ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
Пəннің аты:қазақ тілі
Уақыты:12.10.2016 Кабинет:40 Мұғалім:Калиева А.А.
Сабақтың атауы
Дауыссыз қ мен ғ
Мақсаты
Білімділік: Жалпы дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру.
Сөздерде қ мен ғ дыбыстарының қолдануы туралы түсініктерін
кеңейту. Жаттығулар орындау арқылы ізденімпаздық, тапқырлық
қасиеттерін дамыту.
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Тəрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тəрбиелеу.
Сабақтың əдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап,
мəнерлеп оқу, ойын əдісі.
Көрнекіліктері: «Əріптер əлемі» ертегісіне арналған сурет, тест,
Күтілетін нəтиже
Психологиялық ахуал
Армысың, асыл күн
Армысың, асыл жер,
Армысың, көк аспан,
Армысыздар құрметті қонақтар,
Армысың, асыл досым
Жылуыма-жылу қос
Міне менің қолым.
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге
бүгінгі сабаққа сəттілік
тілейді.
Қызығушылықты ояту
Негізгі бөлімі: жаңа сабақ
«Əріптер əлемі» ертегісін баяндау
арқылы проблемалы сұрақ қойып,
сабақтың тақырыбын логикалық
ойлату.
Ерте заманда əріптер барлығы
бірге өмір сүріпті. Олар барлығы
бір түсті болыпты. Тату- тəтті
өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл
соғады. Желдің қатты соққаны
соншалық əріптердің барлығы
жан- жаққа шашырап ұшыпты.
А, ə, е, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, э, ю, я-
дыбыстары күнге қонып күйіп
қып-қызыл болыпты.
Б, в, г, ғ, д, ж, з- дыбыстары
ағашқа қонып (ұяң) болып
қалыпты.
К, қ, п, с, т, ф, х, ... ц, ч, ғ, ш, щ-
дыбыстары ағаштың діңіне қонып
(қатаң) болыпты.
Л, м, н, ң, р, й, (у)- дыбыстары
бұлтқа қонып (үнді) болыпты.
Олар күні бойы қайғырып –
жылап, «Не істейміз?» дейді. Ең
жоғарыда тұрған дауысты
дыбыстар болған соң, бəрін
көріпті. Ортақ шешімге келіпті.
Бұларды біз бітірейік- деп,
келіседі. Одан кейін олар
əріптерден буын, сөз, сөйлем
құрапты.
Жаңа сабаққа деген
қызығушылықтары
оянып,ерекше ынтамен
кіріседі.
Мағынаны тану
Бүгін дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз
Қ- дауыссыз қатаң Ғ- дауыссыз ұяң
Кітаппен жұмыс
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
97-жаттығу.Сөздерді оқы.
Қ,ғ дыбыстары туралы не білесің?
98-жаттығу.Өлеңді көшіріп жаз.
Қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған?
Оның себебі неде деп ойлайсың?
Ереже :Ғəрпі сөздің соңында жазылмайды.Қ-ға аяқталған
сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,қ дыбысы ғ-ға
айналады:қабақ-қабағы,бұршақ-бұршағы,атақ-атағы.
99-жаттығу.Сөздерге ы,і дыбыстарының тиістісін қосып,үлгі
бойынша өзгертіп жаз.Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін
түсіндір. Сабақ,орақ,ұршық,жолақ,парақ.
Сергіту сəті
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Ой толғаныс
100-жаттығу.Қ дыбысына аяқталатын бірнеше сөз ойла.Оларды
қатыстырып сөйлемдер жаз.
101-жаттығу.Мақалды көшіріп жаз.Қ дыбысы ғдыбысына
айналған сөздерді тауып,оның себебін дəлелде.
*Мақалдың мəнін түсіндір.
Ойын: «Артық сөзді тап» неге ол сөз артық деп ойлайсың?
Дəлелдеуге тырыс.
а) Шай, сүт, нан, айран, кітап, сыр, кəмпит, балық, май.
ə) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.
б) Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.
Қорытынды: Карточка жəне тесттік жұмыс.Тест.
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді.
а) 2 ə) 3 б) 4
2. Жуан дауысты дыбыстардың əріптерін тап
а) а, ү, о, ұ ə) ы, ұ, а, у б) а, о, ы, ұ
3. Жіңішке дауысты дыбыстардың əріптерін тап
а) а. е, о, ү ə) ə, ө, е, і, ү б) о, ə, а, е, ү
4. Жуан айтылған сөзді тап?
а) əже ə) ата б) əке
5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а) ө-зен ə) өз-ен б) өзе-н
6. Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған
а) омар ə) Болат б) əлия
Үйге тапсырма
102-жаттығу,36-бет.
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау жəне оқуды
бағалау
Бағалау парақшасын
толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған
нұсқаға жабыстырады
Тексерді: