Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата24.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

15

қабілетті маман дайындауда бүгінгі күнде 

факультетте 13-ғылым докторы, 30- дан аса 

ғылым кандидаты еңбек етеді.

Үшіншіден, Қазақстандағы жур-

налистер дайындаудағы материалдық-

техникалық базасы бүгінгі күн талаптары-

на жауап беретін радиостудия, телестудия, 

баспахана жұмыс істеп тұрған факультет. 

Қазіргі уақытта Жапонияның «Konica» 

компаниясымен бірлесіп, «Баспа ісі жəне 

дизайн» кафедрасына жаңа заманғы тех-

нологияларды əкеліп қойып,  жаңа заманға 

сай кітап басу,газет шығару мəселелерін 

түсіндіріп дəріс оқу, сабақ жүргізу жолға 

қойылды. Ал университетіміздің баспа-

сы технологиялық тұрғыдан ең жоғарғы 

деңгейдегі өндірістік орын. 

Төртіншіден, Қазақстанда жур-

налистика ғылыми-зерттеу мектебін 

қалыптастырған ҚазҰУ-дің журналисти-

ка факультеті. Мұнда қазақ журналисти-

касы мен əлем журналистикасы тарихын 

зерттеудің кезінде профессор Қалижан 

Бекхожин негізін қалаған, ғылыми мектепті 

бүгінде ҚР журналистика  академиясының  

президенті, профессор Сағымбай Қабашұлы 

Қозыбаев  жалғастырып,  ғылыми  дамы-

тып отыр. Журналистика теориясын зерт-

теу  мектебін профессор Тауман Амандосов 

қалыптастырса, қазіргі заман журнали-

стикасын зерттеудің алғышарттарын 

жасап,оны өнегелі мектепке айналдырған 

профессор Темірбек Қожакеев. Теле-

Радиожурналистика зерттеу ілімінің негізін 

əлемдік деңгейдегі ірі ғалым, профессор 

М.Барманқұлов қалады. 

–Жас мамандарды  даярлауда 

қандай  жаңа инновациялық оқыту 

əдістері қолданылуда?

–Былтыр жас мамандарды даяр-

лауда  мемлекеттік стандартты негізге 

ала отырып, жаңа білім беру жоспарын 

жасадық. Жалпы білім беретін дəрістерді 

қысқартып,таза журналистикаға қарай 

бейімдедік. Мамандарды салалық траекто-

рия бойынша дайындауға көштік. Мұнда 

тележурналистика, радиожурналистика, 

фото журналистика, интернет журналисти-

ка салаланып оқытылады. 

Бүгінгі күнде ұзақ лекция оқу дəстүрі 

тиылған. Негізгі  мəліметті шұбалаңқы  ет-

пей, нақты, қысқаша  түрде түсіндіру  белең 

алған.  Бұл  орайда    көптеген    электронды 

құралдар  өз  септігін  тигізуде.  Маманды 

дайындаудағы басты əдіс-тəсілдер: 

практикалық сабақтарды дебат, дөңгелек 

үстел,    үш  жақты  сұхбат,іскерлік  ойын-

дар түрінде  ұйымдастырып,сараптаманы 

студенттің өзіне жасату.

–Оқу үрдісінде  тəжірибе мен теория 

қаншалықты ұштасуда?

–Қазіргі кезде студентеріміз 

университетіміздің газеті мен баспасында 

тəжірибеден өтіп жатыр.Сонымен бірге, əр 

кафедра газет, журнал шығару ісін қолға 

алуда. Айталық,  баспа ісі жəне дизайн кафе-

драсы безендірсе, мақаланы баспасөз жəне 

электронды БАҚ кафедра студенттері жаза-

ды.Журналдар көп таралыммен шықпаса да, 

университет көлемінде тарайтын деңгейде.

Факультетімізде жеті жылдай де-

кан болған, жиырма жылдай дəріс оқыған 

«Қазақ энциклопедиясы» редакциясының 

бас редакторы Бауыржан Жақып, «Қазақ 

газеттері» ЖШС директоры Жұмабек 

Кенжалин студенттерге дəріс оқып, 

лабораториялық сабақтарды өздері еңбек 

Ырысгүл АШУОВА. 

«Журналистиканы құрғақ мақтанның құралына айналдыруға болмайды»



16

ететін  жұмыс орындарында өткізеді.

Студенттерді бірінші курстан ба-

стап белгілі бір телеарнаға немесе баспаға 

тəжірибеден өту үшін бекітуді ойласты-

рудамыз. Теорияны ойға түйгеннен кейін, 

тəжірибеде қолдану міндетті. Бірақ жас 

студенттер жайлы көп сын айтылады.  Көп 

оқығаннан ештене өнбейді, шеберлік тікелей 

тəжірибеге байланысты.Журналистика 

мамандығы бойынша оқып шығып, газетке 

барғанда қорқақтық таныту  əр  жас журна-

листке таныс жағдай . Шеберлік бірте- бірте 

қалыптасады. Қазір кейбір журналистеріміз  

бір кездегі өзінің қандай болғанын  ұмытып 

кетіп жатады. 

«Қазіргі    кезде  жастар  ештеңе  жаза 

алмайды»— деп кесіп шешім шығарып жа-

тады. Əрине, алғашқы кезде кемшіліктер 

кездесіп жатады. Бірақ қазіргі жастардың 

біздің кезеңмен салыстырғанда интеллекті 

жоғары, соны мойындауымыз керек.. Олар 

дүниедегі барлық құбылыстан хабардар. 

 

Тəжірибе уақыт өте келе қалыптасады.



 –«Елім деп ет-жүрегің езілмесе, 

ерлігіңнен не пайда?!» демекші, журнали-

стер пікір қалыптастыруда қаншалықты 

белсенді?

–Социалистік кезеңде мемлекеттік 

басылымдар қатарында 4-5 газет, 3-4 жур-

нал ғана болды. Біреуі- партияның,бірі- 

атқарушы органдардың басылымдары 

еді.Басылым беттерінде жарық көрген 

 

мақалалар халыққа қатты ықпал етті. 



Əрбір  сыни мақаланы, жан-жақты, əр 

деңгейде тексеріп жататын. Қазір он-

дай жағдай жоқ.Бірақ сыни мақала жарық 

көрсе,сыналған басшылардан емес халық 

пікірінен сескенеді. Бұл журналистердің 

қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлінің 

зор екендігін білдіреді.Белгілі бір орын 

сыналғанды жазаламауы мүмкін, бірақ ол 

іштей жазаланады. 

Егемендік алғаннан  кейінгі 

қоғамымыздың даму барысы, біздің жеткен 

жетістіктеріміз елімізде орын алып отырған 

кемшіліктердің жазылуы қоғамның ой 

өрісінің деңгейін жоғарлатады. Біздің бала 

кезімізде социалистік қоғамның барлық ой-

пікірі  «Правда» газетінде жарық көретін. 

Қазірде «Егемен Қазақстан» газетін халық 

оқымайды деген сөз бұл шындыққа жанас-

пайды. Бəрі де оқиды. Себебі,мемлекеттің 

сара жолын, бағыт-бағдарын, Елбасының 

іс-əрекетін халыққа жеткізу қажет. «Егемен 

Қазақстан» ғылым, білім деңгейінің өсуіне 

қаншама қажетті материалдарды беріп 

жатыр. Бүгінгі еліміздегі саясаттың ту 

ұстаушысы- «Егемен Қазақстан». Болмаса, 

«Қазақ əдебиеті» газеті руханиятқа байла-

нысты сан ой-пікірлерді жариялап отырады. 

Əдебиеттің тайқазаны іспеттес.

Əр  газеттің  айтар  ойы,  бір-  біріне 

ұқсамайтын өзгешелігі бар.Қай-қайсысын 

алсаңыз да бүгінгі күнде қоғамдық пікірді 

қалыптастыруда өз орны бар. Бəрі бірден ақ 

пен қараны айырып жазып кете алмайды. 

Ол біртіндеп дамитын үдеріс.



–Бүгінгі қазақ журналистикасын 

қалай бағалайсыз? Шетел журналистика-

сымен салыстырғандағы  артықшылығы 

мен кемшілігі?

–Шетел журналистикасы  сан ғасыр 

бойы еркіндіктің кеңістігінде дамып келе 

жатқан баспасөз. Салыстыратын болсақ, 

шетелдік журналистикада жеке адамның ой 

–пікірін қоғамдық зерттеу арқылы жеткізуді 



 *«Үркер»*№62014


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау