Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет21/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

 
 
 
2.3
Кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы 
Дауыссыз қ>ғ, к>г, п>б /у/ алмасулары екі морфеманың жігінде жүзеге 
асады да, сөздердің белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды 
құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады: 
құрық-құрығы, 
балық-балығы, себеп-себебі, жауап-жауабы, шап-шауып, тап-тауып
т.б.
Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі алмасуынан өзге
диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар 
жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездеседі. Мысалы: 
айқай – айғай, 
тақат – тағат, садақа – садаға 
т.б.
Қ/ғ, к/г, п/б дыбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі 
алмасуынан әртүрлі варианттар пайда болды. Олардың кейбір жарыспалы 
сыңарларының ішінара мағыналық сипат алып, жеке сөз ретінде 
қалыптасқандығы байқалады: 
бақы-бағы

шақа
(қызыл шақа), 
шаға
(бала-
шаға) т.б. Осы алмасулардың қатарына өзара этимологиялық байланыстағы 
сөздерді де жатқызуға болады: 
бүк-бүкіл-бүкір; теп-теперіш-тебер, төпе-
төпеле-төбелес
т.б. Алайда қ/ғ, к/г, п/б алмасуын кез келген жағдайда 
мағына айырымдық, сөзтанымдық функцияда жұмсалып, варианттардың 
барлығы бірдей семантикалық филиацияға ұшырады деуге болмайды. 
Орфографияда қиындық тудырып, әркелкі жазылып жүрген сөздердің бір 
алуаны осы құбылыспен байланысты. Мысалы: 
айқай-айғай, садақа-садаға, 
қым-қуат – қым-ғуат, кереқар – кереғар, ала – көбе, ала – гөбе, ала-кеуім – 


алагеуім, алакүлік-алагүлік, алақаншық – алағаншық, сайкүлік – сүйгүлік, 
аракідік –арагідік, миғұла – миқұла, тым-тырақай – тым-тырағай, байқұс – 
байғұс, тұқым-тұқиян – тұқым-тұғиян, тұқжыңда – тұғжыңда, 
қылқындану – қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, 
адың-күдің – адың-гүдің, апыл-құпыл – апыл-ғұпыл, кіші-кірім – кіші-гірім, 
желқабыз – желғабыз, жедеқабыл – жедеғабыл
т.б.
Диахрониялық тұрғыдан алғанда сөз құрамы екі (үш) түрлі морфемадан 
құрылуы ықтимал. Бірақ синхрониялық тұрғыдан оларды екі (үш) 
морфемадан құрылған деуге болмайды. Өйткені синхрониялық тұрғыдан 
алагеуім
сөзім «ала» және «кеуім»; 
алағаншық
сөзін «ала» және «қаншық»; 
алагөбе
сөзін «ала» және «гөбе» тәрізді морфемалардан құрылған деп үзілді-
кесілді айту қиын. Морфемалық құрамы көмескі, жазылуы бірізге түспеген
бұл тәрізді сөздерді ұ я ң д а ғ а н в а р и а н т бойынша бірыңғай жазу 
бағытын ұстану бірізділікке саяр еді.
Дауыссыз п-б (немесе б-п) дыбыстарының алмасуына байланысты 
әркелкі жазылып жүрген сөздер бар: 
қақбас – қақпас, көнбіс – көнпіс, 
төртбақ – төртпақ, дегбір – дегпір, ақбар – ақпар, етпетінен – етбетінен, 
бетбақ – бетпақ, шүберек – шеперек, көбе – көпе, ебтейлі – етпейлі 
т.б. Бұл 
тәрізді морфема құрамы көмескі сөздердегі 
к, п
қатаңдарын көршілес 
дыбыстардың ықпалында бағындыра жазу бағытын ұстануға болатын тәрізді. 
Мысалы: 
қақапас
(қақбас емес), 
тәбділ
(тәпділ емес), 
көнбіс
(көнпіс емес), 
төртпақ
(төртбақ емес), 
ақпар
(ақбар емес), 
дақпырт
(дақбырт емес), 
етпетінен
(етбетінен емес), 
бетпақ
(бетбақ емес), 
шүберек
(шүперек емес), 
көбе
(көпе емес), 
ептейлі
(ебтейлі емес). 
 
Бұл жүйеден тек -дан,-дар морфемаларымен келген бірер сөздің ғана 
жазлуы тысқары тұрады. Мысалы: 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау