Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет51/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
азык тулык китап

Ылғалды минералдау əдісі 
катализатор ретінде сутек асқын 
тотығы немесе хлор қышқылы қосылған жəне концентрленген 
күкірт немесе азот қышқылын қосып жылытқан өнім сынамасының 
органикалық заттарын толық ыдыратуға негізделген, сары май жəне 
жануар майынан басқа барлық шикізат жəне өнім түрлерін анықтауға 
арналған.
Ылғалды минералдау əдісінде заттың шығындалуына оның 
ұшқыштығының əсері өте аз болады, сондықтан металды толығымен 
алу мүмкіндігі едəуір жоғарылайды. Артықшылығы құрғақ мине-
ралдаумен салыстырғанда тотығу процесінің жылдамдығы жоғары 
болады.
Бірақ берілген əдістің қолданылуын шектейтін бірқатар 
кемшіліктер бар. Жекелеп айтқанда, əдіс тек аз көлемдегі үлгілерді 
жағуға мүмкіндік береді. Реактив көп жұмсалады, бұл берілген 
бақылау тəжірибелерінің бағасын тым көтеруге алып келеді. Бұдан 
басқа ылғалды минералдау потенциалды қауіпті əдіс болып сана-
лады жəне жарылыстарды болдырмау үшін тұрақты бақылауды та-
лап етеді.
Қышқылды экстракция əдісі 
(толық емес минералдау) өсімдік 
жəне сары май, маргарин, тағамдық майлар жəне сыр өнімдеріне 
арналған. Өнім сынамасын сұйытылған тұз немесе азот қышқылымен 
қайнату арқылы, анықталатын уытты элементтерді бөліп алуға 
негізделген. Минералдау əдісін таңдау анықталатын металл жəне 
талданатын өнім табиғатына, сонымен қатар элементті талдаудың 
соңғы кезеңінде анықтау əдісіне байланысты болады.
Қазіргі уақытта тағам өнімдерінің сапасын жəне қауіпсіздігін 


88
бақылау зертханаларында атомдық спектроскопия, полярография 
жəне спектрофото-метрия əдістерін қолданады.
Атомдық спектроскопия 
əдісінің атомдық эмиссия жəне 
атомдық абсорбцияға негізделген екі түрі бар. Сыналатын 
сынаманың минерализат ерітіндісін ауа-ацетилен жəне ауа-про-
пан жалынында жандырады. Минерализат ерітіндісіндегі метал-
дар жалынға түскеннен кейін атомдық күйге ауысады. Жалынның 
бос радикалдарымен соқтығысқаннан кейін кейбір атомдар қозған 
күйге ауысады. Қалыпты жағдайға енгеннен кейін атом зерттелетін 
металға тəн энергия таратады. Осы құбылыс атомдық-эмиссиондық 
спектрометрия негізін құрайды.
Бірақ жоғары температуралы жалынның өзінде атомдардың аз 
ғана үлесі қозады. Қозбаған атомдарды өзінің толқын ұзындығы ре-
зонансты (яғни толқындарының ұзындығы осындай сыртқы көзді 
талданатын атомдар қозу кезінде сəуле шашады) сыртқы көзден 
сəуле жұтқызуға болады. Бұл сəуленің бір бөлігін зерттелетін 
элементтің атомы жұтады, жұту шамасы ерітіндідегі анықталатын 
элементтің концентрациясына пропорционалды. Осы құбылыс 
атомдық абсорбциялық спектрометрия негізін құрайды.
Тағам өнімдерінде реттелетін уытты элементтерді талдау үшін 
жəне міндетті сертификаттау барысында растауды талап ету үшін 
атомдық-абсорбциялық спектрометрия əдісін қолданады, себебі ол 
жоғары сезімталдығымен, ұдайы өндірісімен жəне селективтілігмен 
ерекшеленеді. Бұл əдіс қорғасын, кадмий, мырыш, мыс, хром жəне 
басқа металдарды анықтауға қолайлы. Осы əдіспен сынап жəне 
мышьякты талдау үшін жабдыққа аз өзгеріс енгізу қажет. Мыса-
лы, сынапты анықтау үшін суық буландыру техникасын қолданады. 
Минерализаттың талданатын ерітіндісіндегі Hg
2+
сынап ионда-
рын Hg° сынап молекулалық формасына дейін қалайы хлоридімен 
тотықсыздандырады, Hg° буланып, арнайы абсорбциялық ұяшыққа 
жиналады. Осы жағдайда сынап буы жұтқан сəулелену қарқындылығы 
өлшенеді. Минерализатқа қатысатын қосылыстардың ішіндегі мы-
шьякты оның ұшпа туындысы – арсинге дейін тотықсыздандырады, 
содан кейін ұқсас сəулелердің жұтылу деңгейін арсин буымен 
өлшейді. Мышьяк жəне сынапты анықтау əдістерін іске асыру үшін 
өлшеу жабдықтарына арнайы тіреуіштер əзірленген, бұл жабдықта 
анықталатын элементтердің ұшпа қосылыстарға дейін тотықсыздану 
процестері жəне олардың булануы автоматты режимде жүреді.
Уытты элементтерді анықтау үшін 

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау