35
қалыптасады. Мақсатқа байланысты сұхбаттасудың мазмұны кіріспе, жалпылау, түсіндіру
және эвристикалық түрде болуы мүмкін.
Сұрақтар жүйесін құруда келесі жағдайды ескеру керек:
- Сұрақтар әр түрлі бағытта қоюлы қажет (толық және толық емес). Жаңа модел
жасау туралы сұрақтың өзгеруі оқушылардың білімі мен біліктілігіне байланысты болады;
- барлық бейне және рөл бойынша сұрақтар негізгі және көмеші болып бөлінеді.
Ұжыммен сұхбатта мұғалім сыныпқа негізгі сұрақтан бастайды. Оқушылар жауап беруге
қиналғанда мұғалім көмекші сұрақты ұсынады.
Көренілік әдіс, демонстрация, тәжірбие бақылау. Оқу демонстрациясы – оқу
үрдісінде мұғалімнің әртүрлі көрнекі құралдарды пайдалану.
Еңбек сабағында объектілерді
табиғи бейне, суреттер, заттық-операциялық және сөздік түрде көрсету модельдер, құрал-
жабдықтар, оқу филімдерін демонстрациялауға болады.
Көбінесе бұйымдар үлгі бойынша орындалады, себебі белгілі қажеттілікті талап
етеді:
- Күрделі жағдайда үлгі бағдарламаға сай болу керек;
- үлгі әдемі, жинақы, ұқыпты болу керек және де оқушылар пайдаланатын
материалдан жасалған болуы қажет;
- үлгіоқушылар жасай алатындай жағдайда болуы тиіс;
- үлгі көлемі оқушылар жасауға қолайлы болуы тиіс ( өте үлкен бұйым жасау көп
уақытты қажет етеді, ал кішкентай бұйым жсау, оның бөлшектерін жасауда, көруде
оқушыларға қиындық туады).
Сабақ барысын жүргізуде жасалатын бұйымның графикалық және сөздік, заттық-
операциялық жоспары қолдынылады. Заттық-операциялық жоспар-жартылай фабрикалық
ретте орындалған бұйымдардың заттық-операциялық жоспарын құруды келесі қажеттіліктер
қатарын орындау керек:
- Біркелкі
бейнелер операциясы;
- бұйымның үлгісін жасауға дайын болуы тиіс;
- үлгіні тақтаға немесе жеке карточкаларға іліп қоюы керек, себебі оларды алып жан-
жақты көруге ыңғайлы болу үшін;
- жоспарда жазылған бөлшектер көлемі үлгіге
сай болуы тиіс;
- сызықтар, белгі, сандар артқы жақта отыратын оқушыларға көрінетіндей анық
үлкен болуы керек;
- қағаздың түсі, жіп, матаның кескіні және оқушыларға таратылатын құралдар да
заттық-операция жоспарында үлгіге
сай келуі тиіс;
- көрнекі құралдарды қабылдауды қиындатпау үшін, жалған үлгіні жасауға
қолданылатын материалдардан жоспары карточкаларының реңі өзгеше болуы керек.
Графикалық жоспар-графикалық сурет түрінде орындалатын жұмыстың бірізділігі.
Графикалық жоспар құру кезіңде келесі қажеттіліктерді қолдану керкек:
- Суреттер үлгіге қарағанда біршама үлкейтілген ретте анық бейнеленген түрде
берілуі тиіс;
- жоспарда бөлшек түсі оқушылар жасайтын бұйымның материалың түсіне сәйкес
келуі тиіс;
- әрбір сурет міндетті түрде әрбір кескінге сәкес келуі қажет [3].
Тәжірбие – сыртқы көрініспен анықтауға мүмкін болмайтын, белгілі өзіне тән заттар
мен қимыл-қозғалыс бағыты. Оқушылар еңбек сабағының барысында әртүрлі
материалдардың қасиеттерін біледі (ермексаз, саз, қағаз, жіп, ағаш материалы, сым темірлер
және т.б.) Мысалы: оқушы қағазды қасиетін білу үшін онымен бірқатар жұмыстар жасайды.
Олар қағазды жіңішке және жуан қылып бүктейді, қияды және т.б. Әрбір әрекет сайын есеп
беріледі, тәжірбие қорытындысы оқушылармен бірге талқыланады.
Бақылау - бұл мақсатқа бағытталған, құбылыстарды, үрдістерді ұзақ қабылдайды
және оларда пайда болатын өзгерістермен ерекшеліктерді анықтайды. Еңбек сабағында