75
3. Бақара сүресінің 155-аятында адамның әртүрлі нәрселермен сыналатыны
айтылады. Тӛмендегілердің қайсысы соларға жатпайды?
А) Аштықпен сыналу
Ә) Малға, жанға немесе ӛнімдерге келетін нұқсандармен сыналу
б) қорқытумен сыналу
В) Харамға қарамау мәселесінде сыналу
4. Бір хадисте айтылғаны бойынша бәленің ең қаттысына ұшырағандар кімдер?
А) пайғамбарлар
Ә) басқа пайғамбарлардың үмметтері
Б) Әулиелер
В)
Салих құлдар
9. Кішіпейілділік пен жеңілдік
«Ізгілік пен мүмкіндік иелері мүміндерді кешіріп кішіпейілділік танытсын.
Сендер де Аллаһтың сендерді кешіріп, кішіпейілділік танытқанын қаламайсыздар ма?»
(Нұр, 24\22)
Кішіпейіл болу - мҥміннің сипаты
Дініміздің негізінде кішіпейілділік пен оңайлық бар. Кішіпейіл болу хақ пен
ақиқатты түсіндіруде ӛте маңызды құндылық болып табылады. Қазірге дейін кӛптеген
қатқан жүректер кішіпейілділік пен оңайлықтың жылы атмосферасында еріп,
Исламның нұрлы шеңберіне кірген. Мұны бізден Раббымыздың ӛзі қалайды және
адамдарға кішіпейіл, жұмсақ сӛз қолдануды бұйырады
132
.
Фетхуллаһ Гүлен Хожаефендидің айтуымен кішіпейіл адам ӛмірдің
барлық
сатысында әрдайым жетістікке жетеді және ешқашан сәтсіздікке ұшырамайды. Бүгінгі
күні ертеңді ойлау кішіпейіл адамдарға тән даналықтың ӛлшемі болып табылады. Бұған
қол жеткізгендер - келешектің дүниесінің жалғыз мұрагерлері
133
.
Құранның ахлақын бойына сіңірген мүмін жамандықтарды жақсылықпен қууы
керек, кӛргенсіз әрекеттерге бой алдырмауы керек. Әрдайым кішіпейіл болып, дӛрекі
әрекет жасағандарға кешірімді болуы керек.
Ислам ӛркениеті бір кішіпейілдіктің ӛркениеті болып табылады. Құранның ең
басында бисмилләмен бізге ӛзін Рахман және Рахим
етіп танытқан Раббымыз және
«Сендер жердегілерге рақымдылық жасаңдар, сонда кӛктегілер сендерге рақымдылық
жасайды»
134
деген пайғамбарымыз бізді біреудің кӛңілін жықпай ӛмір сүруге және
кішіпейілдіктің ӛркениетіне шақырады.
Ислам тәрбиесімен жетілген миллиондаған таза адам, әсіресе Хақ достары осы
кішіпейілділік ӛркениетінің ең жақсы ӛкілдері болған. Пайғамбарымыздың мешітке
ішімдік ішіп келген сахабаларын айыптаған адамдарға
ескерту жасауы және жастық
құмарлықпен бейім тұрған қате жолға кірмей, насихаттарымен құтқарған
жұлдыздарының бірі болған Жүлейбиб деген сахабасын шәйіт болған кезінде
таптырып, құшағына алып оған дұға етуі - Ең Жақсы Адамның мейірімділігінің тек екі
мысалы ғана.
Исламның нұрлы рухты жол бастаушыларының қайырымды қолдарында
темірлер еріп, кӛмірлер алмасқа айналған. Ислам барлық үкімімен рақымдылық болып
саналады. Діннің тыйымдары
мен жазалары да адамдарды, қоғамдарды құтқаруды
кӛздейді. Құран мен хадистермен тұрақты болған жазалардың ӛзінде кешірім жолының
таңдалуы жӛн саналады. Осы тұрғыдан қарағанда Ислам барлық үкімімен рақымдылық
132
Таха, 20\44
133
М.Фетхуллах Г
ү
лен, Асрын гетирди
ғ
и Тередд
ү
тлер, 4\193
134
Ебу Дауыт, Едеб, 58
76
болған және кешірімді, рақымшылықты, кішіпейілдікті және жеңілдікті алға қоятын дін
болып табылады.
Бұл діннің мүшелері де осы сезім мен түсінікті ӛздеріне жол кӛрсетуші етіп
алған. М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди мүміннің әдісінің қандай болуы керектігін
ӛлеңмен былай жеткізеді:
Ӛлең
135
Раббымыз Құран Кәрімде жеңілдікті қалай түсіндіреді?
Құран Кәрімде «юср-жеңілдік» сӛзі 41 жерде кездеседі. Раббымыз адамдарға
кӛтере алмайтын жүкті, қиындықтарды жүктемейді, тек күші жететіндей
жауапкершілік
міндеттейді
136
. «Аллаһ ешкімге күшінің жететінінен артығын
жүктемейді. Аллаһ әрдайым бір қиындықтан кейін бір жеңілдік жаратады» (Талақ, 5\6-
7). Аллаһ адамдарға қиындық тілемейді, жеңілдік қалайды
137
. Адам әлсіз болып
жаратылып, қиындықтарға кіргісі келмегендіктен Аллаһ ауыр жүктерді жеңілдеткісі
келеді
138
.
Дін Аллаһ
тарапынан жеңілдетілген
139
. Дініміз бұйырған ғибадаттарда азимет
деген қалыпты шарттардағы жалпы үкімдермен қатар рұқсат деп аталатын жеңілдік
бар. Сондай-ақ жасалған күнәлар үшін тәубе есігі айқара ашылған.
Қинап іс жасату табиғи нәрсе емес. Сондықтан адамды зорлықпен дінге кіргізуге
де дінде тыйым салынған. Ӛйткені, дін бір сенім мен таңдау мәселесі болып табылады.
Аяттың айтуы бойынша дінде зорлық жоқ
140
. Бір адамды мұсылман болуға ешкім
зорлай алмайды. Раббымыз қаласа барлық адамды
иманды мұсылман етер еді
141
.
Реті келіп тұрғанда осы жерде мына нәрсені де айтып ӛту керек: «Дінде зорлық
жоқ» деген үкім дінге кіру мәселесіне қатысты, мұсылман адамның дінін орындау
мәселесіне қатысты емес. Бір адам ӛз еркімен Исламға кіріп, мұсылман болғаннан кейін
діннің бұйрықтарын орындауға міндетті
142
. Мұсылман болғаннан кейін адам Аллаһтың
бұйрықтарын себепсіз орындамаса бұ дүниеде де, арғы дүниеде де бірқатар жазаларға
тартылады. Бұл дінде зорлық мағынасына келмейді, ӛз еркімен дінді таңдаған адамды
жүйеге салу, оған таңдаған ӛмір салтында тура жүру және жолды жақсылықпен
аяқтауын жеңілдету.
Достарыңызбен бөлісу: