Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Хлорорганикалық пестицидтер (ХОП)



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет53/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113
азык тулык китап

Хлорорганикалық пестицидтер (ХОП).
Хлорорганикалық пе-
стицидтер классына:
1) 4,4’-дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) жəне оның 
метаболиттері:
- 4,4’-дихлордифенилдихлорэтан (ДДД);
- 4,4’-дифенилдихлорэтилен (ДДЭ);
2) гексахлорциклогексан (ГХЦГ) жəне оның изомерлері
- гексахлорциклогексанның альфа-изомері;
- гексахлорциклогексанның бета-изомері;
- гексахлорциклогексанның гамма-изомері (линдан);
3) гептахлор;


92
4) 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д қышқылы, 2,4-Д);
5) кельтан;
6) альдрин;
7) гексахлорбензол;
8) гексахлорбутадиен;
9) метоксихлор жəне т.б. жатады.
Қоршаған ортадағы жоғары төзімділігі жəне тағам тізбегінде 
биошоғырлануы қабілетінің арқасында ХОП-тер ғаламдық 
ластағыштарға айналды. Оларға аса көп жинақталу тəн.
Хлорорганикалық пестицидтер физикалық, химиялық жəне 
микробиологиялық факторлар əсерінен өте баяу ыдырайды, тағам 
тізбегімен беріле отырып, тірі ағзада шоғырлануға, топырақ жəне 
өсімдіктерде жинақталуға қабілетті.Көптеген хлорорганикалық 
пестицидтердің топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі 1,5 жыл-
дан асады, ал ДДТ жəне оның метаболиттері-15-20 жылда жарты-
лай ыдырайды. Бұл пестицидтер топырақта ұзақ сақталуы мүмкін, 
топырақ фаунасына əсер етіп, өсіп жатқан өсімдікке өтіп, осылайша 
тағам тізбегіне қосылуы мүмкін.
Басқа да көптеген хлорорганикалық қосылыстар сияқты 
хлорқұрамдас пестицидтер гидрофобты, өсімдікке түбір жүйесі 
арқылы кіре алмайды, бірақ оларды əуе кеңістігіндегі жапырақтар 
жақсы жұтады. Топырақтың органикалық компоненттеріне, су 
экожүйесінің түбіндегі шөгінділер жəне басқа да элементтеріне 
жақсы сіңетін пестицидтер үстіңгі сулармен қозғалып, үлкен 
қашықтықтарға дейін таралып, екіншілік ластануды туындата-
ды. Сондықтан ылғалдылығы өте жоғары топырақтарда өсірілетін 
өсімдіктер, мысалы, күріш құрғақ егістіктерде өсетін өсімдіктерге 
қарағанда, пестицидтерді қарқынды жəне жылдам сіңіріп алады.
Топырақ хлорорганикалық пестицидтермен ластанғанда 
топырақтың жағдайына қолайлы əсер ететін топырақтың кейбір 
ферменттерінің (дегидрогеназалар, липазалар инвертазалар) 
биоактивтілігі бəсеңдейді, клетчаткалардың ыдырау жылдамдығы 
жəне топырақтың тыныс алу қарқындылығы азаяды. Осы 
көрсеткіштер бойынша топырақтың өндірістік қалдықтармен ласта-
нуы туралы қорытынды жасауға болады. Уақыт өте келе пестицид-
тер ауа оттегісі, күн радиациясы, су əсерінен, яғни топырақта тиісті 
ферменттердің болуынан туындайтын гидролиз процесінде ыдырай-
ды. Топырақтың пестицидтерден осылай тазалануы препарат до-
засына, топырақ сипаттамасы жəне пестицидтің өзіне байланысты 


93
түрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, ГХЦГ – 3 жыл, дефолиант 
үшін 2,4-Д – 1 жыл қажет. Пестицидтер адам ағзасына негізінен 
балық арқылы енеді, оны индикатор, яғни су экожүйесінің ласта-
ну деңгейін бағалайтын биологиялық нысана деп есептейді. ХОП 
ішінде эмбриотоксикалық əсерге ие (гексахлорбутадиен, линдан, 
ДДТ, каптан, кельтан, мильбекс), сонымен қатар даму ақауларын 
(ДДТ, эупарен) жəне мутагендік өзгерістер тудыратын (ДДТ, лин-
дан, кельтан, каптан) заттар бар. Кейбір ХОП канцерогендер (ГХЦГ, 
гептахлор, каптан, линдан, фталан) жəне аллергендер (каптан, лин-
дан) болып табылады. Мəскеудегі баспасөз конференциясында РҒА 
академигі Алексей Яблоковтың айтуы бойынша қазіргі замандағы 
гомосексуализмнің таралу себебі пестицидтерді пайдаланудан бо-
луы мүмкін. Ол пестицидтердің ағзаның эндокринді жүйесіне ба-
сып кіру қасиеті бар, бұл жыныс гормондары жұмысының теріс 
өзгерісіне алып келеді деп түсіндірді. Бұдан басқа, пестицидтерді 
қолдану біртіндеп бедеулікке алып келуі мүмкін. Ғалымдардың 
мəліметтері бойынша, қазіргі уақытта орташа статистикалық ер 
адамның ұрықтық сұйықтығындағы сперматозоидтарының саны 40 
жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе аз.
Пестицидтерді қолдану адамның ақыл-ой қабілеті жəне 
иммунитетін төмендетеді, осы жайттар экологтардың көзқарасы 
бойынша бұл заттарды иммунодефицит вирусымен салыстыруға 
мүмкіндік береді.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау