Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет55/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
азык тулык китап

орташа өлтіретін
(ӨД
50
) жəне шекті 
(ең аз бұзылыстарды тудыратын) дозасы жəне концентрациясы 


95
шамаларымен; уытты əсер ету зонасы – ӨД
50
-ның шекті дозаға 
(бұл зона нашар болған сайын жедел улану қауіптілігі жоғары) 
қатынасымен; зақымдалмаған тері қабығына кіру қабілетімен жəне 
улы əсер көрсетуімен; кумулятивті қасиеттердің айқын білінуімен 
анықталады.
Барлық зиянды заттар: 
- I – аса қауіпті (РЕШК-сы 0,1 мг/м
3
-тан 
кем);
- II – қауіптілігі жоғары (РЕШК-сы 0,1-ден 1,0 мг/м
3
-ке дейін);
- III – қауіптілігі орташа (РЕШК-сы 1,1-ден 10,0 мг/м

-ке дейін);
- IV – қауіптілігі аз (РЕШК-сы 10,0 мг/м
3
-тен көп
) қауіптіліктің 
төрт класына бөлінеді.
Пестицидтер үшін РЕШК-ны анықтау үшін үйлесімді əрекеттің 
негізгі қағидасы сақталады. Ауа, су жəне жекелеген тағам 
өнімдерімен бірге тəулік бойы ағзаға зиянсыз, максималды рұқсат 
етілетін тəуліктік дозадан аспайтын, күн сайын адам ағзасына жəне 
келешек ұрпаққа зиянды өзгерістер тудырмайтын заттар келіп түсуі 
тиіс.
Балалар тағамында пестицидтерді нормалау жұмысына ерек-
ше назар аударылуда. Санитарлық нормалар балаларға арналған 
тағамдар құрамында өнімге ғаламдық ластағыштар ретінде түсетін 
хлорораникалық пестицидтерден басқа пестицидтердің қалдықты 
мөлшерінің болуына рұқсат етпейді. «Рұқсат етілмейді» – термині 
қолданылатын анықтау əдісінің сезімталдық шегінде пестицидтердің 
жоқ болуын түсіндіреді.
Қазіргі уақытта қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер 
мөлшерін қадағалау жəне бақылауды ұйымдастыру саласындағы 
нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының 
2009 жылғы 18 қыркүйектегi N:193-IV «Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңы, Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N:515- Қаулысы 
бойынша бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың) 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті жəне 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық ережелер жəне 
гигиеналық нормативтермен ұсынған басқа да құжаттардан тұрады.
Тағам өнімдеріндегі пестицидтер мөлшерін регламенттейтін 
негізгі құжатқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 
жылғы 6 тамызындағы № 611-бұйрығымен бекітілген «Тағам 
өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық ережелері жатады. Осы құжатқа сəйкес өсімдік текті 


96
азық-түлік шикізаты үшін ауылшаруашылық дақылдарын өсіру ба-
рысында қолданылатын пестицидтер туралы, оларды сақтайтын 
қойманы жəне ыдысты фумигациялау, сонымен қатар пестицидтер-
мен өңделген соңғы мерзімі туралы ақпарат міндетті түрде қажет. 
Жануар текті азық түлік шикізаты үшін эктопаразиттер немесе 
жануар жəне құстардың ауруларымен күресуге (немесе олардың 
жоқтығы) сонымен қатар малшаруашылығы жəне құсшаруашылығы 
орындарын, балық өндіретін тоған шаруашылығы жəне суаттарды 
өңдеуге арналған пестицидтер туралы, пестицид атауы жəне соңғы 
рет қолданылған мерзімі көрсетілген ақпараттар міндетті түрде 
қажет. Қолданылған пестицидтер туралы ақпараты жоқ өсімдік текті 
жəне жануар текті азық-түлік шикізатын сырттан əкелуге, қолдануға 
жəне айналымға түсуіне тыйым салынады.
Пестицидтер азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің 
барлық түрлерінде бақыланады: ГХЦГ (альфа-, бета-, гамма-изо-
мерлер), ДДТ жəне оның метаболиттері. Дəн жəне дəннен өңделген 
өнімдерде сынапорганикалық пестицидтер, 2,4-Д қышқылы, 
оның тұздары жəне эфирлері бақыланады. Балық жəне балықтан 
өңделген өнімдерде 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері 
бақыланады.
Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің құрамындағы 
қалдықты пестицидтер мөлшерін, соның ішінде фумиганттарды 
бақылау жұмысы – өндіру барысында қолданылған пестицидтер 
жəне агрохимикаттар жəне оларды сақтау туралы өнімді өндіруші 
(жеткізуші) ұсынған ақпаратқа негізделеді.
Құрамында пестицидтері бар азық-түлік шикізаты жəне тағам 
өнімдерін санитарлы-эпидемиологиялық сараптау жұмысы қоршаған 
орта объектілеріндегі пестицидтер мөлшерінің қолданыстағы 
гигиеналық нормативтеріне сəйкес жүргізіледі.
Тағам шикізатындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін 
төмендету үшін ауылшаруашылық өнімдерінің технологиялық жəне 
кулинарлық əдіспен өңделуін ұқыпты түрде жүргізу қажет.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау