Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет61/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ға сырдың басындағы ғұмырнама-
лық зерттеулердің кейінгі әдеби-та-
рихи бағыттағы монографиялық 
еңбектерге жолбасшы болғандық-
тан, қазақ әдебиеттану ғылымын ту-
дырудағы тарихи маңызы зор еді. 
Францияда Ж. Ж. Руссо, Германияда 
Г. Гердер, Ресейде А. Н. Пыпин және 
басқалары әдебиет туралы ғылым-
ның туу дәуіріндегі ғұмырнамалық 
зерттеулердің, яғни биографизмнің, 
әдебиет тарихын ғылыми тексеруге 
апаратын жетекшілік ролін айрықша 
атайды. Биографизм негізінен аса да-
рынды тұлғалар туралы болады да, 
сол арқылы әдеби дамудың басты 
кезеңдерін айқындайды. Бұл – әде-
биет тарихын зерттеу мен дәуірге 
бөлу проблемасына апарар бірден-бір 
жол. Сонымен қатар, ақын-жазушы-
лар ғұмырнамаларының жазыла ба-
стауы, олардың шығармашылы ғы-
на баға берілуі көркем шығарманы 
әдеби-теориялық тұрғыдан талдауға 
әкеледі.
Бұл секілді мақалалардың шығуы 
ұлт әдебиетін тануға, оны өркен-
детуге, тарихын зерттеуге деген көз-
қарастың таралуына себепкер бол-
ды. Семей, Омбы және Торғай қала-
ларында әдебиет кештерінің өтуі оған 
айқын айғақ. Әдебиет кешін Семейде 
Нәзипа мен Нұрғали Құлжанов тар 
екі рет өткізсе, Торғайда Ғ. Алба-
сов, Қ. Жабағин деген азаматтар 
ұйымдастырды. Біздің ойымызша, 
әдебиет кештерін өткізу тек ойын-
сауық үшін емес. Олардың басты 
мақсаты, бір жағынан елге руха-
ни азық беріп, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрді ұмытпауды насихаттаса, 
екіншіден – сол кездегі мақалаларда 
атап жазылғанындай «қазақ ұлтының 
басқа елге сіңісіп құрып кетпеуі 
үшін» өз әдебиеті мен тілін қадірлеу 
мен тану арқылы ұлттық сананы дәуір 
талабына сай ояту. Өйткені, «Оян, 
қазақ!» ұранының бүкіл қазаққа ар-
налып айтылғаны белгілі.
Әдеби-тарихи ой-пікірдің тіл мен 
әдебиет тағдыры туралы және ғұ-
мырнамалық негіздегі ғылыми ма-
қалалардағы, әдеби кештер секілді 
игі шаралардағы ұлт әдебиетінің 
тарихын зерттеуге деген ізденісі же-
місті қадам болды. 1915 жылы Се-
мейде өткен әдебиет кешінде Р. Мәр-
секов сөйлеп, қазақ әдебиетінің та-
рихына шолу жасап берді. Ол «Қа-
зақтың» 1915 жылғы №112, 113 
сан дарында «Қазақ әдебиеті жайы-
нан» деген атпен басылып шықты. 
Ма қаланың негізгі мақсаты ұлттық 
әдебиеттің өткені мен бүгінгі хал-
жағдайын саралай отырып, ғылыми 
тұрғыда зерттеу болғаны байқалады. 
Бұл мақалада әдеби-тарихи ой-пі-
кір ұлт әдебиетінің тарихын дәуірге 
бөлу мәселесіне тұңғыш қадам жаса-
ды. Ол әдебиеттану ғылымының туу 
дәуірінің алғашқы жылдары үшін аз 
олжа емес еді.
Р. Мәрсеков қазақ әдебиеті тари-
хының даму кезеңдерін үш дәуірге 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


77

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау