Баспасөз хабарламасы қазақстан түрмелерінде қамаудағылардың радикалдануы және зорлықшыл экстремизммен күрес мәселелері



жүктеу 258,56 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2020
өлшемі258,56 Kb.
#26277


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 

ҚАЗАҚСТАН ТҮРМЕЛЕРІНДЕ ҚАМАУДАҒЫЛАРДЫҢ РАДИКАЛДАНУЫ 

ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚШЫЛ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ФОРУМ 

 

БҮГІН

 30 мамыр күні Астанада Қазақстан түрмелерінде қамаудағылардың радикалдануы 

және  зорлықшыл  экстремизммен  күрес  мәселелері  жөніндегі  ұлттық  форум  өтіп  жатыр. 

Халықаралық  түрме  реформасы  осы  Форумды  бейінді  мемлекеттік  органдармен  бірге 

ұйымдастыра  отырып,  түрме  қызметкерлерінің  зорлықшыл  экстремизмнің  алдын  алу  және 

түрмелерді дағдарысты жағдайларда басқару әлеуетін нығайтуды мақсат тұтады. 

Форум шеңберінде  Penal  Reform  International  жүргізген, мекемелердегі  шынайы жағдайды 

және  мекемелердің  ішінде  де,  сыртында  да  теріс  ықпалдың  таралып  кетуінен  туындауы  мүмкін 

салдарды  көрсететін  толық  ауқымды  зерттеуінің  нәтижелері  көрсетілетін  болады.  Әлемдік 

ауқымда  аталмыш  мәселе  ғасыр  мәселесі,  біздің  заманымыздың  мәселесі  ретінде  мойындалған. 

Диалог  алаңы  сотталғандандың  радикалдануымен  күресудің  және  зорлықшыл  экстремизмнің 

алдын алудың әдіс-тәсілдеріне қатысты мәселелері сындарлы талқылауға арналған. 

«Соңғы  жылдары  қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекемелерінде  радикалды  исламның 

таралуы  айтарлықтай  өзекті  мәселеге  айналды,  себебі,  дәл  осындай  бас  бостандығынан  айыру 

орындарында  діни  экстремизм  және  лаңкестік  үшін  сотталған  тұлғалар  шоғырланған.  Айта  кету 

қажет, бас бостандығынан айыру орындары зорлықшыл экстремизмнің жолын ұстанушылар үшін 

жаңа  мүшелер  жинауға  қолайлы  орта  болып  табылады,  осыған  байланысты  түзеу  мекемелерінің 

және ҚАЖ органдарының қызметкерлеріне осы салада жеткілікті кәсіби білімге және дағдыларға 

ие болу қажет», - деді Аймақтық PRI директоры Азамат Шамбилов. Бүгінгі таңда елде экстремизм 

және  лаңкестік  үшін  400-ден  астам  адам  сотталған.  2012  жылдан  2016  жылға  дейін  әскери 

қимылдарға  қатысу  үшін  шетелге  кеткендер  саны  5  есе  өскен.  2017  жылдың  мамырындағы 

мәліметтер  бойынша  қамаудағылардың  жалпы  санынан  діндарлар  саны  3500  адамды  құрайды, 

олардың 763 – салафизмге ерушілер, ал 90-нан астам адам радикалды ұстанымдарынан айнымай 

отыр.  Үкіметтің  пікірінше,  лаңкестік  тудыратын  деңгейге  дейін  радикалдану  және  лаңкестер 

қатарына  қосылу  қаупі  алдында  елдің  оңтүстік  және  батыс  өңірлері  аса  ұрымтал  болып  келеді. 

Шетелдік  лаңкес  жауынгерлердің  қатарын  толықтыратын  негізгі  мақсатты  топ  –  14-29  жас 

аралығындағы  жастар.  Экстремизммен  және  лаңкестікпен  байланысты  қылмыстық  құқық 

бұзушылықтардың жалпы саны: 2014 жыл – 154, 2015 жыл – 317, 2016 жыл – 554.  Соның ішінде, 

дәл  осы  кезең  ішінде  экстремизммен  байланысты  қылмыстар  -  130,  193,  327  және  лаңкестікпен 

байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар - 24, 124, 227. 

Диалогқа  Ұлыбританиядан  және  Иорданиядан  келген  халықаралық  сарапшылар,  түзеу 

мекемелерінің  қызметкерлері,  азаматтық  қоғамның,  мемлекеттік  органдардың,  ғылыми 

қауымдастықтың,  сонымен  қатар,  халықаралық  ұйымдардың  өкілдері  қатысады.  Зерттеуді 

әзірлеушілер мен сарапшылар маңызды көрсеткіштер және сапалық сипаттамалар келтіреді. 

«ҚР  ІІМ,  ҚР  ІІМ  Қылмыстық-атқару  жүйесі  департаментіне  халықаралық  және  ұлттық 

бейүкіметтік ұйымдармен, ҚР қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, арнаулы мемлекеттік 

және  құқық  қорғау  органдарымен  бірлесе  отырып,  сотталғандар  арасындағы  соғысқұмар 

экстремистермен жұмыс жасау бойынша сәйкес заңға қосымша нұсқаулықтар, ережелер, талаптар 

жасап  шығарып,  оларды  қылмыстық-атқару  жүйесінің  жұмысына  енгізуге  кеңес  беріледі»,  -  деп 

атап өтті сарапшы, з. ғ. д., профессор М.Ч.Қоғамов.  

Форум  аяқталған  соң,  зорлықшыл  экстремизм  ықпалының  таралуына  жол  бермеу 

және/немесе оның алдын алу және радикалсыздандыру бойынша бірқатар сарамандық ұсынымдар 

әзірленеді. Форум жұмысын түрме қызметкерлерінің осы құбылыспен күрестегі әлеуетін күшейту 

мәселелеріне қатысты екі күндік кездесулер және жұмыс топтары жалғастырады.  

 

Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы Аймақтық PRI Өкілдігіне  

келесі байланыс мәліметтері арқылы хабарласыңыздар: +7-7172-79-88-84 

немесе 

aissayeva@penalreform.org 

и 

pricentralasia@penalreform.org

 

 

 

 

 

 



 

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ: «БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚШЫЛ ЭКСТРЕМИЗМ» 

PRI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫНЫҢ ШОЛУЫ  

 

✓ 

Балалар  лаңкестік  әрекеттерге  қатысатынын  және  заңға  қайшы  әрекет  жасаған  балаларға  қатысты 



қолданылатын  барлық  шаралар  халықаралық  стандарттарға  сай  болуы  тиіс  екенін  ашық  мойындау  үшін 

лаңкестікпен  күрес  бойынша  халықаралық  стандарттарға  және  ұсынымдарға  құлақ  асатын  уақыт  келді.  Балалар 

толығымен  түсінікті  немесе  немесе  зерттелмеген кең ауқымды факторлар  кесірінен  радикалдану алдында осалдық 

танытады.  Аталмыш  факторларға  келесілер  кіруі  мүмкін:  маргиналдану;  білім  және  денсаулық  сақтау  сынды 

қызметтерге  қол  жеткізе  алмау;  кедейшілік;  қаржылай  ынталандыру;  тұрақсыз  мемлекеттерде  тұрғындарды 

мәжбүрлі  көшіру  және  қоныс  аударту;  идеология  ықпалына  түсу;  және  өзін-өзі  айқындауға  талпыну.  Радикалдану 

аясында заңға қайшы әрекет жасайтын балалар санын азайтудың ең тиімді тәсілі – алдын алу шаралары. БҰҰ Бала 

құқықтары  жөніндегі  комитетінің  №10  жалпы  тәртіптегі  ескертуінде  мемлекеттер  балалардың  қылмыс  жасауына 

қатысты мәселені шешуде алдын алу шараларына «кәмелетке толмағандарға арналған әділ сот жүйесінде кәмелетке 

толмағандардың  құқық  бұзушылық  жасауын  болдырмауға  бағытталған  шаралардың  толық  кешені  болмаса,  орны 

толмас кемшіліктерге  бой алдырады»  деген ұстаныммен қарауы  қажет екеніне  назар аударылады. Бұл қылмыстың 

алдын алу балалар үшін де, олардың отбасылары, қауымдастықтары және жалпы қоғам үшін де әлдеқайда жақсырақ 

екенімен түсіндіріледі. 

 

✓ 



Жаһандық деңгейде қылмыстар жасайтын немесе қылмыс жасады деген күдікке ілінетін балалармен жұмыс 

жасау  әдістемелері  сан-алуан  түрлі,  яғни,  құқықтық  саладағы,  мемлекетішілік  және  халықаралық  саяси 

бағдарламалардағы  айырмашылықтар  тым  көп  және  балалық  ұғымын  мүлдем  әркелкі  түсіндіру  және  түсіну  белең 

алған  деген  сөз.  Бірдей  екі  жүйе  жоқ,  бірақ,  бүкіл  әлемдегі  балаларға  арналған  қылмыстық  әділ  сот  жүйелері 

қоғамның  кімді  «жақсы»  немесе  «жаман»  бала  деп  қабылдайтынын  көрсететін,  дәлдігі  таңқаларлық  айна  сияқты. 

Көп жағдайда заңға қайшы әрекет жасаған балалар қоғамның ең кедей және әбден азып-тозған топтарынан шығады, 

әрі жоқшылық, теңсіздік және балалар қылмысы арасында өзара байланыс тым күшті. 

 

✓ 



Бірнеше мемлекет жақында радикалдануға шалдыққан немесе шалдығуы мүмкін балалар тарапынан төнетін 

қауіпке  жауап  ретінде  заңдарына  түзетулер  енгізді  немесе  енгізуді  жоспарлады.  2016  жылы  Ресей  лаңкестікпен 

байланысты  бірқатар қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке  тарту жасын 14 жасқа  дейін  төмендетті, оның 

себебін лаңкестік топтар балаларды өз қатарына оңай қосып ала алады, ал 14 жаста балалар өз әрекеттерін түсуніге 

қабілетті деген желеумен түсіндірді. Қырғызстанда да жаңа заң жобасы дайындалып жатыр, оған сәйкес лаңкестік 

және  діни  экстремизм  үшін  14  жастан  бастап  жазаға  тарту  көзделген.  2016  жылдың  қарашасында  Австралия 

қадағалау  ұйғарымдары  лаңкестік  әрекеттерге  барды  деген  күдіктілерге  16  жастан  емес,  14  жастан  бастап-ақ 

қолданылады деп шешті. 

 

✓ 

Кейбір елдерде арнаулы  лаңкестікпен  күрес соттары  құрылған, олардың жұмысы  халықаралық тәуелсіздік 



және бейтараптық стандарттарына сай келе бермейді; басқалары әскери соттарға лаңкестерді қудалау өкілеттіктерін 

беріп  қойған.  Бұл  балалардың  істерін  олардың  құқықтары  турасында  тиісті  білімге  ие  білікті  қызметкерлермен 

жасақталған мамандандырылған соттарда қараудың орнына ересектерге арналған соттарда, әскери соттарда немесе 

арнайы құрылған лаңкестікпен күрес жөніндегі соттарда қаралу мүмкін екенін білдіреді. Мысалы, Пәкістанда 2014 

жылдың  желтоқсанында  Пешавардағы  әскери  мектепте  140-қа  жуық  оқушыны  жаппай  қыру  оқиғасынан  кейін, 

әскери  соттарға  лаңкестікке  байланысты  істермен  айналысу  өкілеттіктері  берілді.  Халықаралық  заңгерлер 

комиссиясы 2015 жылдың ішінде әскери соттар көпшілікке жария етілмеген, құпия сот отырыстарында кем дегенде 

40 адамды жазаға тартқан, олардың ішінде балалар да болуы мүмкін деп мәлімдеді. 

 

✓ 

Мысырда 12 жастан асқан балалар арнайы балалар істері жөніндегі бөлек сот алдында жауап береді. Бірақ, 



Балалар туралы заңда (2008) балалар 15 жастан асқан болса, оларды ересек сыбайластарымен бірге соттау «қажет» 

болғанда  Қылмыстық  сотта  немесе  Мемлекеттік  қауіпсіздік  жөніндегі  Жоғарғы  сотта  жауапкершілікке  тартуға 

болады  делінген.  Соңғы  жылдары  осы  ереже  негізінде  саяси  ереуілдер  кезінде  қамауға  алынған  жүздеген  бала 

ересектерге арналған соттарда қудаланды, мұндай соттарда олардың қорғаушы алу және әлеуметтік қамсыздандыру 

қызметтерін пайдалану сынды кепілдіктері сақталуы екіталай. Оған қоса, 2011 жылғы көтерілістен кейін іле-шала, 

сондай-ақ,  жақында  ғана,  2014  жылы  әскери  соттардың  өкілеттіктерін  кеңейту  туралы  жарлық  шыққалы  бері 

балаларды әскери соттарда жауапкершілікке тарту жалғасып келеді. 

 

✓ 



Австралияда лаңкестік туралы істер қылмыс жөніндегі мемлекеттік комиссиялармен қаралады. 2016 жылы 

Жаңа  Оңтүстік  Уэльстің  Жоғарғы  соты  16  жасар  баланы  оның  ағасын  соттау  кезінде  осы  сот  алдында  куәлік  ету 

үшін шақыруға болады деген қаулы қабылдады. Бірақ, Жоғарғы сот түсіндіріп өтті, аталмыш орган әдеттегі құқық 

нормаларынан,  сонымен  қатар,  БҰҰ  Бала  құқықтары  туралы  конвенциясының  талаптарынан  босатылмаған,  әрі 

балаларды  куәлік  етуге  мәжбүрлеу  туралы  шешім  қабылдау  кезінде  баланың  ең  игі  мүдделерінің  сақталуын 

қамтамасыз ету қағидасын ескеруі тиіс. 

 

✓ 

Ересектерден  бөлек  ұстау.  Көптеген  мемлекеттердің  заң  құзыретінде  балалар  бұрынғыдай  қамауда 



ересектермен  бірге  отырады,  бұл  көптеген  қауіп-қатерлерге,  соның  ішінде,  радикалдану  қаупіне  жол  ашады. 

Ересектерден бөлек ұстау адам құқықтарының ең маңызды стандарты болып табылады  және  балалардың туылуын 

тиісінше тіркеуге және құжаттауға негізделеді. 

 



Толығырақ келесі басылынан табуға болады: 

https://cdn.penalreform.org/wp-

content/uploads/2017/03/PRI_Children_and_violentextremism_Briefing.pdf

 

 

жүктеу 258,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау