Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет46/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
азык тулык китап

 
(Hg°)
,
+1 (Hg
+
2
2
) тотығу 
деңгейі бойынша тотыққан, 
+2 (Hg
2+

тотығу деңгейі бойынша 
тотыққан жағдайда кездеседі. Тотығу деңгейі (+1, +2) əртүрлі сы-
нап қасиеті, ерітіндінің тотығу-тотықсыздану потенциалы жəне 
кешенді қосылыстардың қатысуы бойынша анықталады. Hg
2+
ионы 
биологиялық қосылыстармен, əсіресе, сульфгидрильді топтар 
арқылы тұрақты кешендер түзуі мүмкін. Сулы ерітіндіде хлордың 
төрт қосылысы түзіледі: HgCl
+
, HgCl
2
, Hg

3
жəне HgCl

2
4
.
Сынап қосылыстары биосфераның ең қауіпті ғаламдық ластау-
ыштарына жатады. Химия кəсіпорындары, қағаз жəне целлюлоза 
өндірісінің науаларында көп мөлшерде болады. Жыл сайын, тас 
көмірді жағу нəтижесінде планета атмосферасына 3 мың. тоннаға 
жуық сынап тасталады. Сынап қосылыстары өсімдіктің тұқымдарын 
дəрілеуге қолданатын пестицидтердің əрекет етуші негізі болып та-
былады.
Топырақта сынап қосылыстары көбінесе, уыттылығы азырақ 
күкіртті сынап түрінде болады немесе тұқымды дəрілеу өсімдік 
шаруашылығында фунгицидтер ретінде қолданылатын өте улы үшін 
сынапорганикалық қосылыстар түрінде топыраққа түсуі мүмкін. 
Тағам өнімдерінде сынап: атомдық сынап, тотыққан сынап Hg
+
2
2
жəне сынаптың алкилдеуші агенттермен қосылысы – алкилсынап 
сияқты үш түрде қатысуы мүмкін.
Сынап шаян тəрізділер қоректенетін планктонды ағзаларды (мы-
салы, балдырлар) жинақтайды. Шаян тəрізділерді балық, балықты 
құстар жейді. Тағам тізбегінің соңғы буынында жиірек шағала 


77
жəне суқарақұста болады. Сынап қосылыстарының таралу тізбегін: 
өнеркəсіптік қалдықтар, егістіктегі шайындылар 

суаттар → зо-
опланктон, шаян тəрізділер, моллюскалар, балықтар, теңіз жануар-
лары (балықтан, теңіз жануарларынан жасалған жемдік ұн) 

үй 
жануарлары → адам деп көрсетуге болады.
Токсикологиялық жағынан алғанда сынап көмірсу атомының ме-
тил, этил, пропил топтарына (қысқа тізбекті алкил қосылыстары) 
қосылғанда өте қауіпті болады. Сынапты метилдеу процесі су 
экожүйесінің тағам тізбегі бойынша сынап биокумуляциясында ба-
сты звено болып табылады. Егер негізгі тағам өнімдерінде сынап 
мөлшері өнімнің 1 килограмында 60 микрокилограмнан төмен болса, 
ластанбаған өзендер жəне су қоймаларындағы тұщы су балықтарында 
ол 100-200 мкг/кг, ал ластанған өзен балықтарында – 500-700 мкг/
кг құрайды. Теңіз балықтарында сынаптың орташа мөлшері – 150 
мкг/кг құрайды. Балықтың құрамындағы сынап мөлшерінің табиғи 
деңгейі ретінде 0,1-0,2 мг/кг шамасын қабылдайды. БДСҰ рұқсат 
етілген шекті концентрациясы ретінде 0,5 мг/кг мəнін ұсынды. Бұл 
мəн жоғарылатылған болуы мүмкін, сондықтан балықты тек апта-
сына 1-2-рет тұтыну ұсынылады, ал жүкті əйелдер тағамды мүлдем 
тұтынбауы тиіс.
Адам концентрациясы төмен метил сынабы (мысалы, 0,8 мг/кг) 
бар балықты артығымен тұтынса, оның шашында сынап жиналып, 
уланудың бірінші белгілері байқалады. Шаштағы сынап концентра-
циясы 10 мг/кг дейінгі мөлшер қауіпсіз болып саналады, құрамында 
сынабы жоқ су жəне балықты қолданған адам шашында осындай 
мөлшерде сынап болуы мүмкін. Адам шашында 300 мг/кг-ға жуық 
сынап мөлшері өмірге қауіпті болып саналады.
Сынаптың органикалық қосылыстары адам ағзасынан өте баяу 
шығатын жəне ыдырайтын күшті заттар. Метилсынап ағзадан жар-
тылай бүйрек арқылы, негізінен бауыр жəне өт, сонымен қатар 
нəжіспен шығады. Сынап қосылыстарының ағзадан (олардың 
биологиялық ыдырауының жарты кезеңі) шығу ұзақтылығы 70 
күнге жуық уақытты құрайды. Сынаптың токсикалық қауіптілігі 
белоктың SH-топтарымен əрекеттескенде білінеді. Оларды қоршай 
отырып, сынап тін белоктарының биологиялық қасиеттерін 
өзгертіп, бірқатар гидролитикалық жəне тотығу ферменттерін инак-
тивациялайды. Сынап жасушаға еніп, ДНҚ құрылымына кіріп кетуі 
мүмкін, бұл адамның тұқымқуалаушылық қабілетіне əсер етеді. 
Ми метилсынапқа ерекше туыстық білдіріп, басқа органдармен 


78
салыстырғанда алты есе көп сынап жинақтауға қабілеті бар. Ми 
жасушасындағы сынаптың 95 %-дан астамы органикалық түрде 
болады. Басқа тіндерде органикалық қосылыстар диметилденіп, 
бейорганикалық сынапқа айналады. Эмбриондарда сынап ана 
ағзасындағыдай жинақталады, бірақ сынап мөлшері ұрық миында 
жоғары болуы мүмкін.
Жануарды балықпен, балық ұнымен, сонымен қатар сынап пре-
параттарымен өңделген дəнді жем ретінде қолданғаннан кейін жа-
нуар өнімдерінде сынаптың өте жоғары мөлшері байқалуы мүмкін. 
Жануарларды сынапорганикалық пестицидтермен өңделген дəнмен 
қоректендіргенде сынап сүтпен ұзақ бөлінуі, сонымен қатар тағамға 
қолданылатын жануар органдары жəне тіндерінде көп мөлшерде 
жинақталуы мүмкін.
Сынап қосылыстарының бір аптадағы рұқсат етілетін тұтыну 
мөлшері адамда 0,3 мг-нан, метилсынап 0,2 мг-нан аспауы тиіс.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау