Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет98/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

Диалектизмдер
– жергілікті жерде, белгілі бір аймақта қолданатын, 
яғни өзінің «жекеменшік территориясы» бар тілдік бірліктер. Бұлардың 
әдеби сыңарлары болады: 
құдағай
(жергілікті) – 
құдағи
(әдеби); 
маңлай 
(жергілікті) – 
маңдай
(әдеби); 
жылқыдар
(жергілікті) – 
жылқылар 
(әдеби); 
вокзалдан қарсыладым
(жергілікті) – 
вокзалдан қарсы алдым
(әдеби); 
жұмысқа түстім
(жергілікті) – 
жұмысқа щықтым
(әдеби);
әпше 
(жергілікті) – 
әпке
(әдеби); 
шәш
(жергілікті) – 
шаш
(әдеби); 
чақыр 
(жергілікті) – 
шақыр
(әдеби) т.б. Сөз мәдениетіне ден қойған, әдеби тілдің 
тазалығын көздеген, оның нормасын мойындаған, міндетті деп таныған адам 
әлгідей бірліктердің әдеби нормаға сай түрін қолданып, мәдениеттіліктің 
үлгісін көрсетеді. Ал мұндайларды талғаусыз жұмсаған жандар өз 
мәдениетінің, әсіресе сөз мәдениетінің төмен екенін байқатады. 
Сондай-ақ сөз ішінде диалектизмдер жиіліп кетсе, онда тыңдаушы 
үшін сөз түсініксіз болып, тілдік қарым-қатынас діттеген жерден шықпай 
жатады. 


Қарапайым сөйлеу тілі
– әдеби тіл кеңестігінен тысқарылау тұратын 
тілдік бірліктер жүйесі. Қарапайым сөйлеу тілінің «меншіктеп» алған 
территориясы болмайды, олар еліміздің барлық аймақтарында ұшырасады. 
Олардың мағынасын «түсіну»-«түсінбеу»-ге байланысты еш қиындық 
болмайды. Қайсыбір қарапайым сөздердің мазмұны төмендеу болса, 
кейбірінің дыбыс тұрпаты жарым-жан болып келеді. Сондықтан шаршы топ 
алдындағы сөзде, ресми жағдайдағы тілдік қарым-қатынаста қарапайым 
сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына жат деп есептеледі. Мысалы, 
қатып кетті, былшылдап отыр, не оттап жүрсің, ақша дегенің қырғын, 
мен саған пысқырмаймын
дегендердің мазмұны төмен болса, 
әкеші, 
бересашы, келе сашы, кеп кетті 
тәрізділер дыбыстық құрамы жағынан 
«жартыкеш», «жарым-жан» сөздер. Қоғамдық цензура бойынша айтуға, 
жазуға тиым салынған бейәдеп сөздер де әдеби тілдің нормасына жат деп 
танылады. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау