Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет13/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

 
Жазудың тегі 
 
І. Семасиографиялық немесе идеографиялық (тілдің мазмұн жағына 
негізделген)
ІІ. Фонографиялық (тілдің тұрпат жағына негізделген) . 
Жазудың түрлері 
 
А. 
Пиктография (хабардың
А.
Силлабографиялық (графикалық 
жалпы мазмұнын бейне- 
таңбаның объектісі – буын). 
леуге негізделген).
Б. 
Иероглифика
Б
. Фонемография (графикалық
немесе логография (сөзге
таңбаның объектісі – фонема).
негізделген) 
а)
акцент-фонологиялық
ә)
сингарможазу: екі әуезде жазу
(латын, кириллица)
негізделген сингарможазу, төрт 
әуезге негізделген сингарможазу


Әр жазудың құрылымына байланысты орфографиясының өзіне тән 
негізгі принципі болуға тиіс. Мысалы, сингарможазудың негізгі 
орфографиялық принципін сингармопринцип деп атауға болады. Қазақ 
сөздерінің жазылуында сингармопринцип бойынша сөздегі екі әуез 
(А.Байтұрсынов) немесе буындағы төрт әуез (Ә.Жүнісбеков) үндестігінің 
қатаң сақтау қажет.
Ал акцент-фонологиялық жазудың емлесіндегі басты принцип 
фонемалық принцип. Ол негізінен сөздің құрамындағы фонемалардың күшті 
позициядағы түрін жазуға негізделеді. Қазіргі қолданылып жүрген жазу-
сызуымыз акцент-фонологиялық жазу болғандықтан, енді келесі тарауда осы 
жазудың емлесіндегі негізгі принципке арнайы тоқталамыз.
 
 
 
 
 
 
ІІ ТАРАУ ОРФОГРАФИЯ 
Қазіргі жазу-сызуымыз жарты ғасырдан астам уақыт бойы
қолданылып келеді және қазақ тілінің жазба түрі осы жазу-сызу арқылы
тиісінше қызмет етіп, сан қилы қоғамдық қажеттілікті шама-шарқынша өтеп 
те жатыр.
Әдетте тіл, мейлі ол ауызша, мейлі жазбаша болсын, өзінің қызметін 
жүйе түрінде жүзеге асырады. Олай болса қолданып жүрген жазу-
сызуымыздың ішкі құрылымы, өзіндік жүйесі болуға тиіс екені даусыз. 
Тіліміздің жазу жүйесін жетілдіру, жақсарту, реттеп отыру, оны дұрыс
қолданудың құралдарын жасау т.б. салада елу жыл ішінде едәуір шаралар
жасалды: Негізгі Ережелер түзілді, жазу практикасында байқалған 
тәжірибелердің жинақталу барысында Ережеге (1957, 1983) толықтырулар 
мен түзетулер енгізілді.
Тағы бір атап айтатын нәрсе – осы жазу-сызу жүйесін дұрыс қолдануды 
үйрететін құралдар жасалып, олар бірнеше дүркін жарық көрді:
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы, 1941 (ред. Коллег. 
С.
Аманжолов, І.Кеңесбаев
);
М.Балақаев
. Емле сөздігі. 1948; Қазақ тілінің 
орфографиялық сөздігі (1963 ж. редакциясын басқарғандар 
І.Кеңесбаев, 
Ғ.Мұсабаев; 
1978 ж. Жауапты редакторы М.Балақаев; 1988 ж. Жауапты
редактор 
Р.Сыздықова
); 
Сыздықова Р
. Қазақ орфографиясы мен
пунктуациясы жайында анықтағыш (1964, 1974). Анықтағышта алғаш рет 
қазақ жазу-сызуына жұмсалып жүрген күллі графикалық таңбалардың 
(нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір, сызық, сызықша, тырнақша, 
жақша, бас әріп, кіші әріп, леп белгісі, сұрау белгісі, жол басы т.б.) 
қолданылу тәртібі мен орындары, ережелері жинақталып берілді. Міне, 
мұндай практикалық құралдардың жазу нормаларын тұрақтандыруда,


жетілдіруде орны ерекше болды. Жазу жүйесін дұрыс қолдануға үйрететін 
мұндай құралдармен қатар қазақ жазу-сызуы мен орфографиясының
негіздерін 
қарастырған 
(
Оралбаева 
Н.
Қазақ 
графикасы 
мен
орфографиясының негіздері. – Алматы, 1968) және жазу тәжірибесінде 
кездесетін әртүрлі ауытқулар мен қайшылықтарды жинақтай отырып,
олардың себебін ашуға, бір ізге салудың жолын іздестірген зерттеулер 
жарық көрді (
Уәлиев Н, Алдашева А
. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. 
– Алматы: «Ғылым», 1988; 
Мырзабеков С
. Қазақ орфографиясының арнаулы
курсы бойынша методикалық нұсқаулар. – Алматы: «Қазақ университеті», 
1991). Сондай-ақ жазу-сызу мәдениетін жетілдіру, сауаттылықты көтеру, 
емле сөздіктерін дұрыстау, жеке сөздердің жазылуы жөнінде баспасөз 
бетінде ондаған мақала жарияланды [21]. Әрине, бұл айтылғандардан жазу-
сызу жөнге түсіп, емле мінсіз болып кетті деуге болмайды. Бұл салада 
атқарылатын жұмыстың дені жазу-жүйесін дұрыс пайдаланудың құралдарын 
жасауға келіп саяды. Ал қазіргі жазуымыз сөз дыбыстарына негізделген 
біртұтас жүйе түрінде және сол жүйені құрап тұрған элемент, сол 
элементтердің өзара қатынасы сияқты ішкі құрылымдық деңгейде әлі де 
болса зерттелмей келеді. Ал мұндай міндетті шешу жазуымыздың 
фонологиялық транскрипция мен фонетикалық транскрипция жүйесінен 
қаншалықты айырмасы мен ұқсастығы бар екенін айқындауға мүмкіндік 
береді. Графикалық лингвистиканың қисыны бойынша жазу жүйесі 
фонологиялық, фонетикалық транскрипциядан қалайда бөлек болуға тиіс. 
Осымен байланысты жазуымыздың ішкі түзілімін және фонологиялық негізін 
(қандай бағытта, қай мектептің іліміне жақын т.б.), оған ұстанып отырған 
емле принципінің сайма-сай болуын қарастыру қазақ тілі орфографиясының 
негізгі міндеті болып саналады. Ол үшін мына мәселелердің басын ашып алу 
қажет:
- инвариант фонема мен әліпбидегі (алфавиттегі) әріптердің сандық 
қатынасын көрсету;
-
жазудың фонологиялық негізін анықтау;
-
әліпбидегі әріптердің аттарын негіздеу;
-
жазудың фонологиялық негізіне сай келетін емле принципін дәлдей түсу;
-
жазу нормасында кездесетін қайшылықтар мен ауытқуларды жинақтай 
отырып, себептерін ашу т.б. 
Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан өзгеріс күрделі мәселелерді
шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Осындай қоғамдық назарда болып
мемлекет көлемінде мән беріліп отырған мәселелердің бірі – республикадағы 
тілдердің дамуы. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өзінің сан алуан қызметін
өрістете отырып, өркендей түсуі қажет. Ол үшін жазу мәдениеті де жоғары 
талап деңгейінде болуға тиіс. Қандай жазуды ұстансақ та, басқа әліпбиге
көшсек те, әліпбиді тиімді етудің жолдарын қарастыру, емле принциптерін
дәлдей түсу, жазу жүйесін дұрыс қолданудың құралдарын (жазу ережесі,
емле сөздігі, анықтағыш т.б.) жетілдіру қай кезде де қоғамдық назардан тыс
қалмайтын мәселелер.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау