74
Раббымыз сансыз есімдерімен бізге ӛзін танытады, негізгі жаратылу мақсатымыз да
осы.
Екіншісі: Барлық нәрсе ӛзіне қарама-қарсы нәрсесімен білінеді. Қараңғылық
болмаса жарықтың білінбейтіні секілді аурулар болмаса денсаулықтың, аштық болмаса
тоқтықтың, кедейлік болмаса байлықтың, қиындықтар болмаса рахаттың қадірі
білінбес еді. Мүгедек адамдар болмаса ағзалары кемшіліксіз және мықты адамдар
қандай нығметке ие екенін білмейді, бір мүшесі кем адамдар басқа мүшелерінің қадірін
білмес еді. Ауру мен қиындықтар 60-70 жылдық адам ӛмірінің аз ғана бӛлігін қамтиды.
Кем адамдар дүниедегі адам санының аз ғана бӛлігін құрайды. Ауру мен кемтарлықтың
кӛпшілігі адамдардың немқұрайлығынан келіп туындайды.
Үшіншісі: Бұ дүние - емтихан орны. Аллаһ адамдарды кейде кедейлікпен, кейде
аурумен, кейде денсаулықпен сынайды. Әдемілік, күш, байлық, мықтылық, кемтарлық
барлығы да емтиханның себептері. Бақара сүресінің 155-аятында Ұлы Аллаһ «Еш
күмәнсіз, сендерді біраз қорқыту, біраз аштық, біраз малдан, жаннан, ӛнімнен айыру
секілді нәрселермен сынаймыз. Сен сабыр етушілерді сүйіншіле!» деп осы ақиқатты
кӛрсетеді.
Одан кейін келген аяттарда да сабыр еткендердің сипаттары және Раббылары
құзырында сыйға бӛленетіні туралы айтылады. Аллаһ ешкімге кӛтере алмайтындай
ауыр жүк жүктемейді және ол адамда жоқ нәрседен есепке тартпайды.
Тӛртіншісі: Аллаһ нағыз әділдік иесі және рақымдылығы шексіз. Құлдарына
ешқашан әділетсіздік жасамайды, алайда Аллаһтың әділетін толық түсіну үшін дүние
мен ақыретті бірге ойлау керек. Дүние пәни, ӛткінші, ал негізгі нәрсе - ақырет ӛмірі. Бұ
дүние - тек ақыреттің егіс алаңы. Аурулар мен қиындықтар сенген және сабыр еткен
адам үшін ғибадат үкіміне ӛтеді. Соқыр болғандықтан бұл жерде 60-70 жылдық қысқа
ӛмірінде дүниедегі әсемдіктерді кӛруден мақұрым қалған адам сабыр етсе жұмақта
шексіз түрде басқалар кӛре алмайтын әсемдіктерді кӛреді. Аллаһ бірді алады,
қайтарымы ретінде бірнеше есе етіп қайтарады, адам осыған шын кӛңілімен сеніп,
сабырлы болса болды.
Бесіншісі: Аллаһ адамды бұ дүниеге құлшылық үшін жіберген. Негізгі
тыныштық пен бақыт Аллаһқа жақын болуда, Соның ризалығын алуда. Ауруларға,
қиындықтарға душар болған адамдар молшылықта ӛмір сүрген адамдарға қарағанда
әлсіздігін жақсы түсініп, Аллаһқа бет бұрудың қажет екенін сезеді. Ғибадаттарына
мұқият болады, қолынан келгенінше жақсылық жасауға тырысады. Дүниеде бар
болуымыздың негізгі мақсаты да осы емес пе? Олай болса мұндай жағдайлар егер
біздің қателігімізден туындамаса оны жаза деп ойламау керек. Бәлкім, Аллаһтың бір
жақсылығы деп қабылдануы керек шығар. Әрине, ауру, кемтарлық, қиындықты ешкім
қаламайды, алайда олар келген жағдайда кемел мүмін «Біз Аллаһқа тәнбіз және уақыты
келгенде әрине Оған қайтамыз» (Бақара, 2\156) деп сабыр етеді
131
.
Достарыңызбен бөлісу: