Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
D-О-3
|
109 898
|
146 885
|
«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, анықтама үшін телефондары: 8/7242/ 40-11-91 (7076), электронды пошта t.ibaidildae@korda.gov.kz
«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы (санаты D-О-3, 1 бірлік, индекс №04-1)
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және басқарады, бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асуына, бөлімдегі еңбек тәртібінің сақталуына дербес жауап береді, бөлімнің атқарған жұмысының есебін дайындайды;бөлім басшысының құзырына кіретін сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды; бөлім жұмысымен байланысты құжаттарды дайындайды, іс-құжаттарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді;мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін әзірлеуін және тиісті шараларының атқарылуын қамтамасыз етеді; кеңес береді, жұмыс берушілерден құжаттарды қабылдайды және комиссияға дайындайды, комиссия шешімдерін әзірлейді, олар бойынша хаттама дайындайды, комиссияның қабылданған шешімі туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар етеді;шетелдік жұмыс күшін тартудағы мәселелер бойынша министрлікпен, басқа ведомстволармен хат алмасады; «Шетелдік жұмыс күші» деректер қорын қалыптастырады және электрондық пошта арқылы министрлікке жібереді; «Шетелдік жұмыс күші» деректер қоры бойынша кеңейтілген ақпараттық-талдау мәліметтерін жүргізеді;деректер қорының қажетті техникалық құжаттамаларын, енгізілген қорларды және бағдарламалық құралдарды жасайды; шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;облыста шетелдік жұмыс күшін тартуда комиссия хатшысы болып табылады, хатшы ретінде комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;шетелдік жұмыс күшін тартуда алдағы жылға квота белгілеу жөнінде жұмыс берушілердің өтінімдерін ұсынады;облысқа шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша ақпаратты және басқа да мәліметтерді дайындайды.шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың жұмысын, заңдылықтың сақталуын және жұмыс берушілердің шарттарды орындауын, әсіресе қосымша жұмыс орындарын құрумен қазақстандық азаматтарды кәсіби оқыту бойынша жұмысын қадағалайтын органдармен өзара қарым-қатынаста болады;тауарлар, жұмыстар және қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;бөлімнің ұсынған қажеттіліктері негізінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін әзірлейді;бөлімнің ұсынған қажеттіліктері негізінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің алыс-беріс актілеріне (тиісті құжаттарына) қол қояды;бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттар электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не t.ibaidildaev@korda.gov.kz электрондық почта мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1-құрылыс (Облыстық мекемелер үйі), 6-қабатта өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне,
не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Нысан
Қызылорда облысы
әкімінің аппаратына
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __Мекен жайы және байланыс телефоны _____________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________
________________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |