Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата24.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5655
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

35

Сəдуақас АҢСАТ. «Қазіргі жастардың тілі»

бойында да айтылып жүр. Бұл – агенттегі 

хаттар, ғаламтордағы сайттар, теледидардағы 

түкке тұрғысыз бағдарламалар, əлеуметтік 

желідегі жеңіл əңгімелер арқылы бозбала мен 

бойжеткеннің сөз саптауына айналып, тілін 

мəдениетсіздендіруде.

Қазір не көп? Телеарна көп. Тек қана 

«Алма TV» кабельдік телевизиясында 100-ден 

аса арна бар. Осы арналардағы жеңіл ойлы 

бағдарламалары (əрине, бəрі емес) тіліміздің 

өрісін  тарылтып  жатыр.  Орыс  тіліндегі 

бағдарламаның көп екені былай тұрсын, 

қазақшасы біздің тілімізді, сол арқылы ұлттық 

менталитетімізді мазақ ететін сияқты. Мұны біз 

мəдени интервенция деп білеміз. Ой–санаңды 

осқылап, жүйкеңді жұқартатын, дəмі мен та-

туы,  мəн–мағынасы  жоқ,  күлдіремін  деп  көңіл 

күйіңді түсіретін осынау бағдарламаларды 

көп адамның қалай тамашалайтынына мен 

таңғаламын. «Соқыр тауыққа бəрі бидайдың» 

керін келтіріп, бір метес күлсе, басқа 

далақпайлар қолдай жөнеліп, бəріміз қарқылға 

басамыз. Сөйтіп күнде-күнде теледидарларда 

да, сахнада да, тойларда да осылай болғасын, 

бүкіл қоғам болып бұзылуға айналдық. Мұның 

екінші жағы тағы бар. Республикалық «Ха-

бар», «Қазақстан», «Еларна» телеарналары 

көп жағдайда елдегі ахуалды əдемі бояумен 

көрсетуді əдетке айналдырған. Ұлттық ұстаным, 

тіл тазалығында күрескерліктің үлгісін жүйелі 

түрде жүргізбейді. Содан амал жоқ көрермен 

əлгі  былапыттарды  ресми,  заңдастырылған 

есебінде қабылдайды.

Қазір теледидардағы көп сериялы қазақ 

фильмдерінің мəн-мағынасының аздығы былай 

тұрсын, тілі де шала. Себебі оның сценариін 

жазған адам да, режиссері де, актерлері де шала 

қазақтар. Олардың осындай сауатсыз, дөрекі, 

тұрпайы  тілі  қолданысқа  еніп  кете  ме  деп 

қорқамын. Жастар тіліндегі осындай тіркестер 

баспасөз беттерінде де кездесіп қалады.

Тілдің бұзылуына əсер ететін жайдың 

бірі  -  əлеуметтік  желілер.  Ол  бүгінгі  күні 

қатынас құралының ең тиімді түріне айналып 

барады. Жастар арасындағы сауатсыздықтың 

белең алуына əлеуметтік желілердің мобильдік 

нұсқасының көп əсері бар. Агентті пайда-

лану арқылы жастардың қазақ тіліндегі 

сауаттылығының төмендеуі былай тұрсын, тілге 

де қатты əсер етеді. “Kaydasin” , “kawan” деген 

сияқты  сөздерге  «қ»  əрпі  жоқ    болғандықтан  

«кайдасын», «кашан» болып кете береді. «Жаг-

дайын калай», «нестеватырсын». Бүгін қалай 

жазса, ертең солай айтады.

Тағы бір айта кететін жай, жастардың 

сұраққа сөзбен жауап бермеуі. Жоқ болса «ыкк» 

дейді немесе таңдайды тақ еткізумен бітеді. Осы-

ларды пайдаланып жүргендердің ойлау қабілеті 

жоғары деп айта алмаймын. Оның бір себебі 

кітап оқымайтындығы, ал теледидардың, ком-

пьютер ойындарының жоғарыда айтқанымдай, 

зиянды жағы көп.

Біздің қатарластарымыз бала кезімізден 

кітапты көп оқыдық, орыс жазушылары-

нан бастап дүниежүзінің классиктерінің 

шығармаларымен таныс болдық. Бұның мəдени, 

тəрбиелік, рухани рөлі зор болды. Қазір де көп 

оқимыз, себебі таным деген шексіз. Бір апта га-

зет оқымасаң қарайып қаласың, айына бір кітап 

оқымасаң, көп нəрсені жоғалтасың. Рас, жастар 

көп нəрсені интернеттен оқиды, оның жақсы 

жағы мол, жаманы да жетерлік.

Адамның сөз саптауынан оның 

ұлттық дүниетанымы, мəдениеті, параса-

ты, жалпы менталитеті танылады. Бізде 

бұрыннан қалыптасқан тұрақты тіркестер 

бар, олардың мағынасы тұтас та айқын. Ал 

бүгінгі жастарымыздың аузындағы «крыша-

сы бар», «миды шіріту» сияқты сөздер өзінің 

анайылығымен, тіл ғылымына, сол арқылы 

өмірге жат екендігімен айқындалып тұр. Бұл 

ұлттық қабылдауға да, қазақы дүниетанымға 

да келмейді, жаңа сөз деп тағы айта алмайсың. 

Себебі сөздің астарында ешқандай мағына жоқ. 

Жастар тіліндегі тағы бір өрескелдік 

– олардың боқтап сөйлеуі, бұл жалпы біздің 



36

 *«Үркер»*№62014

ұлтымыздың мəдениетіне келмейді, бірақ 

боғауыз    сөздің    бұрыннан    бар    екені    рас.  

«Əкеңнің ...», «шешеңнің ...» деген сөздер іріген 

ауыздан ғана шықса, қазір жас жігіттер одан 

да анайысын айтады, тақап тұрып боқтайды. 

Бұл жерде ашулану, ащы сөз ашынғандықтан, 

күйінуден шықпайды, олардың қарапайым 

əңгімесі, екі сөзінің бірі болып кеткен. Күнделікті 

сөйлеу тіліне боқтық араласып кеткеніне, тіпті 

араларында қыз бала отырғанына да қарамайды. 

Ең сорақысы қазір қыздар да боқтап сөйлейтін 

болыпты. Олар бұл сөздердің мағынасын түсіне 

бермейтін болуы керек, күнде естіп жүрген соң 

құлақтарына сіңіп кеткен. Төбелесіп жатқан 

қыздар, мас қыздар, темекі тартып отырған 

қыздар сияқты, боқтампаз қыздар да қоғамның 

жат көрінісі, ата-ана, əулет ғана емес, ұлттық 

келбетімізді, намысымызды таптайды.

Жастар – елдің келешегі. Ата – бабадан 

мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буы-

ны сабақтаса дамытқан тілімізді, əдет-ғұрыпты, 

тарихты, мəдениетті, өнер, білім мен ғылымды 

алға апаратын солар. Қазақ тілі əлемдегі мыңнан 

аса тілдердің ішінде байлығы жағынан үшінші 

орында, шеберлігі мен сапасы жағынан бірінші 

орында. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, 

еңбеккер болғанын ғана емес, мəдениетті 

болғанын, жаны да, тəні де сұлу болғанын, 

тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата 

түсуін қалаймыз. Олар озық технологияның 

тілін біледі, ендеше оны да қазақша сөйлетсе 

дейміз. Жалпы тіл дамып, байып отыруы керек. 

Басқа тілді араластыра сөйлессе, жаргонмен 

əңгімелессе, олар тілді дамытпақ түгілі жойып 

жібереді. Мен жастардың сөйлеу тілінен қазақы 

болмысты тұла бойынан сездіретін, шешен де 

сұлу сөздерді естігім келеді.

Жастардың анайы сөздерін естігенде 

ескерту жасайтын кісілер өте азбыз. Үлкен 

кісілердің  көбі  осыған  бара  бермейді,  «аш 

құлақтан тиыш құлақты» артық көреді. 

Міне, бұл аға ұрпақтың, үйде ата-ананың 

кемшілігі. Алдымен əркім өз ұл-қызын тый-

са, əлгідей көшеде кездесетін қылықтармен 

көп болып күрессек, жастардың тілін ғана 

емес, тəрбиесінде түзеп алар едік. «Ештен кеш 

жақсы» дейді халқымыз, ендеше осыған неге 

кіріспеске?! 

Қазір барлық жерде Президенттің 

халыққа Жолдауы талқыланып жатыр. Жол-

дауда ол: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір 



ақиқат  бар.  Ана  тіліміз  Мəңгілік  Елімізбен 

бірге мəңгілік тіл болды. Оны даудың 

тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете 

білгеніміз жөн», – деді. Осыған байланысты 

билік басындағыларға қойылар екі сұрақ бар:

1.Біз Елбасының бұрынырақ айтқан 

«Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» дегенін 

басшылыққа алып, біздер жер-жерде белсенді 

жұмыс атқарып келеміз. Бірақ бізге Елбасының 

осы талабын 22 жылдан бері билікке келген 

Үкімет, Парламент депутаттары, министрлер 

мен əкімдер неге орындамай келеді деген 

сұрақтар қоятындар көптеп табылуда. Олардан 

Елбасы қашан талап етеді? - дейді олар. 

2.Конституцияда орыс тіліне «рес-

ми» деген статус берілуі күнделікті өмірде 

(əсіресе жоғарғы мемлекеттік органдар-

да) оның қолданылуын ресми жиындарда 

сөйленетін тіл деп, ал қазақ тілін ресми емес 

басқосуларда қолданылатын тіл деп пайдала-

нуда. Конституциялық Кеңестің «Қазақстанда 

мемлекеттік тіл тек қазақ тілі, ал орыс тіліне 

берілген ресмилік атау оған мемлекеттік тілмен 

тең құқық бермейді» деген  түсіндірмесіне 

сүйене отырып, қалыптасқан осы үрдісті 

жоғарыдағылар қашан түземекші? Қашан олар 

ресми жиындарда бірыңғай мемлекеттік тілде 

сөйлеуді бастайды? 

Мəселені дау-дамайсыз шешу үшін ең 

бірінші жоғарыдағылар Мəңгілік тілде сөйлеп, 

Мəңгілік елдің патриоттары – жастарға қашан 

үлгі көрсетеді?



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау