Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет91/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

вариация 
деп аталады.
[атцыз], [қатчы], [авай бол] т.б. дегендегі [ц], [ч], [в] қазақ тілінің 
фонологиялық парадигмасында жоқ. Біз бұл жерде дыбыстық өзгерістерді 
жуық шамамен 
ц, ч, в
таңбаларымен беріп отырмыз. Алайда бұлар дәлме-дәл 
орыс тіліндегідей дыбысталады деп түсінбеу керек.
Қазіргі орфоэпияда инвариант фонемалардың вариант түрі едәуір 
жүйеленді, оның вариация түрін зерттеу енді-енді қолға алынып, 
Ә.Жүнісбековтың басқаруымен шыққан «Қазақ тілінің орфоэпиялық 
сөздігінде» (2005) [80] біралуан вариациялар көрсетілді.
Қазақ фонетикасында фонемалардың вариант, вариация түрлерін және 
олардың белгілі бір фонемалардың дыбыс қорын (шоғырын) құрайтын 
ерекше түзілім ретінде қараудың, жоғары мектеп оқулықтарына, оқу 
құралдарына, 
бағдарламаларына 
енгізіп, 
орфоэпиялық 
сөздікте, 
анықтағыштарда көрсетіп, сөз фонетикасының құрылымы ретінде танудың 
теориялық әрі практикалық мәні айрықша болмақ.
Орфоэпиялық норманы кодификациялаушылар осы кезге дейін көбіне 
варианттарды көрсетумен шектелді, өйткені МФМ-інің ілімін дәйекті 
ұстанып жүрген фонолог М.Жүсіповтің зерттеулері қозғау салғанға дейін 
қазақ фонологиясында инвариант, вариант, вариация позицияның түрлері 
мен типтері туралы ұғымдар ғылыми айналымға ене қойған жоқ болатын 
[81].
Алайда вариация деп арнайы атамаса да, кейбір тілдік фактілер зерттеу 
материалдарында көрсетіліп отырды. Мысалы, сөздің ұшар басында о, о (ө) 
дауыстыларының алдында ілеспе [у]-дың естілетініне Н.И.Ильминский назар 
аударып, Р.Сыздық 
отан, отын, орын
т.б. сөздердің қосамжар [у]-мен 
[
у
от
0
ан] түрінде айтылатынын норма ретінде атап көрсетті.
Сондай-ақ 
ет, ешкі
тәрізді сөздерде <е>-нің [je] түріндегі; екі дауысты 
аралығында <б>-ның ерін жуысыңқысы [б
0
] түріндегі айтылатыны жөнінде 
І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбеков, А.Айғабылов т.б. зерттеушілердің 
тұжырымдары мен пікірлері бар.


Аталмыш құбылыстар М.Дүйсебаеваның [82], Х.Неталиеваның [83] 
орфоэпиялық сөздіктерінде және Р.Сыздықтың «Сөз сазы» анықтағышында 
кодификацияланған норма ретінде тіркелді.
Морфонологиялық құбылыстарға жататын өзгерістерді фонетикалық 
құбылыстардан ажырата қарау (А.Айғабылов), фонетикалық өзгерістердің 
өзін вариант, вариацияға саралау (М.Жүсіпов), фонемалардың дыбыстық 
қорын айқындау т.б. тәрізді зерттеулердің орфоэпиялық, орфографиялық 
нормаларды кодификациялауда мәні айрықша.
Алайда айтылу, жазылу нормасы даулы көрінетін, немесе дәстүрге 
айналып қалыптасқан нормаларды кодификацияланған нормаларды қа йта 
қарау жөнінде сын-пікірлер айтатын «оппоненттер» көбейді. Мұның өзі сол 
айтылған даулы мәселелерге азды-көпті тоқталуды қажет етеді. 
Осы тәрізді сөздерді неге бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке түрде 
жазып, үндестік заңын сақтамаймыз, орфографиялық сөздік үндестік заңын 
бұзып отыр дегендей сыңай танытатын мақалалар жарық көріп жатады. 
Әрине, мәселенің байыбына бармай сөздердің 
шай, жай-
т.б. жазылуын 
орфографиялық сөздік дұрыс көрсетпей отыр, мұндай сөздер 
шәй, шәй-, жәй, 
жай- 
деп жазылуға тиіс деп ақыл айтқан болады.
Бәлкім, осыларды сынаушылар айтқандай үндестікке бағындырған 
болып, 
қайтып (қайтып айтайын), кәсиет, мұғалым, кітәп, қадыр, қазыр, 
кәнден, қабыр, қауып (қауып төнген жоқ), қауыпсыз, қауыпты, қауыпсыздық
деп жазуға болар. Алайда мұндай сөздердің саны бұл көрсетілген сөздермен 
шектелмейді. Мысалы, 
құдірет
сөзін 
күдірет/құдырат, тақсірет
сөзін 
тәксірет, харакет
сөзін 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау