Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата24.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5655
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

22

Кїмбез


Жақсылық деген адамзат жаны-

на жағымды құбылыс. Ол адам мен 

уақытты еш таңдамайды. Бір сөзбен 

адамгершілік десек болады. Құран Кəрімде 



«Əйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі 

қошталынбайды. Жақсылық істеңдер. 

Шын мəнінде Алла игілік істеушілерді 

жақсы көреді» делінген. Негізінде, жақсы 

жанның жүрегі жұмсақ, көңілі жанашыр, ісі 

адал, жолы ізгілік, ойы дана, əрекеті  пара-

сатты болып келеді. Жақсыға жаны құштар 

қазақ шайыры Майлықожаның:   

Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гауһар тас жарық қылмай, 

жерде жатпас. 

БІР КЕСЕ СҮТТІҢ 

АҚЫСЫ

Қолдан келсе, етіңіз жақсылықты, 

Жақсылықты еткендер жаман тап-

пас» – дегені бар еді. Сондықтан, қоғамның 

əділдігі адамның жақсылығында. Ал, 

жақсылық иманнан бастау алады. Ол адам 

бойындағы бір тілім еттің яғни жүректің 

қатпарында жасырынатын қасиет. Жасы 

келген бір қарт атамыз үйінің алдын-

да үнемі арпалысатын екі итіне ұзағынан 

көз алмай, күніге қарап отырады екен. 

Күндердің күнінде немересі «Ата, мына 

иттердің үйімізді қорғауға біреуі де жетпей 

ме, неге екеуін ұстаймыз?» - деп, сұрапты. 

Сонда, «Бұл иттер мен үшін екі таңба, ба-

лам» - дейді. «Ненің таңбасы?» - деген ба-

Нұрлан қажы 

Байжігітұлы АСАНОВ 

Дінтанушы, Шығыс Қазақстан 

облыстық мешітінің бас имамы  



23

Нұрлан қажы Байжігітұлы АСАНОВ. «Бір кесе сүттің ақысы»

ласына «Бұлар жақсылық пен жамандық. 

Осы иттер сықылды ішімде үнемі күрес 

жүріп жатады. Бұларға əр кез көзім түскен 

сайын жақсылық пен жамандықты ойлай-

мын. Сондықтан, екеуін қатар қасымда 

ұстаймын» - депті. «Қайсысы жеңіп 

шығады?» - деген немересіне «Қайсысы 

дейсің бе, балам? Мен қайсысына көп 

тамақ берсем, сол жеңімпаз!» деген екен. 

Сол тəрізді, ғалымдарымыздың «Біреуге 

жасаған жақсылығыңды, біреудің жасаған 

жамандығын ұмыт» дегені бар. Əлбетте, 

бүгінгі адамзат екеуін де ұмытпайды. 

Дүниені теріс жаққа бұрып, өзіне – өзі 

қарсы шығып, жақсылығын пұлдайтындар, 

ал жамандығын дардай ететіндер бар. Ал, 

жақсылықтың лəззаты – жақсылық. Ол – 

маңызды ғұмыр,  мəнді тəрбие. Мына бір 

ғалым дəрігердің басынан өткерген оқиғасы 

расымен де көзге жас үйіреді. Мектепті ал-

тын белгімен тəмамдаған ол, үлкен қалаға 

дəрігердің оқуына түседі. Əке – шешенің 

мойнына салмақ түсірмеудің амалымен 

 

демалыс күндері базарда қосымша табыс 



көзімен айналысыпты. Өзгеге қарыз бол-

мас үшін, біреудің кəкір – шүкір заттарын 

саудалауға көмектеседі екен.  Сөйтіп, сол көп 

күндердің бірінде далада дауыл тұрып, сау-

дасы жүрмей, еңсесі түсіп, жейтін тағамына 

қаражат таппай, өзі əбден ашығады. 

Қалтасында көк тиыны жоқ, жалдамалы 

пəтер дегендей. Амалсыздан, біреуден бол-

сын, бір үзім нан сұрауға көшеді. Алда – 

жалда біреу көмегін тигізер деген ниетпен 

қатарынан тізілген көше бойындағы əдемі 

үйлердің біреуінің есігін қақса, ақша жүзді 

ажарлы келіншек есік ашады. Ол «Қайыр 

сұрап кетіпті» деген жігіттік намысын ой-

ната шөлдегенсіп, одан бір кесе су сұрайды. 

Келіншек  болса, күлімдей үйге кіріп кетеді. 

Содан екі кесек ыстық күлше мен бір кесе 

жылы сүтті мұның алдына əкеп тосады. 

Іштегі шұрылды басу үшін, ұялса да бергенін 

сол жерде асап, жеп алады. Мейіріміне риза 

болған ол, ақысын өтеу үшін, «Ақ сүтіңіз бен 

ыстық наныңызға рахмет, үйіңізде не болма-

са бақшаңызда қандай да бір тірлік болса, 

айтыңыз, тындырып берейін» дейді. «Қажет 

емес, Алла тағала шаң көлеміндей игілікті 

ешқашан жақсылықсыз қалдырмайды» де-

ген келіншектің сол бір сөзіне тамсана, үйіне 

қайтады. Содан апта, күндер, жылдар өтумен 

оқу да бітеді, білім жинақталынып, қалалық 

ауруханаға орналасады. Кейініректе білдей 

бір бас дəрігер болады. Кезегімен үйленіп, 

балалы – шағалы болады. Балалар өсіп, отба-

сы қамы, күнделікті жылжыған өмір. Ежелгі 

медицинамен шұғылданып, өз талабымен 

үйренген біліміне орай қалаға қарасты əрбір 

өңірлерден үміті қарайған науқастарды 

қабылдайтын да еді. Бір күндері бірнеше 

жерде ем алғанымен, екі аяғынан сал дерт-

ке ұшыраған бір науқас алдына келеді. 

Келбетті егде əйелдің науқастан шаршаған 

солыңқы жүзі, үмітсіз көзі оған бірден та-

ныс көрінеді. Мəн – жайын білуге бөлмесіне 

барып, сөйлескенде, расында сол баяғы бір 

кесе сүттің иесі екенін анықтайды. Алай-

да, оған ештеңені білдірместен, бөлмесінен 

шыға сала, «Қалайда көмектесуім керек!» 

деп алып ұшқан ойы дəрі – дəрмектердің 

қымбат құнын ескермей, шетелдерден ал-

дыртып, ем жүргізе бастайды. Күндер өте 

жақсарған науқас бойын көтереді, аяғына 

тұрады. Ай өте келе, толықтай жазылып, 

үйіне қайту кезеңі келеді. Бала – шағасы бол-

са, анасының бұл жақсаруына қуанып, жан 

– жағынан аймалап, сүйіп жатқанымен, ем 




24

қонған жанның жүзінде белгісіз қорқыныш 

тұрды. Мұның бəрін сырттай бақылаған 

дəрігер қызмет бөлмесіне барып, сондағы 

жастық шағы, бір кесе сүт пен ыстық күлше, 

оның мейірімді жүзі есіне оралып, күлімдеп 

отырып, бір жапырақ ақылы ем – шара 

құжатының төменгі жағына бір жол сөзді 

жазды. Бөлмеге енгенде, үрейін жасырған 

сүт иесі тек қана күлімдеп қарсы алғанымен, 

діріл қаққан қолына ұсынылған құжаттағы 

тізімнің соңына дейін салқын тартқан жүзі 

кенеттен бұлт арасынан шыққан күндей 

жарқырап сала береді. «Ақша жүзді бейта-

ныс жан, еміңіздің ақысын бір кесе сүтпен 

 *«Үркер»*№62014

СІЗ баяғыда  өтегенсіз!» деген дəрігердің 

сөзіне парлаған ыстық жасы ұзағынан 

тоқтамады. Мінекей, қандай да бір үлкенді 

– кішілі, азды – көпті жасаған жақсылықтың 

қайырымы əрдайым бары хақ. Тура осы-

лайша, жамандыққа да алатын ақымыз 

жамандық. Сондықтан, бар мүмкіндікті 

айналамызға кесірі тимейтіндей, өзіміз бен 

өзгеге игілігін беретіндей етіп жасағанымыз 

абзал. Жақсылықтың арты жақсылық, 

жамандықтың соңы жамандық болса да, 

жақсылық та өзіңе, жамандық та өзіңе. Алла 

тағала жүрегімізді жақсы еткей, əумин! 



Айтулылар айтқан сөз

Я обязан ему (Стендалью) тем, что 

понял войну

Лев ТОЛСТОЙ




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау