3.6-сурет.
Жүктер тасымалдарын жоспарлау жүйесінің
қызмет ету сұлбасы
Жүктер тасымалын жоспарлаудың қолданыстағы техноло-
гиясына сəйкес жүктердің айлық жоспары келесілер негізінде
қалыптасады: жүктер тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт,
жүк жіберушілердің жүк тасымалына өтінімдері, статистикалық
деректер мен маркетингтік зерттеулер нəтижелерін ескере оты-
рып, жүк тасымалының болжанып отырған көлемдері, сонымен
қатар, жүктер тасымалына ерекше тапсырмалар.
ЖТЖ АЖО аталмыш қызметті ақпараттық қолдау агенттің
АЖО-мен (оның деректер базасынан ЖТЖ АЖО-на жүк жібе-
рушілердің өтінімдері туралы деректер келіп түседі) жəне жө-
нелту моделімен жүзеге асырылады (ГО-10, ПО-29 деректері)
(3.7 сурет).
Агенттің АЖО клиенттердің өтініш берудегі барлық тасы-
мал талаптары туралы деректер банкін құрастыру жəне бар лық
137
қажетті келісімдерді жедел өткізу үшін пайдаланылады (шарт,
өтінім, тасымал талаптары жəне т.б.). Ол келесі қызметтерді
атқарады: тасымалға ұзақ мерзімді шарттарды рəсімдеу; оларды
деректер базасында сақтау; шарттарды агенттік, жол мен орталық
басшыларының келісуі; жүк тасымалына өтінімдерді рəсімдеу
жəне келісу; ФКҚАКЖ мен агенттікке тасымалдың төленген-
дігін растайтын жеделхаттар рəсімдеу жəне жіберу, сонымен
қатар, бірқатар басқа да қызметтерді орындау.
Аталмыш өтінімдерді агенттің АЖО ДБ-нан ЖТЖ АЖО ДБ-
на жіберу келесі критерийлер бойынша шынайы уақыт режимінде
(жаңарту немесе жою оқиғасы бойынша) орындалады:
- өтінім келісілген;
- тасымалдың басталған күні жоспарлы айдың алғашқы жəне
соңғы күні арасындағы диапазонда орналасқан;
- тасымалдың аяқталған күні жоспарлы айдың алғашқы жəне
соңғы күні арасындағы диапазонында орналасқан;
3.7-сурет.
ЖТЖ АЖО-ғы ақпараттық ағындар
10–1549
138
- экспорт жүктерінің тасымалына өтінімдер агенттің АЖО-на
енгізіліп, ағымдағы айдың соңына дейін 16 күн бұрын келісілуі
тиіс;
- өтініштер тіке жəне жергілікті қатынастарда агенттің АЖО-
на енгізіліп, ағымдағы айдың соңына дейін 12 күн бұрын келісілуі
тиіс.
ЖТЖ АЖО – да жоспарлау қызметтерін жүзеге асыру келесі-
лерге мүмкіндік береді:
а) жол деңгейінде, бөлімшелер, бекеттер, тірек бекеттер дең-
гейлерінде жүктерді жалпы темір жолмен жəне бөлімшемен та-
сымалдау жоспарының жобасын құрастыруға:
- жүктердің тоннамен жəне вагондармен берілген номенкла-
турасы бойынша тəулігіне орташа есеппен, тағайындалған темір
жолдар мен вагондар түрлері бойынша (жабық, платформалар,
жартылай вагондар, астық тасығыштар, цементті тасымалдау
үшін бөлінген цемент тасығыштар, рефрижаторлық жəне басқа
да жылжымалы құрамдар),
- цистерналардағы құйылған жүктердің тағайындалған темір
жолдары бойынша (жеке – мұнай мен мұнай өнімдері, ақшыл
мұнай өнімдері, спирт, химикаттар, патока, сұйық май, аммиак
суы жəне басқа да құймалар),
- тас көмір, орман жүктері, дəндер, темір жəне марганец руда-
лары, қара металл, құрылыс жүктері, химиялық жəне минералдық
тыңайтқыштардың тағайындалған темір жолдары бойынша;
б) ФКҚЖ-ға жоспарланып отырған айға темір жол бойынша
жүктер тасымалы жоспарының жобасын ұсыну;
в) бекітілген ФКҚЖ мен орындауға қабылданған бөлімше-
лер, бекеттер, тірек бекеттер деңгейлері бойынша темір жолмен
жүктерді тасымалдау жоспарын үлестіру.
Автоматтандырылған есептеу нəтижесінде жоспар жобасы
немесе бекітілген жоспардың шығыс форматы алынады.
ЖТЖ АЖО-да аталмыш қызметті жүзеге асыру келесі жолмен
топталған есептер алуға мүмкіндік береді:
- жүк жіберушілердің өтінімдері негізінде;
139
- жоспар жобасы жəне жол жоспары бойынша;
- жоспар жобасы жəне бөлімшелер жоспары бойынша;
- жоспар жобасы жəне бекеттер жоспары бойынша;
- жоспар жобасы жəне тірек бекеттер жоспары бойынша.
ЖТЖ АЖО анықтамалар мен басқа да деректер алу мүмкіндігін
ұсынады, атап айтсақ:
- вагондардың тиелгендігі туралы анықтама (бөлімшелер бой-
ынша бөлу арқылы жүктер топтары бойынша вагондардың бос
еместігі туралы мəліметтер бар);
- жүктерді экспортқа тиеу туралы анықтама (жүктің нақты
түрлері немесе жүктердің барлық түрлері бойынша абсолютті
шамалардағы жүк жіберушілер өтінімдерінің деректері бар);
- жылжымалы құрам түрлері мен тағайындалу жолдары бой-
ынша тиеу туралы анықтама (екі түрі болуы ықтимал: жылжы-
малы құрам немесе тағайындалған жолдар түрін ескере отырып,
жүк түрі бойынша тиеу туралы);
- бөлімшелер мен бекеттер бойынша тапсырма (жеке жедел-
хаттар түрінде құрастырылады);
- жүктерді тиеу жоспарының жобасы (екі анықтама түрінде
құрастырылады: бөлімшелер бойынша жəне жүктер топтары
бойынша);
- бекеттерді жүктер топтары бойынша тиеу туралы анықтама;
- жылжымалы құрам түрлері бойынша тиеу (екі анықтама
түрінде құрастырылады: тағайындалған жолдар бойынша жəне
жүктер топтары бойынша);
- жүктерді бекеттер мен клиенттер бойынша тиеу жоспа-
ры (жүктер түрлері бойынша жүк жіберушілер өтінімдерінің
деректері бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен
құрастырылады);
- тағайындалған бөлімшелер мен жолдар бойынша тиеу (жүк
жіберушілер өтінімдерінің деректері бойынша, сонымен қатар,
жоспар жобасы немесе жол жоспары бойынша бөлімшелерге
бөле отырып, абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен құ-
рас тырылады);
140
- вагондарды бөлімшелер бойынша тиеу туралы анықтама
(жүк жіберушілер өтінімдерінің деректері бойынша, сонымен
қатар, жоспар жобасы немесе жол жоспары бойынша абсолютті
жəне орташа тəуліктік шамалармен құрастырылады);
- вагондарды тағайындалған жолдар бойынша тиеу туралы
анықтама (екі анықтама түрінде құрастырылады: бөлімшелер
бойынша жəне жылжымалы құрам түрлері бойынша);
- құйылмалы жүктер бойынша анықтама (жүк жіберушілер
өтінімдерінің деректері, сонымен қатар, жоспар жобасы немесе
жол жоспары бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шама-
лармен құрастырылады);
- жылжылы құрам түрлері бойынша тиеу (жүк жіберушілер
өтінімдерінің деректері негізінде жəне жол жоспарының жо-
басы бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен
құрастырылады);
- талап етілетін жылжымалы құрам саны туралы анықтама
(жол жоспары жобасының жəне орталық жоспарының деректері
бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік шамалармен құрас-
тыры лады );
- бөлімшелер мен тағайындалған жолдар бойынша мұнай
өнімдерін тиеу жоспары (жол жоспары жобасының жəне орталық
жоспарының деректері бойынша абсолютті жəне орташа тəуліктік
шамалармен құрастырылады).
Жедел жоспарлау қызметтерін жүзеге асыру жүк жіберуші-
лер өтінімдері бойынша өтінімдер туралы келесі есептерді құ-
растыруға мүмкіндік береді:
- жолдар бойынша (мəліметтер бар – вагондар салмағы мен
саны – бір айға тағайындалған жолдар бойынша онкүндікке бөлу
арқылы);
- жүктер бойынша (мəліметтер бар – вагондар салмағы
мен саны – бір айға жүктер түрлері бойынша онкүндікке бөлу
арқылы);
- орташа есеппен тəуліктегі жүктер бойынша (онкүндіктер
бойынша бөлу арқылы бір айға жүктер түрлері бойынша орташа
тəуліктік деректер бар);
141
- вагондар бойынша (мəліметтер бар – вагондар салмағы мен
саны – вагондар түрлері бойынша бір айға онкүндіктер бойынша
бөлу арқылы);
- вагондар бойынша тəулігіне орташа есеппен (вагондар түрелі
бойынша онкүндіктерге бөлу арқылы орташа тəуліктік деректер
бар).
Сонымен қатар, ЖТЖ АЖО келесілерді құрастырады:
- тағайындалған жолдар бойынша, жүктер түрлері, вагон-
дар түрлері бойынша, қатынас түрлері бойынша, жылжымалы
құрамның меншіктілігі бойынша кез-келген ай, айдың онкүндігі
немесе айдың күні үшін барлық өтінімдер бойынша есептер;
- тиеу жоспарын орындау туралы жедел анықтама, оның
ішінде, бекеттер, жүк жіберушілер жəне жүктер топтары бойын-
ша вагондар мен тонналармен абсолютті жəне орташа тəуліктік
мəндердегі бір айға арналған жоспар; үдемелі қорытындысы
бар бір ай ішінде берілген жүк жіберушілердің жоспардан тыс
өтінімдері туралы;
- үдемелі қорытындысы бар жүк жіберушілер өтінімдері (та-
ғайындалу жолдары мен жылжымалы құрам түрлері, цистер-
налардағы құймалы жүктердің тағайындалған жолдары, бе-
кеттер, төлеушілер мен жүктер топтары бойынша), жергілікті
қа тынастағы жүк жіберушілердің өтінімдері туралы анықтама.
Достарыңызбен бөлісу: |