Индикаторлар жүйесі –диагностикалық жұмыстың ажырамас



жүктеу 76,78 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі76,78 Kb.
#8409

Индикаторлар жүйесі –диагностикалық жұмыстың ажырамас

бөлігі.

Индикатор дегеніміз балалардың алған білімінің нәтижесі. Оны ұзақ уақыт бақылаудан соң балабақша тәрбиешісі , әдіскері және педагог-психологы жасайды.Индекаторлар жүйесі бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізінде әзірленді.

Мектпке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі болып табылады. Бұл аса маңызды әлеуметтік институттардың бірі, оның ба-ланы 1 жастан 6 жасқа дейін кешенді демеп отыру үдерісін басқарудағы мүмкіндіктері мол. Егер бұрынырақта бала дамуының диагностикасы білім беру бағдарламасының сөйлеуді дамыту, хат тануға оқытуға,дайындық, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру және т. б. сияқты негізгі тараулары бойынша білімді, икемділіктерді, дағдыларды айқындаумен шектелсе, қазір индикаторлар жүйесіне бала дамуының құзіреттілік сапаларын қадағалауға, бұл құзіреттерді меңгеру тәсілдері мен жолдарын айқындауға кешенді тәсіл негізге алынған.

Баланы кешенді демеуді басқару үдерісінің негізін құзіреттілік даму мониторингі мен оның алға жылжуларын жеке білім беру траекториясы

бойынша жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдарлары баланың 5 білім беру саласы бойынша құзіретті даму көрсеткіштері , ал деңгей белгісі - индикаторлар жүйесі болып табылады.

Бала 5 білім беру саласындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тарауының негізіне алынған:



денсаулық сақтаушы (өзінің тән саулығына қамқорлық, салауатты өмір сал-ты мен гигиена дағдыларын үйрену, сенсорлы-қозғалу функцияларының дамуы);

коммуникативті-тілдік (жадты, ойлауды, қиялды дамыту, негізгі тілдік нор-маларды меңгеру, сөйлеу арқылы қоршаған дүниемен өзара қатынастарды қалыптастыру);

танымдық (қоршаған дүние туралы белгілі бір түсініктердің болуы, ой өрісінің дамуы, жинақталған тәжірибеде байланыстар мен тәуелділіктерді орнықтыру);

шыгармашылық (рухани қасиеттерді - зияткерлік және сезімдік бастама-ларды өнерге ортақтастыру арқылы дамыту және рухани құндылықтарға ие болу, шығармашылықәлеуетті белсендіру);

әлеуметтік (социумда бағдарлану шеберлігі, қоршаған дүниеде: отбасын-да, құрдастарының арасында, ересек адамдармен қарым-қатынастар мен өзара әрекеттестікті жолға қою).

«Индикаторлар» мазмұнында балалардың барлық білім беру салалары және тараулары бойынша жазылған.



Индикаторлар жүйесінде мынадай құрылым бар:

көрсеткіш - белгілі бір жас кезеңінде бала дамуының күтілетін нәтижесі, ол педагогтарды, ата-аналарды балалардың құзіретті даму параметрлері туралы бастапқы ақпаратпен, сондай-ақ балалардың бір жас кезеңінен басқасына өтуіне көмектесетін негізімен қамтамасыз етеді;

білім беру саласы - білім беру мазмұнын анықтайтын категория;

қосымша сала - білім беру саласының құрамдасы, ол оның мазмұны туралы неғұрлым дәл түсінік береді;

стандарт - тәрбиелеу мен оқыту сапаларын бағалаудың эталоны ре-тінде. '-Индикаторлар жүйесі құзіреттілік дамуының 3 деңгейінің болғанын

көздейді:

бала ересектермен бірге немесе үлгі бойынша қандай да бір іс-әрекеттерді қабылдайды (1 балл, жеткіліксіз қузіретті);

бала өзінің не істегенін түсінеді, білімнің белгілі бір қорына ие болған, алай-да дербес әрекет етпейді (2 балл, жеткілікті құзіретті);

бала өзі білетін нәрсені қолданады және ересектердің көмегінсіз дербес, шығармашылықпен және стандартты емес жағдаяттарда орындай алады (3 балл, құзіретті).


1-кезең. индикаторлар - бұл педагогке баланың білім беру траекториясы бойынша алға жылжуын бағалау үшін қажетті категориялар. ҚДК-нің басты сипаттамасы жас серпіні болып табылады, сондықтан 2-3 жастағы баланың даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер 3-4 жастағы балалар үшін қайталанбайды, өйткені олар бұл көрсеткіштерді жас шекаралары шектерінде қолдану деңгейін меңгерулері тиіс. Егерде бұл орын алмаса, онда бұл бағыттағы жұмыс келесі жас кезеңінде жалғастырылады, жұмыстың жаңа тәсілдері мен әдістері іріктеліп алынады.

Педагогтар балалардың көрсеткіштер бойынша даму үдерісін көзбен шолу-мен жылына 3 рет: жылдың бас кезінде, ортасында және соңында (қыркүйек -бастапқы бақылау, қаңтар - аралық және мамыр - қорытынды бақылау) жүргізуі, нәтижелерін «Бақылаулар парақтарына» балл қойып, жазулары тиіс

Егер жылдың соңында бала көрсеткіштердің 80 %-ын қолданатын болса, онда оның құзіретін жеткілікті деп есептеуге болады.

Педагогтар «Бақылаулар парақтарындағы» көрсеткіштердің негізінде нәтижелерді әрбір бала бойынша жеке, балалардың бүкіл тобы бойын­ша өңдеулері және жинақ ведомостеріне (кестелерге) енгізулері тиіс



2-кезең. Алынған мәліметтердің негізінде «баланың жуырдағы даму аймақтары» есепке алына отырып, бала дамуының жеке картасы толтырылады. «Жуырдағы даму аймағы» ретінде бала дербес қолдана алатын, іс-әрекеттің меңгерілген тәсілі мен ол әзірше ересек адаммен ынтымақтастықта ғана орындай алатын тәсілдің арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Тәрбиеші педагогикалық үдеріс тиімділігінің біртұтас картинасын жасау мақсатымен топтағы барлық балалар үшін кестелер мен график-тер толтырады Әдіскер МДҰ-ның барлық топтары үшін мектепке дейінгі білім беру сапасының диагностикалық кестелерін және бүкіл МДҰ шеңберінде білім беру салалары бойынша мек­тепке дейінгі білім беру сапасының диагностикалық кестелерін толтырады.

3-кезең. «Карта» мен бақылау «Парағы» бала дамуының жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді, мұнда педагог бала үшін диагностиканың әрбір кезеңінен кейінгі педагогикалық үдерістің міндеттері мен мазмұнын белгілейді

Әдіскер мектепке дейінгі білім беру сапасының қорытынды кестесін толтырады, МДҰ сапа көрсеткіштері серпінінің графигі түпкілікті ресімделеді,диагностикалық жұмыстың қорытындылары шығарылады, құзіреттің төменгі деңгейін көрсеткен балалар дамуына түзетімдер енгізу жөнінде жұмыс жоспарланады.


Баланың жеке дамуының тіркелген көрсеткіштері құпия болып табылады және педагогтар оны ата-аналардың қаперіне қол қойғызу арқылы жеткізеді

Талдау жасаудың қорытындылары бойынша әрбір жас тобының табыстарын, әрбір білім беру саласы бойынша қатарлас жас топтарының нәтижелерін салыстыруға, жекелеген педагогтардың, сондай-ақ тұтастай алғанда бүкіл педагогикалық ұжым жұмысының сапасын қадағалауға болады.

Алынған мәліметтер балалардың жеке ерекшеліктерін және педагогтардың балалармен өзара әрекеттестігінің сипатын неғұрлым терең зерттеудің аттанар нүктесі болуы мүмкін. Бұдан бөлек, олар білім беру жұмысын оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін негіз қызметін атқаруы мүмкін.

Бала дамуы жеке траекториясының картасы жасалды. Бұдан кейін балаға психологиялық-педагогикалық демеу жасау қажет, бұл ретте оның жүйелі болғаны маңызды. Педагогтарға демеуге жүйелі кешенді және жіктеушілік сипат беруде Бала портфолиосы көмектеседі.

Баланы дамытудың үздіксіздігі барлық жас кезеңдерінде жүзеге асырылады. Портфолиода бала туралы балалар бақшасына келген сәттен бастап оны аяқтағанға дейінгі мәліметтер болады. Егер бала қандай да бір себеппен басқа топқа ауысса, онда портфолио тәрбиешілерге беріледі.

Демеудің кешенділігі МДҰ мамандарының: психологтың, логопедтің, дене шынықтыру нұсқаушысының, музыкалық жетекшінің және т. б. үйлестірілген жұмысынан көрінеді.

Демеудің жіктелушілігі проблемаларды тәрбиеленуші үшін барынша пайда-лы шешуді, әдістер мен тәсілдерді жеке іріктеп алуды көздейді.

Мектепке дейінгі балалардың жеке-психологиялық дамуының енгізілген индикаторлар жүйесі өзекті және тәрбиенің заманауи жағдайларында өмірлік қажеттілік, өйткені ол бул жүйедегі бірқатар ақиқат проблемаларды шешеді:

оны құзіретті дамуға бағдарлай отырып, баланың жалпы дамуындағы құрамдас буын ретінде мектепке дейінгі тәрбиенің мәнін бөліп көрсету мүмкіндігін береді;

МДҰ-ның әр түрлі үлгілерінде оқыту мен тәрбиелеуде көрсетілетін қызметтердің сапасын салыстыруға мүмкіндік береді;

психологиялық құралдар ретінде индикаторлар - объективті және сенімді, өйткені балалар дамуының орташа (жеткілікті) деңгейіне есептелген және мектепке дейінгі балалық шақтың өз ішіндегі дамудың мектепке дейінгі кезеңдерінің шекараларын айқын белгілейді;

индикаторларды пайдаланудың нәтижесінде алынған мәліметтер тәрбиелеу мақсаттарына түзетулер енгізеді, балалардың перспективалық мүмкіндіктеріне («жуырдағы даму аймағына») бағдарлана отырып, дамы-тушы ортаны өзгертеді, ерекше қажетсінулері бар балаларға (дарынды

және педагогикалық жағынан қараусыз қалған) арналған дамудың жеке бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді; - индикаторлар жүйесінің көмегімен баланың жеке дамуын, сондай-ақ МДҰ-да білім берудің сапасын басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы бірыңғай нормативтік базасын бағалауға теңдей тәсіл қамтамасыз етіледі.

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Балдаурен” б/б




Баяндама


Оқыған: Есмаганбетова Д.Е.
Гастелло ауылы.

2015ж.
жүктеу 76,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау