басшы
(башшы емес),
ұшсын
(ұшшын емес),
сәнқой
(сәңқой емес),
көрінбейді
(көрімбейді емес),
қазанғап
(қазаңғап емес),
әркім
(әргім емес),
көзқарас
(көзғарас емес),
Сарыарқа
(Сарарқа емес)» [24].
Осындай айтылғандай, морфологиялық прицип бойынша сөздің
морфемалық құрылымы сақталып жазуға тиіс. Бірақ қазіргі жазу
тәжірибеміздің орныққан нормалары осы талапқа толық жауап бере ала ма?
Алдымен мынадай топтағы сөздердің жазылуына назар аударсақ, бұлардың
морфемалық құрамы өзгеріссіз жазылған деуге болмайды. Мысалы:
ақ – ағар
(ақар
емес),
көк – көгер (көкер
емес),
жақ-жағын (жақын
емес),
тақ –
тағын (тақын
емес),
бақ – (бағыл
емес),
ойын – ойна (ойына
емес
), орын –
орна (орына
емес),
сарын – сарна (сарына
емес),
сары – сарғай (сарығай
емес),
қозы – қоздау (қозылау
емес);
халық – халқы (халығы
емес),
жоғарғы
– (жоғарығ
ы емес),
мүлік – мүлкі (мүлігі
емес),
әріп – әрпі (әрібі
емес),
қап –
қабы (қапы
емес
), сап – сабы (сапы
емес),
көп – көбі (көпі
емес). Сондай-ақ
морфологиялық принцип бойынша қосымшалардың бір ғана варианты,
мысалы, -лар алынуы керек те, қалғандары (-дар, -дер, -тар, -тер) оның жай
ғана дыбыстық өзгерістері ретінде жазуда еленбеуге тиіс.
Міне, бұл тәрізді сөздердің жазылуын морфологиялық принцип
бойынша түсіндіруге болмайды және қазақ орфографиясындағы жетекші
принцип морфологиялық деген тұжырымға шүбәмен қарауға тура келеді.
Морфемалық құрамы дыбыстық өзгеріске түскен күйде, яғни фонетикалық
принциппен жазылатын сөздердің саны «түбірі» сақталып жазылатын
сөздерден аз емес. Осындай себепке байланысты болу керек, соңғы кездегі
зерттеулерде қазақ орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке
негізделген деген пікір орын ала бастады.
Проф. Қ.Жұбанов қазақ жазуы фонетикалық принципі ұстануы керек
деген үзілді-кесілді пікірде болды. Ғалымның сондағы сүйенген негізі мен
ғылыми дәлелдері қандай? Ғалым мұрасын оқи отырып, осы сұрауға жауап
іздесек, экстралингвистикалық және таза лингвистикалық екі түрлі жайтты
аңғарамыз. Біріншісі – Қ.Жұбанов – тіл практикасында демократияшыл
көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым. Ғалымның
бұқарашыл платформасы жазу, терминология, емле, орфографиялық
принциптер туралы ойлары мен зерттеулерінен айқын танылады.
… Тілдің әліпбиінен бастап, жоғарғы сатысына жеткенше төңкеріс
практикасының, ілім-техниканың не бір игілігін сөзбен айтып, ашып бере
аларлық дәрежеге жеткізудің өзі де емле мен терминологиядан аулақ болмақ
емес. Мәдениетті таңдап, жасап шығарушы тап та, оны керек қылушы тап та
– еңбекші тап болған соң, емле мен терминологияның қызметі – сол қалың
еңбекшінің қолын мәдениетке жеткізу болады да, ондай кезде емле мен
терминология мәні әсіресе зор болады.
«…Сонымен, емлені қайта тексергенде, ең алдымен оны қалың елге
еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескеру керек» дей
келіп [25], «Қазір біз туыс жүйелі морфологиялық емлені қабылдасақ, бізде
де ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады» [26]
дейді. Шындығында, морфологиялық принцип бойынша көпвариантты
қосымшалардың бір ғана нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары
еленбеуге тиіс. Бұл бағыт, әрине, жазба тілдегі шарттылықты көбейтеді.
«Көптік жалғауының қазақша төрт түрі бар. Біз оның бәрін тастап, жалғыз
«-лар» -ді ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы ауырлайды, сауаттану
жұмысы қиындайды. Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазуда сөз
естілуіне жақын болуы керек» [26]. Оппоненттерімен пікір таласында
ғалымның мұндай қарапайым мысалға жүгінуінің себебі жоқ емес.
Морфологиялық
принцип
бойынша
қосымшалардың
қалыптасқан
варианттарын бөле-жарып, бірер нұсқасына артықшылық беру тілдің
ғасырлар бойына қалыптасқан шын қалпынан қол үзу болар еді.
Емле
ережелері
мен
принциптерін
белгілеуде
ғалым
тек
экстралингвистикалық, әлеуметтік факторларға сүйеніп қоймай, таза
лингвистикалық дәлелдерге де иек артып отырды. «Жалғауды туыс
жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін,
қысқасы, алғашқы нұсқасын білу керек. Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай
түрі кенже екенін бұл күнгі тіл білімі танып біле алмайды. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |