«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Пайғамбарымыздың кішіпейілдігі



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет85/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
Шынайы адам

Пайғамбарымыздың кішіпейілдігі 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) кішіпейіл, ақкӛңіл кісі болған. 
Оның аты Аллаһ Тағала тарапынан «Жаны ашығыш, мейірімді» деген мағынаны 
беретін сӛздермен бірге жазылды. ХазіретАйша (радиаллаһу анха) былай дейді: 
«Расулуллаһ жаман сӛздер айтпайтын. Әдеп, тәрбие және сыпайылыққа жат ешқандай 
қылық жасамайтын. Базарда жүргенде де дауысын кӛтеріп сӛйлемейтін, жамандыққа 
жамандықпен жауап қайтармайтын, кешіретін». 
ХазіретАйша (радиаллаһу анха): «Расулуллаһ екі нәрсені таңдау керек болғанда 
күнә болмаса жеңілін таңдайтын. Егер күнәні керек ететін нәрсе болса одан ең алыс 
тұратын адам сол болатын» деген
149
.
Сондай-ақ ол «Расулуллаһ Аллаһ жолында жиһад ету мәселесін қоспағанда 
ешнәрсені, не бір әйелді, не бір қызметшісін қолымен ұрмаған. Ешкім Одан (сӛз және 
әрекет түрінде) ешқашан зарар кӛрмеген. Пайғамбар (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
144
Қ
ара
ң
ыз: Маида, 5\6 
145
Қ
ара
ң
ыз: Маида, 5\101 
146
Қ
ара
ң
ыз: Рази, Мефатихул 
Ғ
айб, 10\55 
147
Ә
бу Дауыт, Едеб 4; Муватта, Хуснул Хулу
қ
, 2. 
148
Б
ұ
хари, Илим 11, Ме
ғ
ази 60, Едеб 80, М
ү
слим, Жи
һ
ад 4
149
Тежрид, 9\276 


79 
жолдасы үшін кек мүлдем кек сақтамаған. Аллаһтың харам еткен нәрселеріне 
құрметсіздік жасалса, міне сол кезде Құдіретті Аллаһ үшін ренжіп, ӛш алатын»
150

Қазы Бейзави бұл мәселені былай түсіндіреді: «Аллаһ расулының жұмсақ 
мінезді, сабырлы және аққа жақ екені байқалады. Егер Аллаһтың хақысы мен 
адамдардың қақысын орындамаса бұл масқаралық болар еді. Нәпсісі үшін ӛш алса 
сабырсыз болып саналар еді. Пайғамбарымыз сабыр мен әділдікті бойына жақсы 
сіңірген». 
Сахабалардан ХазіретЕнес бин Малик (радиаллаһу анх) айтады: «Расулуллаһпен 
бара жатқанда бір бәдәуи ХазіретПайғамбардың шапанынан қатты тартып қалып, оның
мойнын жырып кеткенін кӛрдім. Бәдәуи: «Ей Мұхаммед! Сенің жаныңдағы Аллаһтың 
малынан маған біраз бер! деді. Расулуллаһ оған қарап күліп, қасындағыларға оған бір 
нәрсе берілуін бұйырды»
151

ХазіретЕнестің (радиаллаһу анх) жеткізуі бойынша расулуллаһ «Бір адамға 
ренжитіндей нәрсе айтпайтын және ешкімнің айыбын бетіне баспайтын». 
Пайғамбарымыз тыйым салынуы және тасталуы керекті нәрселерді жалпылама түрде 
айтатын, ол қатені жасаған адамның ӛзіне айтпайтын. Әр ишарасы бір бұйрық болып 
қабылданған пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) осыған қарамастан 
үмметінің кӛңілін қалдырмауға бар күшін салатын. 
Пайғамбарымыз бір адамнан ӛткір иіс шығып, басқаларды мазалағанын кӛреді. 
Оның үстіне сары түсті екен. Ол адам тұрып кеткенше оған ештеңе демейді, бетіне 
баспайды. Ол тұрып кеткеннен кейін ол жердегілерге: «Мына адамға жылы сӛзбен 
айтсаңдар, бұдан былай мына сары түсті жаман иісті қолданбаса» дейді.
Сахабалар пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) туралы: «Ұнатпағаны 
түрінен білініп тұратын» дейді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
мына хадиісінің де терең мағынасы бар: «Ешкім басқа біреу туралы маған жаман нәрсе 
жеткізбесін. Ӛйткені, мен жандарыңа жүрегім таза болып шыққым келеді». 

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау