Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет92/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

кәрекет, ақырет
дегенді 
әкірет/ақырат, рақымет, 
қасірет
сөздерін 
рақымет, кәсірет, Ақыметті Ақымат
деуге болмайды. 
Бұлай деу тілдік базада жоқ. Сондай-ақ 
шай, жай, шай-
сөздерінің қара 
басын 
шәй, жәй, шәй-
деп жазуға болар-ау, бірақ 
шайға шақыр, шайлық пұл
дегенді 
шәйге шақыр, шәйлік пүл, кірді шайқа
дегенді 
кірді шәйке
демесі 
бәрімізге аян. 
Бар байлығым, бір шайлығым
деген мәтелдегі 
байлығым, 
шайлығым
жуан түрде ұйқасып тұрған сөздер.
Шынында, «бейүндес сөздер» деп аталған бұл құбылыс фонологиялық 
тұрғыдан арнайы қарастыруды қажет етеді. 
Алдымен 
жай, жай-, шай, шай-
сөздерінің дыбысталу жайына назар 
аударуға тура келеді.
А.Байтұрсынұлының айтуынша, дауыссыздардың жуан/жіңішкелік 
сипаты дауыстылардың ырқында болады. Мысалы: [таң], [тʻʻеңʻʻ]. Бұл – 
тілдің негізгі қағидасы. Алайда аталмыш фонетикалық тәртіптен ауытқитын 
тілдік фактілер де кездеседі. Солардың бірі [ш] мен [й]-дің, [ж] мен [й]-дің 
аралығындағы [а]-ның дауыссыздарды өз ырқына көндірмей, керісінше
солардың әсеріне ұшырап, палатизациялануы. Түркі тілдерінде кездесетін 
бұл құбылысқа кезінде татар ғалымы Г.Шараф көңіл бөлген екен. 
Алайда [ж“әй“], [ш“әй“] дегендегі [ә] дауыстысын <а>-ның түрленімі 
емес, әуелден бар <ә>, ол «ж – й»-дің әсері емес, дейтін де көзқарас бар. 
Мұндай көзқарасты ұстанушылар орфографияда, 
жай, шай
деп 


кодификациялауды сөздікшілердің білместігі деп түсінеді және норманы 
қайта қарау керек деп біледі.
Әрине, бұл пікірді құптай салуға болмайды. Себебі аталмыш сөздердегі 
дауысты «нағыз» [ә]-нің өзі болса, осы түбірден өрбіген сөздерге қосымша 
неге бірыңғай бастан аяқ жіңішке нұсқада жалғанбайды? Мысалы, 
шәйке, 
жәйкел, жәйләуге, шәйге шақыр, жәйтке
деп айту тілдік базада жоқ. Бұл 
тұлғалардағы дауысты шын мәнінде жіңішке болса, оларға қосымша ешбір 
ауытқусыз-ақ бірыңғай жіңішке жалғанар еді. Оған ешбір фонетикалық 
кедергі жоқ. Сөздің қара басы [жәй], [шәй] деп жіңішке тұрпатта 
айтылғанмен, қосымшалармен түрленгенде, олардың түптұлғасы 
жай, шай
екенін байқауға болады: 
шайқа, жайқал, жайлауға, шайға шақыр
т.б. Бұлар 
жай, шай
тұлғаларын түптұлғасындағы дауыстының <а> екенін танытатын 
тілдік фактілер.
Әдетте фонема теориясына белгілі бір дыбыстардың орын талғайтын, 
орын талғамайтын жағдайларына назар аудару маңызды. Мысалы, сөз 
ішіндегі кейбір «орын» <а> үшін қолайлы болса, қайсыбір орын «қолайсыз» 
болып келеді. Атап айтқанда <а> фонема үшін [ж] мен [й]-дің, [ш] мен [й]-
дің аралығы қолайсыз орын, сондықтан ортаға бейімделіп, реңін өзгертуге 
тырысады. Фонема <а> сондықтан 
жай, шай
сөздерінде [ә] түрінде 
дыбысталады. <а>-ның осындай әлсіз жағдайдағы [ә] реңкі, әлді 
жағдайындағы <ә>-нің (ән ) дегендегі [ә]-нің) реңіне ұқсап кетеді. Ал 
фонемографиялық жазудың тәртібінде фонемалардың әлсіз жағдайдағы реңкі 
таңбаланбайды: 
шай
[ш әй ] 
Сондай-ақ <а> инварианты үшін жоғарыда сөз болған 
қасиет, 
тақсірет, қауіпті, қадірлі
сөздеріндегі дыбыстық жағдай қолайлы орын 
болып саналады. Сондықтан «ортаға» бейімделіп өзгешелеу реңк алады 
(палатализацияланады). 
Субъективті 
қабылдауда 
жуан/жіңішкелігі 
көмескілеу сезіледі. Жуан/жіңішкелік перцепциясы көмескілеу 
қасиет, 
тақсірет
сөздерінің орфоэпиялық нормасын былайша көрсетуге болады: 
[тӓх

с
1
ір

ет
1
], [қ

ӓсій

ет
1
]. Мұндағы [ӓ] инвариант <а>-ның әлсіз 
жағдайдағы вариациясы.
Сөйтіп, <а> инвариант фонеманың әлсіз позицияда [ә] варианты және 
[а] вариациясы бар деуге болады. Сондай-ақ <а> инварианттың әлді және 
әлсіз позицияда [а], [ә], [ӓ] реңктері түріндегі дыбыс шоғыры бар екенін 
байқаймыз. Оны төмендегіше көрсетуге болады: 
[а] [алтын] (әлді позиция) инвариантқа барынша сәйкес реңк 
<а> [ә] [ш
1
әй
1
]
шай
(әлсіз позиция) вариант 
[ӓ] [тӓх

сір

ет
1

тақсірет
(әлсіз позиция) вариация 
Сонымен, қазақ тілінде 
шай, жай
сөзіндегі дауысты іргелес 
дауыссыздардың әсерінен жіңішкеріп, [жәй], [шәй] түрінде айтылады. Бұл 
құбылысқа инвариант теориясы тұрғысынан назар аударсақ, мұндағы [ә] 
дауыстысы әлсіз жағдайдағы (позициядағы) инвариант <а>-ның варианты 


болып табылады. Қазақ жазуының ұстанған принципі фонемографиялық 
принцип болғандықтан, фонеманың әлсіз позициядағы түрленімдері 
(варианттары мен вариациялары) жазуда ескерілмейді. Сондықтан сөздің 
жай, 
шай
түрінде 
таңбалануы 
орфографиялық 
сөздік 
арқылы 
кодификацияланған.
Міне, бұл айтылғандар орфографиялық та, орфоэпиялық та нормаларға 
қатысты жайт. Ал нормадағы мұндай қайшылықты жайтты айқындап, 
кодификациялауда инвариант, вариант, вариацияға байланысты теориялық 
ұстанымдарға назар аудару қажет деп білеміз.
Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы нормаларымен тағы бір 
қайшылықты жағдай бейүндес буынды сөздердің айтылу нормасы мен 
жазылу нормасын кодификациялау мәселесі. Әсіресе соңғы жылдары 
тіліміздің жазу, дыбыстау нормаларына жұртшылық назары ауып, тиісті 
сөздіктерде көрсетілген нормалардың кейбірін сынға ала бастады. 
Нормативті сөздіктерде көрсетілген 
қасиет, қаріп, қабір, қадір, қауіпті, 
қайтіп, қайткенде, қадім, мұғалім
т.б. сөздерді 
кәсиет, кәріп, қабыр, қадыр, 
қауыпты, кәйтіп, кәйткенде, мұғалым
т.б. түрінде жазып, әлгідей сөздердің 
нормасын тиянақтауда сингармонизм заңдылығына сүйену керектігін 
айтады. Әрине, бейүндес буынды сөздерді, егер олардың саны осы айтылған 
сөздермен шектелсе, солай етіп жазуға да, айтуға икемдеуге де болар еді. 
Бірақ мұндай типтегі сөздердің саны, түрлері осы аталған сөздермен 
шектелмейді, тілде бұдан басқа да біралуан сөз бар: 
тәкаппар, құдірет, 
ақырет, қауесет, қазірет, қасірет, рақымет, тауқымет, қорек, меxнат, 
тақсірет
т.б. Бірыңғай жуан, я болмаса бірыңғай жіңішке түрде таңбалап 
жөнге салуға бұлардың ырық бермейтіні байқалады. Мұндай сөздер де, 
жоғарыда аталған азын-аулақ икемдеуге келеді-ау деген сөздер де шеттілдік 
болғандықтан ырыққа көне бермейтіндей көрінеді. Шынында, үндесім 
икеміне көне бермейтін тек шеттілдік қана емес, төлтума сөздер де бар: 
мұнікі, оныкі, ауылдікі, таудікі, көгорай, көкқарға, көкпар, қағылез 
т.б.
Мұндай қиындықтардың икемді келеді-ау дегенін үндесіммен айтып, 
жазып, ал келмейтінін сол күйінде жылы жауып қойғанмен, мәселе 
шешілмейді. Сондықтан әңгіме қиындықтың төркіні неде екенін іздестіруге 
келіп тіреледі.
Жазылу нормасы мен айтылу нормасы даулы көрінетін бейүндес 
буынды сөздердің бір алуаны [қ], [к] дыбыстарымен байланысты екені 
байқалады.
Фонология теориясында дыбыстардың әлді позициясы, әлсіз 
позициясының өзі бірнеше түрге бөлінеді. Сигнификативті және перцептивті 
күшті жағдайда фонема мағына ажыратады, инвариант түрінде дыбысталады, 
ал сигнификативті әлсіз, ал перцептивті күшті жағдайда фонема мағына 
ажыратпайды, өзінің дыбыстық варианты түрінде, ал сигнификативті 
перцептивті әлсіз жағдайда өзінің дыбыстық вариациясы түрінде жұмсалады. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау