А. Т. Оралова, Н. К. Цой, Ю. Д. Обухов, А. М. Суимбаева, А. Ж. Ауелбекова


  Популяция санының реттелуі. Тірі қалудың стратегиялары



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет23/72
Дата15.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#43403
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
УП Экология 1 болим каз

3.6 
Популяция санының реттелуі. Тірі қалудың стратегиялары 
Популяцияның қызмет етуі халық тығыздығымен байланысты. 
Территорияны тиімді пайдалану тығыздықтың белгілі шегін, даралардың 
(топтардың) 
кеңістікте 
бытыратып 
орналасуын 
ескереді. 
Ішкі 
популяциялық функцияларды жүзеге асыру, керісінше, байланыстардың 
тұрақты 
ұстауын 
қамтамасыз 
ететін 
даралардың 
белгілі 
бір 
концентрациясын қажет етеді. Халықтың оңтайлы тығыздығы деп осы екі 
биологиялық мәселе біркелкі болғандағы деңгей деп түсінуге болады.
Халық тығыздығын оңтайлы деңгейде ұстау – кері байланыс қағидасы 
бойынша әрекет ететін биологиялық реттеудің күрделі процесі.
Популяция халқының тығыздығын оңтайлы деңгейде тұқымдылық 
пен өлімді реттеу арқылы ұстауға болады. Жалпы жағдайда, популяцияда 
халық тығыздығының жоғарылауы популяция өсімінің жылдамдығының 
төмендеуіне және популяция ішінде даралар бәсекелестігінің жоғарылауы 
салдарынан өлімнің өсуіне алып келеді. Мысалы, балықтардағы 
құртшабақтардың тірі қалуы және олардың өсу қарқыны уылдырық 
шашатын жерлердегі уылдырықтың жалпы санының жоғарылауы кезінде 
төмендейді. 
Жоғары 
тығыздық 
кезінде 
Ақтөбе 
облысындағы 
қасқырлардың төлдерінің өлімі жоғарылайды және ересек ұрғашылардың 
көбеюі тоқтатылып қалады.
Жануарларда тұқымдылық пен өлімді реттеу процестерінде химиялық 
реттеу кең таралған. Мысалы, ұн қарақоңызында белгілі бір тығыздықты 
орнату азықтың жетіспеушілігімен емес, этилквинон деп аталатын ерекше 
бездерінің реттеуші қызметі бар газ тәрізді сөлімен байланысты. Бұл 
сөлдің бөліну қарқындылығы байланыстар жиілігіне (яғни халық 
тығыздығына) тікелей пропорционал; оның әсері құрттардың өсімі мен 
дамуының төмендеуінде байқалады, ал концентрацияның жоғарылауы 
кезінде – олардың өлімінің жоғарылауында байқалады. Реттеудің ұқсас 
формалары көптеген басқадай жануарларға оратылған: балықтар, 
амфибиялар, қарапайымдылар, ұлулар, тікен терілілер, шаянтәрізділер.


29 
Қылық арқылы реттеу жоғарғы жануарларға өте тән. Халық 
тығыздығы артқан кезде көптеген жануарларда даралардың тікелей 
байланыстардың өсуші жиілігі каннибализмге алып келеді. Мысалы, 
құстарда 
үлкенірек 
балапандар 
тамақтың 
жетіспеушілігінен 
өз 
бауырластарын жеп қояды. Қылықтық реттеу жиі ішкі популяциялық 
топтардың құрылымымен байланысты. Мысалы, цейлон макакаларында 
тамақ жетіспеушілігінен төмен дәрежелі дараларда дұрыс тамақтануға 
мүмкіндіктері жоқ, сондықтан олар өледі; нәтижесінде бұл маймылдар 
популяцияларының көлемі азық базасының өзгеруіне әсерін тигізеді.
Құрылым арқылы реттеу репродукцияның қылықтық және 
физиологиялық механизмдерін қозғайды. Топтардағы өзара қатынасты 
құрылымдау салдарынан даралардың бір бөлігі қобалжушылық күйге 
(күйзелуге) тап болады. Халық тығыздығының жоғарылауы кезінде 
популяциядағы күйзелу деңгейі өседі. Күйзелу даралардың физиологиялық 
күйіне әсер етеді (мысалы, күйзелу гормондар концентрациясының 
жоғарылауы), бұл, ең болмағанда, жануардың өліміне әкеп соғады. Көбею 
қарқындылығын реттеуде де күйзелу деңгейі динамикасының маңызы бар: 
күйзелу күйі репродуктивті функцияларды гормонды түрде төмендетеді. 
Күйзелістік күйді ынталандыруда агрессиялық қылық үлкен роль ойнайды, 
ол популяцияда халық тығыздығының жоғарылауы кезінде ұлғаяды. 
Кейбір жағдайларда агрессия санды шектеудің тікелей факторы ретінде 
шығуы мүмкін. Мысалы, үй тышқандары санының және халық 
тығыздығының өсуі үнемі төбелес сандарының өсуіне алып келеді. Белгілі 
бір шекке жеткенде төбелес жиілігі төлдер өлімінің ұлғаюы, сонымен 
бірге, күйзелу-реакцияларының дамуы салдарынан тығыздықтың одан әрі 
өсу шегінің факторы ретінде бола бастады.
Кеңістіктегі даралардың дисперсиясын реттеу. Кеңістіктегі дисперсия 
– дараларды көбеюші топтар құрамынан шығарып тастау. Сонымен бірге 
популяция алып жатқан территория кеңейтіледі және оңтайлы тығыздық 
санның төмендеуінсіз ұсталып тұрады.

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау