондықтан  да,  күллі  дамуымыздың  бағыт-бағдарына,  болашағымыздың  жарқын-
дығына  тікелей  қатысы  бар  ұлттық  тәлім-тәрбие  мәселесі  бүгінгі  өміріміздің  өзегі  бола 
бермек. Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі 
кезде  өз  тілін,  өз  мәдениеті  мен  салт-дәстүрлерін  қалпына  келтіріп,  оны  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  мақсатына  пайдалануда  игі  істер  атқарып  жатқаны  бұл  мәселеде  оның  мәні  мен 
маңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күман туғызбайды. 
Адамгершілік  тәрбие  әр  уақытта,  әр  қоғамда  болып  келген.  Кешегі  кеңестік  дәуірде 
адамгершілік  тәрбие  дұрыс  болған  жоқ  деп  айта  алмаймыз.  Адамгершілік  кейбір  бағыттар 
замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие - қоғамдық құбылыс. 
Адамгершілікті  мемлекет  қайраткерлері,  ғалым  ұстаздар,  көсемдер,  небір  жақсылар 
уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы, сезімді, саналылықты, 
инабаттылықты,  салауаттылықты,  адалдықты,  шыншылдықты,  т.б.  насихаттаған. 
Адамгершілік  тәрбие  біртұтас  оқу-тәрбие  процесінің  негізі  болып  табылады.  Адамгершілік 
қасиет  мораль,  этика,  өнеге  арқылы  айқындалады.  Мораль,  этика,  өнеге  адамгершіліктің 
күретамыры  болып  табылады.  Сондықтан  да  біз  адамгершілік  тәрбиені  осылардан 
бастағанды жөн деп отырмыз.  
“Мораль  (латыншасы  моралис,  қазақшасы  —  әдет-ғұрып)  -әлеуметтік  шындықтың 
этикалық  саналарын  (ізеттілік,  мейірбандық,  әділеттілік,  мінез-құлық,  әдет-ғұрып,  т.б.) 
бейнелейтін  қоғамдық  сананың  бір  түрі.  Мораль  дегеніміз  —  адамдардың  бір-біріне  және 
қоғамға  деген  міндеттері  мен  қарым-қатынастарын  анықтайтын  қауымдық  өмір  сүру 
ережелерінің,  адамдардың  мінез-құлықтары  нормаларының  жиынтығы.  Моральдың  сипаты 
экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі 
бір таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері байқалады. 
 Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық 
қоғамда  өмірдің  саласында  -  еңбекте,  тұрмыста,  саясатта,  ғылымда,  отбасында,  әр  түрлі 
қатынаста  адамның  мінезін,  іс-әрекетін,  қатынасын,  санасын  реттейді.  Мораль  этикамен 
байланысты.  
Этика  -  бұл  философиялық  ғылым,  қоғамдық  сананың  формасы,  қоғамдық  қаты-
настардың түрі. 
“Этика (грекшесі, қазақшасы - әдет, мінез-құлық) -мораль туралы, оның шығуы мен 
дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын 
адамгершіліктің әр түрлі қоғамдық құрылыстардағы сан алуан формалары мен нормалары 
туралы ілімдер жүйесі”. 
Гуманистік  мораль  шынайы  адамгершілік  қарым-қатынастарды,  ынтымақтастықты, 
ізеттілікті,  адалдықты,  кішіпейілдікті,  қарапайымдылықты,  қайырымдылықты  қуаттап  уа-
ғыздайды.  
Шынайы  ұжымдық  моральдың  ұраны  “У  жесең  де  руыңмен  же",  немесе  "Біріміз 
бәріміз  үшін,  бәріміз  біріміз  үшін".  Мұндай  принцип  өзімшілдікпен,  менмендікпен, 
пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалықтың, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. 
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана, өнегелілік идеал деп бөлінеді. 
“Өнегелі  немесе  адамгершілікті  сана  -  адамның  қарым-қатынасынан,  оның  эмо-
ционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, 
ата-ананың  үлгісінен  басталып  ағайын-туыстың,  жора-жолдастың  ыңпалымен,  мектептің 
тікелей  басшылығымен  қалыптасады.  Өнеге  -  адамдардың  бір-біріне,  қоғамға  деген  мін-
деттері  мен  қарым-қатынастарын  анықтағанда  көрінетін,  олардың  тәлім-тәрбиелілігі, 
үлгілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы”.  


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау