Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет64/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
деген автор жазған «Әдебиетімізге 
көз салу» деген ғылыми-зерттеу 
мақала – ғасыр басындағы аздаған 
жыл дардың ішінде-ақ әдеби-та ри хи 
ой-пікір ғылыми ұғымдарды мең-
геруге батыл кірісе алғанына нақты 
мысал. Ол көркемдік дамудағы әдеби 
байланыс, озық үлгілерден үйрену 
арқылы жанрлық тұрғыдан өркендеу, 
тарихи сабақтастық принципіне сай 
дәстүр мен жаңашылдық, әдебиет 
тарихын тексеру сияқты проблема-
ларды нақты көтеруінен анық таны-
лады. Автор бұл мәселелерді жаңа 
қалыптасып келе жатқан қазақтың 
жазба әдебиетін өркендету жолын-
да кімнен үлгі алуымыз керек, ұлт 
әдебиетінің ендігі бағыты қандай бо-
луы қажет деген сұрақтар төңірегінде 
ой қозғау арқылы шешуге ұмтылған. 
Бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінің ен дігі 
ұстар бағыты еуропа әдебиеті еке нін 
айтып, үлгі-өнеге алу жолында ғы 
еліктеу барысында әдебиетіміздің 
ұлттық сипатынан айырылып қалмау 
жағын ойлау керектігіне көңіл ау-
дарады. Әдеби өркендеуде басқа 
елдің әдебиетіне еліктеудің бол-
май қоймайтын құбылыс екенін ғы-
лыми дәлелдеуі ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде жаңалық 
еке нін айтуға тиістіміз. Шағатай 
әде биетіне араб, парсы әдебиетінің 
ықпалын айтқан уақытта Ә. Нау-
аи секілді ірі ақындардың Ширази, 
Сағди, Хайям сияқты классиктер-
ден үйрену арқылы өз әдебиетін 
дамытқанын айтуы – бұрын кездес-
пеген соны пікір. Сонымен қатар 
үлгі-өнеге алу жолындағы еліктеу, 
жаңашылдыққа ұмтылу барысында 
әдебиеттің өзіне тән ұлттық сипат-
тан айырылып қалмауы қажеттігін 
ескертіп, осман түркілерінің еліктеуге 
қатты ден қойып, өз әдебиетіндегі 
ұлттық дәстүрлерін жоғалтуға дейін 
барғанын мысалға келтіреді.
Автор басқа ел әдебиетіне елік-
теу мен үлгі-өнеге алудың осындай 
жетекшілік және кері әсері болаты-
нын дәлелдеп алғаннан кейін, қазақ 
әдебиетінің не себептен Еуропадан 
үйренуі керек екеніне тоқталады. 
«Өйткені Еуропа мәдениетінің бар 
асылы – рух сыны – дух критициз-
ма, – деп жазады автор, – бұл бізді 
жүре алмайтын тұйыққа, шыға ал-
майтын шыңырауға алып кетпес. 
Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара 
жатса, рух сыны бізді жаңа көзімізді 
ашып, қатамызды көрсетер. Абай – 
адабиятымыздың атасы, бұл жолдың 
қорқынышсыз, біздің үшін пайдалы 
екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. 
Әйтпесе, Абай үшін ғараб, ғажам 
(парсы) жолы ашық еді». Бұл пікір-
ден ғасыр басындағы ұлт әдебиетін 
өркендетуге бағыт-бағдар беру ғана 
емес, әдебиет тарихына зерттеуші-
лік тұрғыдан қараудағы көзқарас та 
танылып жатқаны айтпаса да түсі-
нікті. Оны жоғарыда сөз еткен мәсе-
лелермен сабақтастыра отырып: 
«Ұлт әдебиетін майданға шығармақ 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


80

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау