Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет23/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   176

48 
 
сезімін, өзін -өзі сыйлай білу қабілетін қалыптастыру керек. Әр адамға сиқырлы тастардың 
қазынасы  деп  қарау.  Бұл  қазынаны  тек  дұрыс  тәрбие  ғана  қазып  алып,  адамзат  қажетіне 
жарата алады. 
Жасөспірімдердің  бойына  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  дамыта  отырумен  бірге, 
мұғалім  мен  баланы  қарым  –  қатынас  демократиялы  түрде  болуы  шарт.  Қарым  –қатынас 
әдебіне  қатысты принциптердің сипатын табуға тырыстық. Олар төмендегідей: 
1)Үнемі жылы шырай таныту; 
2) Үнемі мадақтап отыру; 
3) Ынтымақтастық; 
4) Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі; 
1.  Үнемі  жылы  шырай  таныту.  Мұғалімнің  әрбір  сөзі  оның  көңіл  –күйін  білдіреді. 
Мысалы үшін мына екі сөйлемді салыстырып көрейік: 
-«Айгүл, тыныш, басқалармен бірге қайтала!» 
-«Айгүл, қымбаттым, енді өзіңнің сөзіңмен қайтала!» 
Екінші сөйлем жылы сөзден тұрады. «Қымбаттым» деген сөзді жақсы көрмей тұрып 
та    айтуға  болады.  Мұғалімнің  жылы  шырай  танытуы  оның  сөйлеген  сөзінен,  дауыс  ырға-
ғынан,  қимыл–қозғалысанан  көрінеді.  Балалар  туралы  айтқан  әрбір  әрекетіне  көңіл  бөліп 
отыру баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Олар өздеріне сеніп, тапсырылған әрбір іске 
сеніммен кірісіп, өздерінің қабілетін толық ашуына мүмкіндік береді.  
2. Үлкендер қолдап отырғанда, балалар өздерінің біліктерін бұрынғыдан да табысты 
іске асырады.    
Олар өздерінің шығармашылық потенциялын шындап, іске асыруға құлшына кіріседі. 
Мұндай  балаларды  ешқандай  қиындық  қорқыта  алмайды,  қайта  шыңдай  түседі.  Мақтау 
балаға  қанат  бітіріп  қабілеті  мен  мүмкіншілігін  арттырады.  Мұғалім  оқушының  жақсы 
әскерлік жасауға тырысуын көргенде, оны үнемі мақтап отыруы керек. 
Мақтау  –  балаға  білім  беру,  мінезін  тәрбиелеу  жолындағы  ең  маңызды  кілт.  Бірақ, 
сезімге беріліп, баланы көп мақтап жіберуге болмайды.  Ол шын көңілден шығуы керек. 
Мұғалімді  рухани  өнегелі  жетекші  деп  айту  үшін  мына  жағдайларды  топтастыру 
керек: 
-Қиыншылықпен күресуге көмектеседі; 
-Кез келген қолайлы сәтті пайдаланып, баланы оқытып отырады; 
-Баланың өзіне еркіндік береді; 
-Баланы жетістікке жетуге тырысқаны үшін мақтап отырады; 
-Баланы үнемі бақылап, барлық тілегін орындап отырады; 
-Балаға, сізге қарап өзінің талаптын, жетістігін көріп отырып айна болу. 
3.  Ынтымақтастық.  Білім  беру  ісінде  оқушылармен  «Бірігіп  зерттеу  тәсілі»  көптеген 
мұғалімдердің құралы болып келеді. Біздердің, оқушы мен мұғалім ретінде бір  –біріміз бен 
ынтымақтыстығы  күннен  –күнге,  жылдан  –жылға  өсуі  тиіс.  Яғни,  білім  –таным  теңізінің 
атмосферасын құрау керек. Әрі қарай «Бірігіп зерттеу» барысында оқушылардың бір –біріне 
ынтымақтастығы, өзара қарым –қатынасы, таным әрекетінің нәтижесі, оңды әсер ететін атап 
өтуге болады.  «Бірігіп зерттеу» егер ойлау мен әрекет етуде бірігу болса, табыстарымыз да 
қомақты әрі тиянақты болады деген принципке негізделген.  
4. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі. Біздің білім берудегі мақсатымыз балаларды 
зерделі де өнегелі адам болып өсуге тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздері 
мен  өнегелі  өмір  принциптерін  бағалап,  өздері  таңдауына  жол  беру  керек.  Осы  нәтижені 
жігерлі  де  нәтижелі  шеше  алатын  балалар  өз  ойларын,  өз  пікірлерін,  өзінің  сезімдерін  дәл 
айта  бере  алуға  тез  үйренеді.  Олар  басқалардың  көңіл  күйін  бөлісе  өнегеліктің  проб-
лемаларын  талқылып,  шеше  алады.  Олар  өзін  -  өзі  танып  біле  алады  өзіне  сенімді,  өз 
сезімдерін  шын  айта  дұрыс  пікір  айтып,  басқаларға  көмектесе  алады.    Осыдан  тәрбие  мен 
тәрбиеленген  оқушылар  дарынды,  тәрбиелі,  адамгершілігі  мол  тұлға  болып  қалыптасады. 
Жалпы жеке тұлға қоғамдық қатынастардың ықпалынан болатындықтан қарым –қатынассыз 
адам  қалыптасуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  тұлға  өзінің  айнала  қоршаған  ортаға,  басқа 


49 
 
адаммен қарым –қатынасқа түсуге әрқашан икемделіп, дамуы керек. 
Сонымен  бірге,  оқушылардың  мұғалімдер  олардың  бойындағы  қасиеттері  туралы  да 
ақпарат  алу  мектеп психологы үшін өте қажет. 
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынасты құру олардың өзіндік тұлғасы мен 
жеке  ерекшеліктерін  ашуға  көмектеседі.  Өзіне  демократиялық  стильді  таңдап  алған 
мұғалімге  оқушының  мақсаты  мен  әдісін  анықтай  алу,  оның  тұлғанысының  жетілуін 
бағдарлай білу, түсінушілік секілді  қасиеттер тән. Өзіне осы стильді   таңдап алған мұғалім 
«А»  тобының  оқушыларының  жауаптарынан  мынадай  қорытындыға  келеді.  Оқушылар 
мұғалімге сеніммен қарайды болашақ туралы жоспарларымен бөліседі. «Б» тобының сауал-
намасының нәтижесімен салыстырсақ, мұғалім бұл жерде авторитарлы стильді қолданады. 
Оқушылар:  «Мұғалім  бізді  түсінбейді,  біз  туралы  бағамызға  қарай  жорамал-
дайды,тұлға ретінде бағаламады, жеке ерекшеліктерімізге көңіл  бөлмейді, біз бір  –бірімізді 
түсінбейміз.Мұғалім үшін біз оның, өзінің педагогикалық әсер ете алатын объектісі ғанамыз» 
деп жауап береді. 
Оқу  тәрбие  үрдісіндегі  педагогикалық  қатынасудың  рөлін  дұрыс  бағаламауға 
болмайды. Қатысудың қызметі – тұлғаның өзін тануы. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті –оқу-
шының өзіндік «менін» тануға көмектесу, өзінің қажет екендігін сезіндіру, өз  - өзін бағалай 
білуін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.    Мұғалім  мен  оқушы  қатынасуының  өзіндік  мақсаты 
бірін  –  бірі  түсінуі.  Сабақты  жоспарлап  отырғанда,  өз  ойын  жақсы  жеткізе  алуға  өзінің 
талаптарын  туындата  білуге  үйрету.  Әсіресе,  оқушылар  мен  жұмыс  істеп  сабаққа  қызы-
ғушылығын арттыратын әдістерді қолдану қажет. 
Мұғалім  балаға  ең  дұрыс  қарым  –қатынаста  болуы  үшін  олар  туралы  мынандай 
деректерді білу қажет.  
1. Оқушылар туралы жалпы мәліметтер, аты – жөні, мекен - жайы, жанұясы т.б. 
2. Сыртқы қабілеті. 
3. Сөйлеу ерекшеліктері. 
4. Ақыл мен дарындылық құрылмы. 
5. Эмоционалдық сезімдік сферасы . 
 
6. Жеке тұлғаның іскерлік сапалары. 
7. Оқуға (еңбекке) әртүрлі міндеттерді орындауға қатынасы. 
8. Адамдармен қатынасының сипаты: -қатынас формалары. 
Қазіргі әлеуметтік жағдайға байланысты балалардың психологиялық тәрбиесіне көңіл 
толмайтын  жағдайларымыз  көп.  Мысалы,  өтірік  айту,  жағымсыз  қылықтар  т.б.  Қазіргі 
балалардың психологиясы қатты өзгерген. Мұғалімдер немесе ата  – ананалар баланың мек-
тептегі  негізгі  пәндеріне  ғана  (математика,  тарих,  информатика  т.б.)  көңіл  бөледі  де  оның 
ішкі жан дүниесіне сезіміне көңіл бөлмейді. Егер біз бүгінгі күннен балаларды адамгершілік 
қарым  –қатынасқа  тәрбиелемесек,  болашақта    олар  өз  елін  дамытуға,  өркендеуге  өз  үлесін 
қоса  алмайды.  Ал,  ондай  ұрпақ  өз  кезегінде  мемлекет  тірегі  болар  деген  сенімімізді  ақтай 
алмайды.  Сондықтан  қазіргі  жағдайда  бала  тәрбиесіне  басты  назар  аударуымыз  керек.  Тек 
тәрбие ғана емес, құнды, адамгершілік қасиетке, рухани  –білімділікке көп көңіл  бөлгеніміз 
жөн.  Ұстаздармен  қатынасқа  түскен  әрбір  шәкірт  өзіне  қажетті  құндылықтардың  бәрін  өз 
деңгейінде  меңгеруі    тиіс.  Бұл  адами,  біліми  құндылықтар  шәкірт  санасында  мәңгі  қалып-
тасып, өмір сапсында мәңгі қалыптасып, өмір барысында өз жемісін беруі керек.  
Жалпы  қорытындылайтын  болсақ  оқушылар  мен  қарым  –  қатынастағы  ұстаздың 
адамгершілік  позициясы  көп  нәрсені  өзгертетіні  анық.  Ол  тек  тәрбие  процесінде  емес, 
сонымен бірге білімділік, сапалылық деңгейде де көрінеді. Жас шыбықты қисық отырғызсаң 
–қисық,  түзу  отырғызсаң  түзу  өсетіні  сияқты  шәкіртті  де  адами  құндылыққа  толы, 
адамгершілік  таныммен  тәрбиелесе,  ол  ұстаз  тұлғасы  шәкіртінің  ойынан  есте  шықпайды. 
«Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»,  «Шәкіртіне  қарап  ұстазын  таны»  деген  асыл  сөздер 
мұғалімдердің  биік  санасына,  білімнің,  адамгершілік  қасиеттерінің  жоғары  деңгейіне 
айтылса керек. 
Шәкіртін  өнер  –білімге  баулап,  адамгершілік  ізгі  қасиеттерді  сіңіре  білген  ұстаз, 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау