35
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2.11 Корея Республикасы
Корея Республикасындағы NEET санатындағы жастар бойынша статисти-
калық деректерді алғаш рет 2006 жылы Jaeryang Nam жариялаған. Кореяда
мұндай санатқа қазіргі сәтте нақты оқу орындарына, жеке институттарға қа-
былданбаған, колледжге немесе жеке/мемлекеттік институттарға сынақ емти-
хандарынан өту үшін құжаттарды тапсырмаған немесе ұйымдарға жұмысқа
қабылдау үшін құжаттарды тапсырмаған, жұмыс істемейтін, үй шаруасымен
немесе балалардың күтімімен айналыспайтын жастарды жатқызады.
Кореяда NEET тобына көптеген жағдайда колледж және институт
бітірушілері – 22,9%, ал орта мектеп бітірушілері – 5,1% жатады.
Колледж бітірушілері арасындағы NEET жоғары деңгейіне қатысты NARS
қоғамдық денсаулық, әл-ауқат пен әйелдер командасы бөлімінің жетекшісі Ли
Ман-уу мұны келесідей түсіндіреді: «Біз мұндай жағдайды жоғары білімі бар
адамдардың танымал компанияларға жұмысқа тұру үшін дайындыққа ұзақ
уақыт жұмсайтын кезінде байқаймыз».
Кореядағы NEET санатындағы жастардың сипаттамасы NEET деңгейі
«жоғары білімді» мамандар арасында жоғары екендігімен түсіндіріледі.
Кореядағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізінен үш негізгі және
өзара байланысты себебі бар:
1) экономикалық құлдырау мен халықаралық бәсекелестікті жоғалту сал-
дарынан жұмыс орындарының болмауы;
2) ағымдағы жұмыс орындары талап ететін машықтары мен білім жүйесі
ұсынатын машықтар арасындағы сәйкессіздік;
3) икемді емес жалақы, еңбекпен қорғау, жалақымен байланысты емес
шығыс шығындар салдарынан еңбек нарығының қатыгездігі.
Ұлттық жиналыс зерттеу қызметінің (NARS) есебіне сәйкес, елдегі кол-
ледждердің 24,4% бітірушілері өздерін NEET ретінде сәйкестендірген (2012
жыл). Бұл сан ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштерді шамамен екі есе
арттырады.
Корея Республикасының тұрақты өсуі Үкіметтің басшылығымен кәсіби
біліктілік пен дағдыларды жетілдіру стратегиясына негізделген. Еңбектің
өнімділігінің артта қалуына жол бермеу тұрғысынан атқарылатын шара-
лар арқылы қол жеткізілген прогресс қарқыны да экономикалық даму стра-
тегиясының жүзеге асырылуын көздейді, олар инвестицияларға, ғылыми
зерттеулерге және конструкторлық жаңалықтар ашуға негізделген. Білімі
жоғары және жоғары білікті жұмыс күшіне жасалатын инвестициялар
жаңа технологиялардың қолданысқа кеңінен енгізілуін ынталандырудың
алғышарты болып табылады. Ағымдық мақсат қойылатын біліктілік та-
лаптары аса жоғары бос жұмыс орындары үшін мамандардың тапшылығын
кәсіби біліктілік пен дағдыларды дамытудың бейстандарт амалдарының
тартымдылығын күшейту арқылы жоюда.
36
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2.12 Ресей Федерациясы
Ресей Федерациясындағы NEET жұмыссыздық пен белсенділіктің бол-
мау деңгейінің өңірлік дифференциациясын анықтайтын факторлар көптеген
жағдайда басқа елдердегі NEET жастарын талдау кезінде анықталуы ықтимал:
төмен білім деңгейі, денсаулық жағдайы, ерте ана болу. Ресейлік ерекшеліктің
сипаттамасына әйелдердің артықшылықты еңбекпен қамтылған салаларын-
дағы жұмыспен қамтылған үлесінен ерлердің NEET өңірлік жұмыссыздықтан
оң тәуекелдігін көрсетуге болады.
Ресейлік зерттеушілер NEET жастарының құрамында екі әлеуметтік
топты бөледі: жұмыс іздеумен айналысатын жұмыссыз жастар және жұмыс
істеуді қаламайтын жұмыссыз жастар. Аталған екі топ жұмыс табуға деген
мотивтері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері көрсет-
кендей, жастардың мұндай әлеуметтік топтарының қалыптасу үдерісіне бір
жағынан тіршілік пен қоршаған орта. Екінші жағынан еңбек және кәсіби ар-
тықшылықтарды қалыптастырудың сыртқы талаптарын анықтайтын еңбек-
тің жергілікті нарықтарының жұмыс ерекшеліктері. Жұмыс іздейтін жастар
тобы біркелкі, ал ауылдық және қалалық тұрғындар негізінен жергілікті еңбек
нарықтары сипаттамаларының дифференциациясымен ерекшеленген.
Ресей дерек көздеріне сәйкес, Ресейдегі 2014 жылғы жұмыспен қамту мәсе-
лелері бойынша халықты зерттеу деректері [5] бойынша 15-24 жас ара-
лығындағы жастардың саны 18,0 млн. адамды құраған. Оның жартысынан
көбі (9,6 млн. адам немесе 53,6%) оқушылар немесе студенттер, ал үштен
бірі (6,0 млн. адам немесе 33,4%) жұмыспен қамтылған, ал 2,3 млн. адам
(13,0%) NEET санатындағы жастарға жатады. Осылайша, 15-24 жас ара-
лығындағы әрбір сегізінші ресейлік оқымаған және жұмыс істемеген, яғни
жұмыспен қамту саласынан тыс болған.
Ресейде NEET ұғымын 5 негізгі қосалқы топтарға бөлуге болады:
ата-аналарымен тұратын жұмыссыз жастар толығымен немесе ішінара
ата-анасының қарауында бола отырып, үздік талаптарды немесе мүмкін-
діктерді күтеді (еңбек нарығына шығуды кейінге қалдыру эффектісі);
лайықты жұмысты табуға сенімі қалмаған жастар;
балалардың немесе егде туыстарының күтімімен айналысатын әйелдер;
кездейсоқ жұмыспен айналысатын халықтың маргиналды бөлігі;
өмірінде өзіне не керек екендігін білмейтін/түсінбеген жастар неме-
се уақытша егде адамдарға үй іргесіндегі шаруашылықта көмектесетін
жастар.