Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Фосфорорганикалық пестицидтер (ФОП)



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет54/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113
азык тулык китап

Фосфорорганикалық пестицидтер (ФОП) 
кеңінен таралған 
саны көп пестицидтер топтарының бірі. Оларға афуган, актеллик, 
дибром, карбфос, бромофос, метафос, фталофос, хлорофос, циди-
ал жəне басқалары жатады. Көптеген ФОП суда əлсіз ериді. ФОП-
дың қоршаған ортада төзімділігі ХОП-тен төмен. Бірақ олардың 
кейбіреулері өздерінің уытты қасиеттерін топырақта жəне өсімдікте 
бірнеше айлар бойы сақтайды, нəтижесінде олар адам ағзасына тағам 
өнімдері, ауа жəне сумен кіруі мүмкін. Цитрус дақылдарындағы 
ФОП-дің қалдықты мөлшері өте тұрақты, себебі олар қабығының 
майында ериді. Бұдан басқа ФОП ұзақ уақыт бойы сақталатын тағам 
өнімдерінде, мысалы, дəнде сақталады.
ФОП ағзада ХОП сияқты қарқынды жинақталмаса да функцио-
налды кумуляцияға – кумулятивті қасиетке ие, ол уытты эффекттерді 
қосындылау нəтижесінде, əртүрлі деңгейде көрінеді. ФОП-дің со-
зылмалы улану жəне күрделі интоксикация симптомдары ұқсас бо-
лады. Олар бас ауруымен, есте сақтау қабілетінің нашарлауымен, 


94
ұйқының бұзылуымен, самайдың қысылуымен, кеңістікте бағыттан 
адасу сияқты белгілермен білінеді. Кейбір ФОП-мен уланғанда не-
врит жəне кесіп алу оқиғалары туындауы мүмкін.
Сынапорганикалық пестицидтерді (СОП) 
шектеулі түрде, 
тұқымдардың бактериалды жəне саңырауқұлақ ауруларымен күресу 
үшін қолданады. Сынапорганикалық қосылыстарға гранозан, мер-
куран жəне басқалар жатады. Қоршаған ортада СОП трансформаци-
яланады: соңғы айналу өніміне метилсынап жатады. 
Созылмалы улану барысында салмақ азаю, əлсіздік, шаршаған-
дық, психикалық бұзылыстар, көру жəне есту галлюцинациясы, сто-
матит байқалады.
Бейорганикалық жəне органикалық металқұрамдас пе-
стицидтер. 
Берілген пестицидтер тобының арасында мыстың 
бейорганикалық жəне органикалық қосылыстары кеңінен таралған. 
Қазіргі уақытта мысқұрамдас пестицидтер арасында (МП) мыс купа-
росын, бордос сұйықтығын, купрозан жəне басқаларын қолданады. 
МП қауіптілігін улану жағдайлары растайды. Ересек адам үшін өлім 
дозасы – 10 г, 2 г-нан кем емес дозада ауыр уланулар байқалады. МП-
мен жедел уланғанда құсық массалары жасыл немесе көкшіл түске 
боялады. Бұдан басқа мысқұрамдас пестицидтер теріні тітіркендіріп, 
дерматит ауруын тудырады.
Органикалық металқұрамдас пестицидтер ішінен акарицид, фун-
гицид жəне бактерицид сияқты қалайы органикалық пестицидтерді 
(ҚОП) қолданады. ҚОП – мен улану симптомдары қалайымен улану 
жағдайларына ұқсас болады.
Тері, өкпе немесе асқазан-ішек жолдары арқылы ағзаға түсетін 
уыттылық жəне өлтіретін дозасының шамалары пестицидтердің 
уыттылық критериі болып табылады.
Адамға арналған пестицидтердің қауіптілігін бірқатар крите-
рилермен анықтайды, ол критерилер пестицидтердің ағзаға түсу 
мүмкіндігін жəне жағымсыз əсер көрсететін қабілетін сипаттайды. 
Пестицидтердің қауіптілік критерилеріне олардың қоршаған ортада 
тұрақтылығы, тағамдық ауылшаруашылық шикізаттары жəне тағам 
өнімдерін технологиялық жəне кулинарлық əдіспен өңдеу барысын-
да химиялық, физикалық жəне басқа да факторларға төзімділігі жа-
тады.
Пестицидтермен жұмыс істеу қауіптілігінің деңгейі ағзаға түрлі 
жолдармен түсу барысында 

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау