ГОРМОНАЛЬДЫ
ПРЕПАРАТТАР
РАДИОНУКЛИДТЕР
КЛОСТРИДИЯЛАР,
ПАТОГЕНДІ МИКРОАҒЗАЛАР (СОНЫҢ
ІШІНДЕ САЛЬМОНЕЛЛАЛАР),
АШЫТҚЫЛАР, ЗЕҢДЕР
ВИРУСТАР
ГЕЛЬМИНТТЕР ЖƏНЕ
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР
ШЫБЫН-ШІРКЕЙ, ҚҰРТ-ҚҰМЫРСҚА-
ЗИЯНДЫ ЖƏНДІКТЕР
3.1. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау əдіснамасы
жəне гигиеналық нормалау қағидалары
Тағам қауіпсіздігі ғылымында рұқсат етілетін шекті концентра-
ция (РЕШК), рұқсат етілетін шекті деңгей (ШРЕД), рұқсат етілетін
тəуліктік тұтыну мөлшері (РЕТТМ) (бір тəулікте рұқсат етілетін
ішіп жеу мөлшері), рұқсат етілетін тəуліктік доза (РЕТД) ұғымдары
базисті регламент болып табылады.
Рұқсат етілетін шекті концентрация (РЕШК)
– қазіргі жəне
болашақ ұрпақтың бүкіл өмір ағымына тікелей немесе жана-
ма түрде қолайсыз əсер тигізбейтін, адамның жұмысқа қабілетін
төмендетпейтін, оның көңіл-күйін жəне өмірінің санитарлық-
тұрмыстық жағдайын нашарлатпайтын химиялық, биологиялық зат-
тар концентрациясы.
Рұқсат етілетін шекті деңгей (РЕШД)
– күнделікті өмірде
халықтың денсаулығына ауру немесе ауытқулар тудырмауы тиіс, за-
манауи зерттеу əдістерімен анықталатын зиянды заттардың немесе
əсер ететін физикалық факторлардың максималды мөлшері.
Рұқсат етілетін тəуліктік доза (РЕТД)
– қазіргі жəне болашақ
ұрпақтың өміріне жəне денсаулығына зиянды əсері жоқ, бүкіл
өмір бойы күнделікті пероральды түсетін ластағыштардың зи-
янсыз максималды дозасы (1 кг массаға милиграммен). РЕТД-
ны адам салмағына көбейтіп (60 кг) милиграммен, тəуліктік
тағам рационының құрамындағы рұқсат етілетін тəуліктік
тұтыну мөлшерін (РЕТТМ) анықтайды. РЕТД, РЕШК жəне
73
тəуліктік рациондағы тағам өнімдерінің орташа жинағын біле
отырып, өнімдерде болатын ксенобиотиктердің РЕШК-сын
есептейді.
9-суретте
тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау технологи-
ясын анықтайтын жұмыстардың негізгі бағыттары көрсетілген.
Тағам өнімдерінде біруақытта бірнеше ластағыштардың болуы жал-
пы уландыру эффектісіне əсер етуі мүмкін. Теориялық түрде улы
əсердің төрт нұсқасы болуы мүмкін:
1) эффекттерді жинақтау;
2) уытты эффектісі жинақтаудан асып түскен жағдайдағы асыра
жинақтау немесе потенцирлеу (потенцирование);
3) жинақтау барысына қарағанда, эффект аз болатын нигиляция;
4) уытты əсер мінездемесінің өзгеруі.
Көп жағдайда, əсіресе, ластағыштар аз дозамен əсер еткенде уытты
эффекттің жинақталуы байқалатынын Ресей ғалымдары анықтаған.
Бұл екі немесе одан да көп факторлардың аддитивті эффектісін есеп-
теуге мүмкіндік береді, яғни факторлардың əрқайсысын шектелген
рұқсат етілетін концентрацияның үлесі ретінде көрсетеді.
Мысалы, егер ауада фтор концентрациясы 0,001 мг/м
3
(РЕШК-
0,005), бензол-0,16 мг/м
3
(РЕШК-0,8) құраса, олардың қосындысының
концентрациясы 1 РЕШК-дан (фтор-1/5 РЕШК, бензол-1/5 РЕШК)
төмен, яғни осы химиялық заттардың жиынтық əсері мұндай кон-
центрацияда қауіпсіз.
|