Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет18/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176

38 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Оқушыларды  еңбекке  даярлаудың  ғылыми  -  педагогикалық  негіздері  [Мәтін]: 
Педагогика  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертацияның авторефераты / Мүсілімов Ә. - Алматы : Б.ж., 2003. - 46 б. 
2.  Беспалько В.П. Слагаемы педагогические технологий – М.: Педагогика, 192 с. 
3.  Ермилова Е.В., Товченик И.А. Технология. Алматы: Мектеп , 2008. 
 
 
ӘОК37.013.2 
 
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ 
 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бақтыбаева З.М. 
№4 орта мектебі, Талдықорған қаласы 
 
  Дарындылық мәселесін зерттеуге көптеген ғылыми еңбектер жазылған: проблеманың 
философиялық  жасаудың  бастауы  әл-Фараби,  Аристотель,  Гельвеций,  Дидро,  Локк, 
Платонның  еңбектері,  қазіргі  философтартардың]  еңбектерінде  практикалық  іс-әрекеттегі 
дарындылықтың  даму  проблемалары  зерттелген,    Қазақстан  Республикасында  бұл 
проблемамен  айналысып,  өзінің  ғылыми  үлесін  қосқандар:  К.Ж.Аганина,  К.М.Арынғазин, 
Ж.Ж.  Наурызбай,  Ж.А.  Макатова.Сонымен  қатар  белгілі  психолог,  психология 
ғылымдарының  докторы  Н.  Лейтестің  [1]  ғылыми  еңбектерін  атап  өткіміз  келеді.  Оның 
дарынды балалардың психикасын зерттеу бойынша еңбектері орыс психологиясында беделді 
орынды  алып  отыр.  В.А.  Моляко  [2]  теоретик  ретінде  үлкен  жұмыс  атқарды,  ол 
шығармашылық  психологиясының  мәселелерін  терең  зерттеп,  дарындылықты  зерттеуге 
ыңғай табуын жасасты, ол осы психоологиялық құбылысты толық құрылымын құрастырды. 
Данышпан  мен  дарынды  адамдардың  физиологиясы  саласындағы  қызықты 
зерттеулерді  профессор  В.П.Эфроимсон [3] жүргізді, кез келген құбылыстың механикасын 
білу барысы оның байқалған нәрсенің бір түрі туралы нақты айтуға болады. 
Тақырыптың  көкейкестігі  мен  зерттеудің  қажеттілігі    жай  балалардан  гөрі  дарынды 
балалармен басқа тұрғыда жұмыс істеу керек, олар өз қабілеттерін жоғалтпау үшін оларды 
тез арада дамыту қажет.    
Балалардың  дарындылығы  мәселелерін  өзектілігін  П.В.Тюленев  өте  нақты  айтқан: 
«…осы  сұрақты  шешу  барысы  баланың  болашағына,  отбасының  бақытына  байланысты. 
Баланың ата-анасы шындықты білгісі келеді және оны жасыруға қарамастан оны білу керек». 
Бала  қабілетін  тәрбиелеу  үшін  жүргізілетін  жұмыстардың  мазмұны  мен  түрлері  сан 
алуан.  Бұларды  нақты  жағдайларға  байланысты  (оқушылардың  жас,  дара  ерекшеліктері, 
тұрғын  жері,  отбасы жағдайы, т.б.) жургізе білу әpбіp  мұғалімнің жеке шығармашылық ici. 
Мәселен,  мұғалім  жүргізетін  осындай  жұмыстардың  бipi  —  оқушылардьң  оқу  әрекетін 
тартымды,  мазмұнды,  қызғылықты  етіп  ұйымдастыру.  Әcipece,  төменгі  сынып 
оқушыларының  бейімділіктерін,  қызығуларын  көре  білумен  қатар,  оларды  барынша 
көтермелеп,  белсенділігін  үнемі  арттырып  отырған  жөн.  Мәселен,  мұғалім  жақсы  үлгіретін 
оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, "орташа" қабілеті 
бар  балаларды  да  бақылаудан  тыс  қалдырмаған  дұрыс.  Кей  жағдайларда  осындай 
балалардың  табиғи  мүмкіндіктері  жеткілікті  болғанымен,  мұғалімнің  назарынан  тыс  қалып 
қояды  да,  ол  "орташа"  оқушы  болып  кете  береді.  Сондықтан  да  оқушының  келешегіне  зор 
үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да 
ұмытпауы тиіс. Бұл үшін ол оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындалу сапасын 
тексереді,  сондай-ақ  баланың  ыждағаттылығын,  ұқыптылығын  қадағалап,  оның  қабілетінің 
дами  түcyiнc  бағыт  көpceтіп  отырады.  Баланың  практикалық  қабілеттерін  дамытуда 


39 
 
мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән-күй 
сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады. 
Жалпы  тұрғыда  дарындылықты  келесі  компоненттерімен  жүйе  ретінде  қарастыруға 
болады:  биофизиологиялық,  анатомо-физиологиялық  нышандар;  жоғарғы  сезімділікпен 
сипатталатын  сезімдік-перцептивтік  топтар;  жаңа  проблемаларды  шешу  және  жаңа 
жағдаяттарды  бағалауға  мүмкіндік  беретін  интеллекталдық  және  ойлау  мүмкіндіктері;  ұзақ 
доминаттық  бағдарлау  және  олардың  жасанды  қолдауын  анықтайтын  эмоционалдық-
қайраттық құрылымдар; жаңа бейнелер тиімділігінің жоғарғы деңгейі, қиял және басқалары. 
А.  М.  Матюшкин  көптеген  зерттеушілердің  еңбектеріне  сүйеніп  шығармашылық 
дарындылықтың синтетикалық құрылымын жасады және оның ішіне келесілерді кіргізді: 
1. танымдық мотивацияның бастапқы рөлі; 
2. проблеманы қою және шешімін мен  жаңалықты табуындағы көрсетілетін зерттеулік 
шығармашылық белсенділігі; 
3. басқаларға ұқсамайтын шешімдеріне жету мүмкіндіктері; 
4. болжау мен бұрынырақ біліп қоюдың мүмкіндіктері. [4] 
Сонымен  қатар  А.М.Матюшкин  дарындылық,  таланттықты  шығармашылық  іс-
әрекетінің  ерекшеліктерімен,  шығармашылықтың  көрсетуімен,  «шығармашылық  адамның» 
жұмыс  істеуімен  байланыстыру  қажет  екенін    ұстанымдық  түрде  белгілеуін  маңызды  деп 
есептейді.  
Дарындылықтың  көптеген  түріне,  олардың  бастапқы  сипаттамаларына,  неғұрлым 
маңызды  қасиеттердің  сай  келуіне  көп  тұрғыдан  ұсынылған  құрылым  сипаттама  береді. 
Жалпы  шығарамашылық  дарындылығына  жататының  барлығы  ғылыми,  техникалық, 
көркемдік  секілді  арнайы  дарындылықтың  әр  түрлеріне  қатынасы  бар,  бірақ  та  мұндай 
жағдайда  біз  анықталған  доминанттық  қасиеттерімен  кездесеміз,  олар  адам  іс-әрекетінің 
нақты саласындағы шығармашылықтың спицификасын сипаттайтын ерекшеліктер.  
Адам  дарындылығы  механизмнің  ішкі  құрылысы,  оның  тұтастығын  құрайтын 
элементтерінің байланысын суреттеп көрсетуге болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы  орайда  дарынды  балаларды  оқытуда  зерттеу  әдісін  қолдану  қажеттілігі  олардың 
табиғи  қызығушылығының  жоғарлығымен,  қоршаған  ортасына  деген  құштарлығының 
басымдылығымен түсіндіріледі. 
Жаңа заманға сай дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жандандыру – 
үлкен міндет. Қазіргі заманда оқушыларды ғылыми жоба жасауға баулу  – адамның ойлауы 
мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. “ 
«Адамның  ақыл-ойын,  қабілетін,  шығармашылығын  дамыту  арқылы  оны  бақыт  жолына 
жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби. 
Дарынды  оқушымен  жұмыстағы  негізгі   мақсатымыз  –  олардың  шығармашылық 
жұмыста  өзінің  қабілетін  іске  асыруға  дайындығын  қалыптастыру.  Осы  орайда  10  сынып 
оқушысы E.Сейтхан ғылыми жоба жұмысына тоқталғымыз келеді. Ғылыми жоба тақырыбы: 
«Матай тауларының геоморфологиясы». Жұмыстың басты мақсаты – Матай тауларының жер 
бедері  құрылымындағы  эндогенді  және  экзогенді  процестердің  ерекшіліктерін  анықтау 
болды. 
АДАМ 
ОЙЛАУ 
ПСИХОМОТОРИКА
 
СЕЗІМДЕР
 
ҚИЯЛ
 
ЭНЕРГОПОТЕНЦИАЛ
 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау