Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет14/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

40

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

Осылайша, ұсынылған мемлекеттік жобалар мен Қазақстан Республи-

касының мемлекеттік бағдарламалары жастардың жұмыспен қамтылуына, 

жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына, ауыл жастарына мемлекеттік 

қолдау көрсетуге және т.б. бағытталып отыр. NEET санатындағы жастардың 

әлеуметтік бейімделуіне бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекет-

тік бағдарламаларына жасалған шолудан байқағанымыздай арнайы шара жоқ. 

Ал жастардың осы санатымен жұмыс жоғарыда қарастырылған бағдарлама-

лар төңірегінде атқарылып келеді.

2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өнімділігі және жалпы 

кәсіпкерлік бағдарламасы [7].

Негізгі міндеттері:

1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және 

кәсіби білімі бар кадрлар дайындау.

2. Жұмыс кадрларын еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен 

кәсіптер бойынша қысқа мерзімде оқыту.

3. Кәсіпкерлік негіздерін үйрету.

4. Ауылды жерлер мен қалалардағы шағын несие беру саласын дамыту.

5. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың еңбекке  

жұмылдырылуына ықпалдасу.

6. Еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру.

7. Еңбекке жұмылдыруға арналған бірыңғай цифрлық алаң қалыптастыру.



41

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

2.14 Қорытындылар 

NEET санатындағы жастармен жасалатын шетелдік және отандық шара-

ларға жасалған талдау мынадай қорытындылар жасауға негіз болып отыр:

«NEET» ұғымы – жаңа құбылыс және толық зерттелмеген. Шетелдік 

тәжірибеге жасалған шолу көрсеткендей, жастар арасындағы жұмыссыз-

дықтың кеңінен таралуы әлемнің барлық елдері үшін ортақ мәселе және бұл 

білім деңгейінің артуына байланысты төмендеп отырған жоқ, бұл өз кезегінде 

қоғамның наразылығын тудыруда [8]. 

Мәселен, ХЕҰ «Шығыс Еуропа жастарының жұмыспен қамтылуы: дағда-

рыс ішіндегі дағдарыс» баяндамасында «ұмытылған буынның» пайда болу қа-

упі айтылды, нақты айтар болсақ, үмітін үзген және өзі  жоғалтқан жастардың, 

еңбек нарығында маргиналды күй кешуге мәжбүр тұлғалардың пайда болуы 

талқыға салынған [9].

 NEET санатындағы жастармен шетелдерде атқарылатын жұмыстарға 

жасалған талдаулардан жастардың осы тобының қоғамға интеграциялануы-

ның негізгі механизмі жұмысқа тұру болып табылатыныдығын көріп отыр-

мыз. Осыған байланысты жастардың жұмыспен қамтамасыз етілуі мәселе-

сінің өзектілігі дәлелденеді. Әр елде жастардың жұмыспен қамтылуының 

басымшылығын анықтайтын ұлттық әлеуметтік-экономикалық тетіктер бар. 

Мысалы, жастардың жұмыспен қамтылуы Еуропа Одағына мүше бірқатар ел-

дер үшін ұлттық саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр: Австрияда, 

Бельгияда, Германияда, Ирландияда, Мальтада, Португалияда және Біріккен 

Патшалықта. 

Осылайша, әлемдік тәжірибеге жасалған талдау жастардың қоғамның әле-

уметтік осал тобы болып саналатыныдығын көрсетіп отыр. Экономикалық 

дағдарыс пен тұрақсыздық жастардың әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп 

отыр, олардың бәсекеге қабілеттіліктері мен мүмкінідіктері елдің болашағына 

да әсер етеді. 

Жүргізілген талдаулардан байқағанымыздай, NEET санатындағы жастар, 

демек, жұмыс жасамайтын және оқымайтын жастар басым назарды талап 

етеді. Дегенмен, мамандар мемлекеттік органдар мен шенеуніктер тарапынан 

жастардың осы санатына бөлінетін назардың жоғары болуына қарамастан 

NEET санатындағы жастардың мәселелерінің әлі де толық сараланбаған-

дығын айтып отыр. 

Осы жоба төңірегінде халықаралық тәжірибеге жасалған талдаулар мен 

Қазақстанның жекелеген өңірілерінде жүргізілген пікірталастар NEET са-

натындағы қазақстандық жастардың Еуропалық жастардан өзгеше екендігін 

көрсетіп отыр.

Еуропалық халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қазақстандық жүйеден өзге-

ше. Еуропа елдерінің жұмыссыздықпен күресуге бағытталған бағдараламала-

ры мен азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған бағдарла-



42

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

маларына жасалған талдаулар қолдау көрсетудің негізгі механизмі әлеуметтік 

жәрдемақы төлеу екендігін көрсетіп отыр. Жастарды қолдауға бағытталған 

мұндай шара экономикалық дамудың жоғары болуы мен халықтың өмір сапа-

сының жақсаруын қамтамасыз етеді. 

Еуропа одағына мүше елдердің ерекшелігі NEET санатына көбінесе сол 

елде туған жастардың емес,  мигрант жастардың енетіндігінде.

Қазіргі экономикалық тұрақсыздық жағдайында еңбек нарығының барлық 

мүдделі тараптары арасындағы қарым-қатынасты реттеу керек. Халықаралық 

тәжірибе бойынша жастардың жұмыссыздығымен күрес барысында мына-

дай тараптар қатыстырылуы керек – «жұмыс беруші – ЖОО/колледж – жас 

маман». Жоғарыда жасалған шолу бойынша бірқатар елдерде жастарды жұ-

мысқа қабылдайтын кәсіпорындарға мемлекет салықтық жеңілдік беру неме-

се басқа да жеңілдік жасау түрінде қолдау көрсетеді (Ұлыбритания, Испания). 

Осындай тәжірибені Қазақстанда да жүргізуге болады. Соған қоса, Қазақстан-

дағы жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу механизмдерінің бірі еңбек 

ақыны субсидиялауы болуы мүмкін. Еңбек ақыны субсидиялау бағдарлама-

сының негізгі мақсаты – жұмыс берушілерді жас мамандарды жұмысқа алуға 

ынталандыру. Жұмыссыз жас мамандарды жұмысқа қабылдау барысында 

кәсіпорындарға өтпелі экономикалы елдерде алты айдан кейін өтелетін және 

дамыған елдерде екі жылда өтелетін субсидия беру қажет. Субсидия сомасы 

елдің даму деңгейіне байланысты анықталады. Кейбір бағдарламаларда жұ-

мыс берушілерге қосымша ынталандыру шаралары қарастырылған, бұл суб-

сидиялау кезеңі аяқталғаннан кейінгі тұрақты жұмыста қалдырудың тиімділі-

гін сақтауға бағытталған шара.

Жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрестің басқа да пайдалы амалы 

талдау бойынша ақылы немесе жартылай ақылы тәжірибеден өту шарасы 

болып отыр. Бұл механизм де мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылады. 

Қазақстанның мұндай тәжірибесінің бар екендігін айта кету керек. «Жастар 

тәжірибесі» бағдарламасының төңірегінде 2015 жылы 10 276 адам, 2016 жыл-

дың бірінші жарты жылдығында 8 558 адам жұмыспен қамтылды. Тағы 15 259 

адам (2016 жылдың бірінші жарты жылдығында) «Жасыл Ел» бағдарламасы 

аясында жұмысқа тұрды. Бұл бағдарлама жастарды уақытша жұмыспен қамта-

масыз етеді, тек жаз айларында, дегенмен, мұндай қосымша жұмыс жастарға 

қосымша кәсіби және өмірлік дағдыны үйретіп, өзінің қоғамға қажетті екенді-

гін сезінуіне көмектеседі. Жастармен жұмыс саласында қызмет ететін еуропа-

лық мамандардың айтуынша, жастардың қоғамдық өмірге ат салысып, дамуға 

мүмкіндік алуы аса маңызды. Мысалы, Қазақстан үшін Италияның тәжіри-

бесінің сай келуі мүмкін, онда ел Үкіметі (белгілі топтағы жастарға) жастарға 

мәдени орындарға, шараларға бару мүмкіндігін беріп, қажетті әдебиеттермен 

қамтамасыз етеді. Мұндай «мәдени бонустар» жастардың өзін-өзі дамытуына 

жол бастайды. 




жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау